Get Mystery Box with random crypto!

Абылай Кенжалы

Арна мекенжайы: @abylaikenzhaly
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 36.36K
Арнадан сипаттама

Талқы, ойлар, шолу, аударма

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2024-04-05 22:09:33 Су тасқынынан зардап шегіп жатқан бауырларымыз үшін осы түні көп дұға жасап, садақа қылайық
12.6K views19:09
Ашу / Түсініктеме
2024-04-05 15:20:52 Қадір түні – 1000 айдан да хайырлы болған түн.

Түнгі уақытты шамамен 10 сағат деп алсақ, қадір түнінде 1 сағат қана құлшылық қылу – 8 жыл құлшылық қылғаннан артық.

Қадір түнінде 1 минут қана құлшылық қылу – 50 күн құлшылық қылғаннан артық.

Осынау ғажайып мүмкіндікті құр жіберіп алмайық. Рамазанның соңғы күндері берекелі болғай!
12.8K views12:20
Ашу / Түсініктеме
2024-04-04 15:12:25 Шағын кеңес:

Дұғада көбіне “инни”(إني) (мен) немесе “иннә” (إنا) (біз) деген формада келеді.

Өзіңіз үшін дұға қылған кезде: “инни әсәлукә әл-ғәфия” (Аллаһым мен бір Өзіңнен амандық сұраймын) дейсіз.

Барша жақындарыңыз үшін дұға қылсаңыз:

Иннәә нәс’әлукә әл-ғәфия” (Аллаһым біз бір Өзіңнен амандық сұраймыз) деп дұға қылсаңыз болады.

(қазақша айтсаңыз да ағаттығы жоқ))
12.8K views12:12
Ашу / Түсініктеме
2024-04-03 19:46:26 Бүгін рамазанның 25-ші тақ түні. Қадір түні болуы ықтималдығы жоғары.

اللهم إنك عفو تحب العفو فاعف عنا

“Аллаһумма иннәкә ғәфуун, тухиббул ғәфуа, фәғфу ғәннә”.

Аллаһым, Сен кешірімдісің әрі кешіргенді жақсы көресің. Бізді кешіре гөр!

Осы дұғаны көп айтыңыз…
12.9K views16:46
Ашу / Түсініктеме
2024-04-03 00:03:23 Имам Фахруддин әр-Рази (рахимахулла) өзінің тәпсірінде былай дейді:

«Алла Тағала басқа көптеген нәрселерді жасырғаны секілді қадір түнін де қай күні болатындығын жасырып қойды.

Өзінің разылығын бір құлшылыққа жасырды. Құлдары барлық құлшылықты да құлшыныспен жасауы үшін.

Өзінің ашуын бір күнәда жасырды. Құлдары барлық күнәдан қашуы үшін.

Өзінің жауап беруін бір дұғада жасырды. Құлдары көп дұға жасауы үшін.

Қадір түнін де бір түнге жасырды. Құлдары рамазанның бүкіл түнін құлшылықпен өткізуі үшін».
12.6K views21:03
Ашу / Түсініктеме
2024-04-02 16:24:27 Шайтан бір сәжде жасамағаны үшін Алланың мейірімінен қуылды.

Ойлап қарасақ, Шайтан Адамға сәжде жасаудан бас тартты. Ал күніміздегі намаздан сырт айналып жүрген мұсылмандар ше?

Олар Адамға емес, Аллаға сәжде етуден бас тартып жүр.

Бірақ мейірімді Алла сонда да олардың тәубесін күтуде…

Әдһәм Шәрқауи
13.1K views13:24
Ашу / Түсініктеме
2024-04-01 21:16:43 «Рамазанның бірінші күні рамазан өте ұзақ секілді көрініп, 1 ай оразаны қалайша ұстайтыныңды ойлай бастайсың.

Бірақ рамазанға қазір қарасаң, құдды бір рамазан – 1 сағат ішінде өте шыққандай».

Али әт-Тантауи жазбалары

Рамазанның соңғы күндерін дұға, садақа, құлшылық пен құранға арнайық. Расында, амалдар – соңына қарай бағаланады.
12.7K viewsedited  18:16
Ашу / Түсініктеме
2024-03-31 23:49:48 «Әй, бүкіл өмірін босқа өткізіп алған бауырым. Өміріңнің босқа өткен кезеңін қадір түнімен толтыр. Расында, қадір түні – бір ғұмырға тең».

Ибн Рәжәб әл-Ханбали (рахимаһулла)
13.5K views20:49
Ашу / Түсініктеме
2024-03-31 12:01:29
#shalnak_insta
12.6K views09:01
Ашу / Түсініктеме
2024-03-31 06:27:00 Қадір түні – 1000 айдан да хайырлы болған түн.

Түнгі уақытты шамамен 10 сағат деп алсақ, қадір түнінде 1 сағат қана құлшылық қылу – 8 жыл құлшылық қылғаннан артық.

Қадір түнінде 1 минут қана құлшылық қылу – 50 күн құлшылық қылғаннан артық.

Осынау ғажайып мүмкіндікті құр жіберіп алмайық. Рамазанның соңғы күндері берекелі болғай!
13.0K views03:27
Ашу / Түсініктеме