Get Mystery Box with random crypto!

Абылай Кенжалы

Арна мекенжайы: @abylaikenzhaly
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 37.84K
Арнадан сипаттама

Талқы, ойлар, шолу, аударма

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 14

2024-04-08 16:06:09 Имам әс-Суютидің (рахимаһулла) хадис жинағында Пайғамбарымыздың ‎ﷺ былай дегені риуаят етіледі:

«Қадір түнін рамазанның соңғы түнінен іздеңдер».

Бүгін рамазанның соңғы түні
13.9K views13:06
Ашу / Түсініктеме
2024-04-07 18:12:19 Бүгін Рамазанның соңғы тақ түні. Бәлкім бүгінгі түн – қадір түні. Дұға қыл.
12.7K views15:12
Ашу / Түсініктеме
2024-04-07 04:01:47 Өзіңді әрдайым басқалармен салыстырудың қатері көп.

Өзіңді басқамен салыстырып, өзіңді жоғары санасаң – тәкәппарлық.

Өзіңді төмен санасаң – Алланың саған берген нығметтеріне күпірлік болып кетуі ықтимал.

Өзіңді ешкіммен салыстырма. Біреуге бірнәрсе дәлелдеуге тырыспа. Алла әр адамды дара тұлға етіп жаратты. Өзіңді тек кешегі өзіңмен ғана салыстыра біл.

#архив
12.6K views01:01
Ашу / Түсініктеме
2024-04-06 21:39:53 Бәлкім он секунд қана уақыт алатын бір дұға – өміріңді түбегейлі өзгертіп жіберуі мүмкін.

#дәл_қазір_дұға_қыл
12.6K views18:39
Ашу / Түсініктеме
2024-04-06 19:26:41 Кей ғалымдардың айтуы бойынша қадір түнінің ең үлкен белгілерінің бірі – жүректің сол бір түні ерекше тыныштық табуы.
12.7K views16:26
Ашу / Түсініктеме
2024-04-06 18:45:22 “Расслабуха” ұстап қалмайық) Қадір түні бәлкім бүгін-ертең болуы да ғажап емес. Рамазан айы әлі де жалғасуда

#құлшылық_қыл
12.7K views15:45
Ашу / Түсініктеме
2024-04-05 22:09:33 Су тасқынынан зардап шегіп жатқан бауырларымыз үшін осы түні көп дұға жасап, садақа қылайық
12.6K views19:09
Ашу / Түсініктеме
2024-04-05 15:20:52 Қадір түні – 1000 айдан да хайырлы болған түн.

Түнгі уақытты шамамен 10 сағат деп алсақ, қадір түнінде 1 сағат қана құлшылық қылу – 8 жыл құлшылық қылғаннан артық.

Қадір түнінде 1 минут қана құлшылық қылу – 50 күн құлшылық қылғаннан артық.

Осынау ғажайып мүмкіндікті құр жіберіп алмайық. Рамазанның соңғы күндері берекелі болғай!
12.8K views12:20
Ашу / Түсініктеме
2024-04-04 15:12:25 Шағын кеңес:

Дұғада көбіне “инни”(إني) (мен) немесе “иннә” (إنا) (біз) деген формада келеді.

Өзіңіз үшін дұға қылған кезде: “инни әсәлукә әл-ғәфия” (Аллаһым мен бір Өзіңнен амандық сұраймын) дейсіз.

Барша жақындарыңыз үшін дұға қылсаңыз:

Иннәә нәс’әлукә әл-ғәфия” (Аллаһым біз бір Өзіңнен амандық сұраймыз) деп дұға қылсаңыз болады.

(қазақша айтсаңыз да ағаттығы жоқ))
12.8K views12:12
Ашу / Түсініктеме
2024-04-03 19:46:26 Бүгін рамазанның 25-ші тақ түні. Қадір түні болуы ықтималдығы жоғары.

اللهم إنك عفو تحب العفو فاعف عنا

“Аллаһумма иннәкә ғәфуун, тухиббул ғәфуа, фәғфу ғәннә”.

Аллаһым, Сен кешірімдісің әрі кешіргенді жақсы көресің. Бізді кешіре гөр!

Осы дұғаны көп айтыңыз…
12.9K views16:46
Ашу / Түсініктеме