Get Mystery Box with random crypto!

Абылай Кенжалы

Арна мекенжайы: @abylaikenzhaly
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 37.84K
Арнадан сипаттама

Талқы, ойлар, шолу, аударма

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 13

2024-04-11 05:34:36 سبحان الله وبحمده

Таңғы уақыттағы ең абзал амал туралы көп іздестірдім.

Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша таңғы уақыттың ең абзал амалы:

«Субханаллаһи уә бихамдиһи» (Барлық кемшіліктен пәк – Алла. Оған барлық мақтау-мадақтау болсын) зікірін 100 мәрте айту.

Бұл зікірдің абзалдығы жайлы көптеген хадистер бар.

Кімде-кім осы зікірді 100 мәрте айтса, оның күнәлары теңіздің көбігіндей болса да кешіріледі. Басқа хадистерде кім осы зікірді тіпті бір мәрте айтса, оған жәннатта құрма ағашы отырғызылады делінді. Ал сахих Муслимде жеткен хадисте тіпті мүмін қиямет күні бұл зікірден артық мақтаулы амалды алып келе алмайтындығы айтылған.

Таңертең және кешке 100 мәртеден айтқан абзал.
13.5K views02:34
Ашу / Түсініктеме
2024-04-10 08:19:41 – Сіздерге Алла разы болсын! Ұстаздарға не сыйлауға болады өзі?

– Көп рахмет, ұстаздардың айтқан сөздеріне амал етіп, жақсы адам болып жүрсеңіз соның өзі де ұстаздар үшін үлкен сыйлық. (және бір-бір rolex)))
12.9K views05:19
Ашу / Түсініктеме
2024-04-10 04:53:38 Айт күні жасалуы қажет тағы бір маңызды амал – ренжіскен бауырлардың бірін-бірі кешіруі.
12.7K views01:53
Ашу / Түсініктеме
2024-04-10 02:23:07 “Бәрін қоя тұр. Бүгін айт емес пе, демал!” деген іштен дауыстар шығып жатса, бұны нәпсі яки шайтан емес сыбырлап айтып жатқан)

Бүгін демалуға хақың бар)

#демал
12.8K viewsedited  23:23
Ашу / Түсініктеме
2024-04-10 02:10:20 Айтпақшы, осынау айтта жақындарыңызға сыйлық сыйлауды да ұмытып кетпеңіз)
12.6K views23:10
Ашу / Түсініктеме
2024-04-10 01:58:56 Айт күні жасалуы керек ізгі амалдар:

• Ғұсыл алу
• “тәкбир” айтып жүру (Аллаһу әкбәр)
• Ең жақсы киіммен әтірленіп мешітке бару
• Айт намазына бармастан алдын 1-3-5 (тақ) құрма жеп, көңілді жүру.
13.0K viewsedited  22:58
Ашу / Түсініктеме
2024-04-09 17:17:48 Айт құтты болсын

Осыбір айт қиындыққа ұшыраған бауырларымызға құт-берекесін әкелсін

Алла Тағала келесі рамазанға аман-есен жетуімізді нәсіп еткей!
12.6K views14:17
Ашу / Түсініктеме
2024-04-09 14:03:01 Айт сөзі арабша – العيد “әл-ғиид”.

Ол – араб тіліндегі عاد "ғәәдә”етістігінен түрлене отыра, “қайту, оралу” деген мағынаны білдіреді.

Ибн әл-Әсир өзінің “ән-Ниһәя” мына бір сөзді келтірді:

«Айттың айт болып аталу себебі – ол әр жыл сайын қайта оралып, өзімен бірге қуаныш пен шаттық алып келеді»,- дейді.

Айттарыңыз мүбәрәк болсын
12.8K views11:03
Ашу / Түсініктеме
2024-04-08 23:33:16 «Рамазанды өте жақсы өткізген бауырым, ендігі шәууәл айында бұл хәліңді өзгертіп алма».

Ибн Рәжәб әл-Ханбали
[Тәбсира ]
13.2K views20:33
Ашу / Түсініктеме
2024-04-08 21:32:33 Әрине, рамазан айын қимастықпен шығарып саламыз. Бірақ сонда да айт күнін қуанышпен қарсы алуымыз міндет.

Ізгілеріміз айтпақшы:

«Айт күні көңілсіз жүру – мүмінге күнә ретінде жеткілікті».
13.7K views18:32
Ашу / Түсініктеме