Get Mystery Box with random crypto!

Абылай Кенжалы

Арна мекенжайы: @abylaikenzhaly
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 36.37K
Арнадан сипаттама

Талқы, ойлар, шолу, аударма

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2024-03-23 03:09:10 Ибн Ражаб әл-Ханбәли (рахимаһулла) былай дейді:

«Ешқандай кемшілігі жоқ қауымдарды көрдік. Бірақ олар басқалардың кемшілігін айта бастағанда, адамдар олардың кемшіліктерін байқай бастады.

Дәл сол сияқты кемшіліктері өте көп адамдарды да көрдік. Бірақ олар басқалардың кемшілігін жасырғаны себепті, адамдар да олардың кемшіліктерін елемейтін болды».

[Жәмиғ әл-ғулум уәл хикәм 2/291]
12.6K views00:09
Ашу / Түсініктеме
2024-03-23 02:56:38 «Бауырыңның күнәсін жасыру – құлшылықтың үлкен бір түрі. Кім біреудің айыбын жасырса, Алла оның айыбын жасырады. Ал кім біреудің айыбын қазбаласа, Алла оның айыбын тіпті өз отбасында ашып қояды».

Әдһәм әл-Ғәсими (хафизаһулла)
12.8K views23:56
Ашу / Түсініктеме
2024-03-20 23:28:12 Али әт-Тантауи (рахимаһулла) былай деген екен:

«70 жылға жуық кітап оқыдым. Сол оқығанымның ішіндегі ең хикметті сөз:

“Құлшылықтың қиыншылығы кетіп, ақыретке сауабы қалады. Күнәнің ләззаты кетіп, ақыретке жазасы қалады”».
13.0K views20:28
Ашу / Түсініктеме
2024-03-19 19:34:06 “Зона комфортадан шық, тұрақты жұмыстан кет,бизнес баста!” дейтіндерге:

Пайғамбарымыз ‎ﷺ өзінің бір хадисінде:

«Кімде-кім бір (адал) істе ризықталса... сол ісіне бекем болсын» дегені риуаят етілген. (Ибн Мәжә)

Ал басқа бір хадисінде: «Кімде-кім бір істе көгеріп өнсе, сол ісіне берік болсын» делінеді.

Имам әл-Һәрәуи осы секілді хадистердің түсіндірмесінде:

«Кімде-кім қандай да бір істе мол берекеге кенелсе, сол бір ісінде тұрақтылық танытсын. Бұл еңбек пен кәсіп тақырыбындағы барлық нәрсеге қатысты»дейді.

[РИЗЫҚ КІЛТТЕРІ ]
12.7K viewsedited  16:34
Ашу / Түсініктеме
2024-03-19 19:19:20 Шаршаған кезде демалуды үйрен, берілуді емес.
12.6K views16:19
Ашу / Түсініктеме
2024-03-19 02:14:48 «Зікір айтуға ең шарапатты уақыт – таң намазынан кейінгі уақыт».

Имам ән-Нәуәуи (рахимаһулла)

[Әл-Әзкәр ]
12.6K views23:14
Ашу / Түсініктеме
2024-03-18 05:34:48 «Рамазанның бір күні қарапайым 1000 күннен абзал. Рамазандағы бір тасбих – басқа айдағы 1000 тасбихтан абзал. Рамазандағы бір рәкәғәт – басқа айдағы 1000 рәкәғәттан абзал ».

Ибраһим ән-Нәхәғи (рахимаһулла)

[Латаиф әл-мәғәриф ]
12.7K views02:34
Ашу / Түсініктеме
2024-03-17 18:09:21 Рамазанның өткеніне бір апта болды. Осы аралықта:

– Әрбір дүйсенбі-бейсенбі еш қиналмастан ораза ұстауға болатынын

– Таң намазына жарты сағат, тіпті бір сағат қалғанда оянуға болатынын

– тарауих секілді ұзақ нәпілдерді қарапайым күндері оқуға болатынын

– жұмысымыз қанша жерден қарбалас болса да, құранға уақыт табуға болатындығын

– бос әңгіме, музыка, өсек-өтіріксіз өмір сүруге болатындығын түсіндік.

Рамазан – күнделікті құлшылық амалдардың жеңіл екендігін ұғындыру үшін келген ай.

Рамазан – қай жағдайда болмасын нәпсіні тәрбиелеуге болатындығын түсіндіре білген ай.

#архив
12.8K viewsedited  15:09
Ашу / Түсініктеме
2024-03-16 21:22:56 Күнәдан шаршасаң да, тәубеден шаршама.
12.6K views18:22
Ашу / Түсініктеме
2024-03-14 23:43:56 Көпшілік адамға мына Рамазан аса бір сезілмей жатқанына басты себеп – рамазанды тек аштықпен ғана үйлестіру.

Алдыңғы жылдарда рамазан айында күн ұзақ болып, су мен тамаққа шыдау әлде қайда қиынырақ болатын.

Ал биылғы рамазанда күн қысқа, аса бір қарын ашып, шөл қыспайды. Сол себептен де рамазан құдды бір сезілмей жатыр.

Ғалымдарымыз айтпақшы: “Аш жүру – рамазанның ең оңай амалы".

Ал ең қиыны – құлшылық пен зікірді көбейту, күнәлі амалдардан тыйылу.

Егер біз рамазан айын тек аштықпен емес, сол секілді көбірек құлшылық, зікір-салауатпен өткізе алсақ, біз аш болмасақ та рамазанның берекесі сезілер еді.

#архив
12.6K views20:43
Ашу / Түсініктеме