Get Mystery Box with random crypto!

Рамазанның өткеніне бір апта болды. Осы аралықта: – Әрбір дүй | Абылай Кенжалы

Рамазанның өткеніне бір апта болды. Осы аралықта:

– Әрбір дүйсенбі-бейсенбі еш қиналмастан ораза ұстауға болатынын

– Таң намазына жарты сағат, тіпті бір сағат қалғанда оянуға болатынын

– тарауих секілді ұзақ нәпілдерді қарапайым күндері оқуға болатынын

– жұмысымыз қанша жерден қарбалас болса да, құранға уақыт табуға болатындығын

– бос әңгіме, музыка, өсек-өтіріксіз өмір сүруге болатындығын түсіндік.

Рамазан – күнделікті құлшылық амалдардың жеңіл екендігін ұғындыру үшін келген ай.

Рамазан – қай жағдайда болмасын нәпсіні тәрбиелеуге болатындығын түсіндіре білген ай.

#архив