Get Mystery Box with random crypto!

Абылай Кенжалы

Telegram арнасының логотипі abylaikenzhaly — Абылай Кенжалы А
Арнадағы тақырыптар:
پاستا
Telegram арнасының логотипі abylaikenzhaly — Абылай Кенжалы
Арнадағы тақырыптар:
پاستا
Арна мекенжайы: @abylaikenzhaly
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 36.98K
Арнадан сипаттама

Талқы, ойлар, шолу, аударма

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 11

2024-03-24 19:46:48 Өмірінде бір тәһәжжуд оқып көрмегендер тәһәжжудтің қадірін түсірумен әлек…

#құның_бір_тәһәжжуд
12.6K views16:46
Ашу / Түсініктеме
2024-03-24 16:59:42 Әбу Һурейрадан (радиаллаһу әнһу) жеткен хадисте Пайғамбарымыз ‎ﷺ былай дейді:

«Адамдардың ең әлсізі – дұға жасауға әлсіздік танытқаны».

#дұға_қыл
12.6K views13:59
Ашу / Түсініктеме
2024-03-23 03:09:10 Ибн Ражаб әл-Ханбәли (рахимаһулла) былай дейді:

«Ешқандай кемшілігі жоқ қауымдарды көрдік. Бірақ олар басқалардың кемшілігін айта бастағанда, адамдар олардың кемшіліктерін байқай бастады.

Дәл сол сияқты кемшіліктері өте көп адамдарды да көрдік. Бірақ олар басқалардың кемшілігін жасырғаны себепті, адамдар да олардың кемшіліктерін елемейтін болды».

[Жәмиғ әл-ғулум уәл хикәм 2/291]
12.6K views00:09
Ашу / Түсініктеме
2024-03-23 02:56:38 «Бауырыңның күнәсін жасыру – құлшылықтың үлкен бір түрі. Кім біреудің айыбын жасырса, Алла оның айыбын жасырады. Ал кім біреудің айыбын қазбаласа, Алла оның айыбын тіпті өз отбасында ашып қояды».

Әдһәм әл-Ғәсими (хафизаһулла)
12.8K views23:56
Ашу / Түсініктеме
2024-03-20 23:28:12 Али әт-Тантауи (рахимаһулла) былай деген екен:

«70 жылға жуық кітап оқыдым. Сол оқығанымның ішіндегі ең хикметті сөз:

“Құлшылықтың қиыншылығы кетіп, ақыретке сауабы қалады. Күнәнің ләззаты кетіп, ақыретке жазасы қалады”».
13.0K views20:28
Ашу / Түсініктеме
2024-03-19 19:34:06 “Зона комфортадан шық, тұрақты жұмыстан кет,бизнес баста!” дейтіндерге:

Пайғамбарымыз ‎ﷺ өзінің бір хадисінде:

«Кімде-кім бір (адал) істе ризықталса... сол ісіне бекем болсын» дегені риуаят етілген. (Ибн Мәжә)

Ал басқа бір хадисінде: «Кімде-кім бір істе көгеріп өнсе, сол ісіне берік болсын» делінеді.

Имам әл-Һәрәуи осы секілді хадистердің түсіндірмесінде:

«Кімде-кім қандай да бір істе мол берекеге кенелсе, сол бір ісінде тұрақтылық танытсын. Бұл еңбек пен кәсіп тақырыбындағы барлық нәрсеге қатысты»дейді.

[РИЗЫҚ КІЛТТЕРІ ]
12.7K viewsedited  16:34
Ашу / Түсініктеме
2024-03-19 19:19:20 Шаршаған кезде демалуды үйрен, берілуді емес.
12.6K views16:19
Ашу / Түсініктеме
2024-03-19 02:14:48 «Зікір айтуға ең шарапатты уақыт – таң намазынан кейінгі уақыт».

Имам ән-Нәуәуи (рахимаһулла)

[Әл-Әзкәр ]
12.6K views23:14
Ашу / Түсініктеме
2024-03-18 05:34:48 «Рамазанның бір күні қарапайым 1000 күннен абзал. Рамазандағы бір тасбих – басқа айдағы 1000 тасбихтан абзал. Рамазандағы бір рәкәғәт – басқа айдағы 1000 рәкәғәттан абзал ».

Ибраһим ән-Нәхәғи (рахимаһулла)

[Латаиф әл-мәғәриф ]
12.7K views02:34
Ашу / Түсініктеме
2024-03-17 18:09:21 Рамазанның өткеніне бір апта болды. Осы аралықта:

– Әрбір дүйсенбі-бейсенбі еш қиналмастан ораза ұстауға болатынын

– Таң намазына жарты сағат, тіпті бір сағат қалғанда оянуға болатынын

– тарауих секілді ұзақ нәпілдерді қарапайым күндері оқуға болатынын

– жұмысымыз қанша жерден қарбалас болса да, құранға уақыт табуға болатындығын

– бос әңгіме, музыка, өсек-өтіріксіз өмір сүруге болатындығын түсіндік.

Рамазан – күнделікті құлшылық амалдардың жеңіл екендігін ұғындыру үшін келген ай.

Рамазан – қай жағдайда болмасын нәпсіні тәрбиелеуге болатындығын түсіндіре білген ай.

#архив
12.8K viewsedited  15:09
Ашу / Түсініктеме