Get Mystery Box with random crypto!

Әлеуметтік желіде рамазанға ұлан-асыр дайындалып жатқандарды к | Абылай Кенжалы

Әлеуметтік желіде рамазанға ұлан-асыр дайындалып жатқандарды көріп: “Менің ешқандай дайындығым жоқ екен”– деп, қынжылып қалма.

Қарапайым айларда күніне 100 салауат айтып жүрсең, рамазанда күніне 200 айт. Бұрын 100 истиғфар айтып жүрсең, рамазанда 150-200 айт.

Бұрын мүлде айтпайтын болсаң, осы рамазанда күніне 50-100 айтып бастауға болады.

Басқа айларда мүлде кітап бетін ашпайтын болсаң, осы берекелі айда күніге 2-3 бет оқып дағдылансаң болады.

Рамазан басқалармен жарысу үшін емес, рамазан – өзіңнің рухани деңгейіңді бір саты көтеру үшін.

#архив