Get Mystery Box with random crypto!

Абылай Кенжалы

Арна мекенжайы: @abylaikenzhaly
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 36.36K
Арнадан сипаттама

Талқы, ойлар, шолу, аударма

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2024-03-31 02:40:32 Білімсіздік туралы ең ауыр сөздердің бірі:

«Абыройсыз кәріліктен сақтан. Бала-шағаң сенен еш даналық таба алмай, сол даналықты өзге адамдардан барып сұрауы.

Сен босқа өткізіп, ойын-сауық құрып жүрген кезде, бар уақытын кітап мен ғылымға арнаған адамдардан даналық сұрауы».
12.7K views23:40
Ашу / Түсініктеме
2024-03-29 22:40:05 Бұрынғы өткен ізгілер мына үш ондыққа ерекше тағзым ететін:

1. Мухаррамның алғашқы он түні

2. “Зул Хижжәнің” алғашқы он түні

3. Рамазанның соңғы он күні

Тәбиғин Әбу Осман ән-Нәһди (рахимаһулла)

[Қиямулләйл Мәруәзи ]

Бұрынғы ізгілер деп меңзегені – ардақты сахабалар
12.6K viewsedited  19:40
Ашу / Түсініктеме
2024-03-29 09:11:13 Пайғамбарымыз ‎ﷺ былай дейді: «Үш адамның дұғасы қайтарылмайды:

1. Ата-ананың баласына жасаған дұғасы

2. Ораза ұстаушының дұғасы

3. Жолаушының дұғасы».

[Жәмиғ ли әс-Суюти ]
12.8K views06:11
Ашу / Түсініктеме
2024-03-29 08:12:21 Алла өте мейірімді ғой. Күнәларыңды кешіру үшін рамазанды берді. 30 күнді жақсы құлшылықпен өткізе алмай жатсаң, соңғы 10 күнінде ықыласты бол дейді. Оған да шамаң жетпей жатса, тым болмаса, бір түн жақсы құлшылық қылсын деп қадір түнін сыйлады. Оны да құр өткізіп алса, кемшілігін толтырсын деп пітірді белгіледі….
12.9K views05:12
Ашу / Түсініктеме
2024-03-28 01:33:45 Кімнің бүкіл ғұмыры рамазан секілді өтсе, соңы айт болады.

Ізгілер
13.0K views22:33
Ашу / Түсініктеме
2024-03-27 03:33:51 Кімде-кім рамазан айын жақсы әрі берекелі өткізіп келе жатса, сол деңгейді соңына дейін жеткізсін.

Ал кімде-кім көптеген жақсылық жасаудан мақрұм қалып қойса, рамазанның соңғы уақыттарын берекелі етіп, жақсы құлшылықпен өткізсін.

Расында, амалдар – соңғы сәтіне қарай бағаланады.

Ибн Рәжәб әл-Ханбали (рахимаһулла)

[Латаиф әл-мәғәриф ]
12.7K viewsedited  00:33
Ашу / Түсініктеме
2024-03-26 18:31:53 Сараңның ең сараңы – жақсы сөз айтуға сараңдық танытқаны.
12.7K views15:31
Ашу / Түсініктеме
2024-03-24 20:04:59 Намазды қыз-жігіт үшін оқысаң, саған да дәл солай намазын қыз-жігіт үшін оқитын адам нәсіп болар..

Намазды Алла үшін оқысаң, саған да намазын Алла үшін оқитын жар нәсіп болар..

#таңдау_өзіңде
12.7K views17:04
Ашу / Түсініктеме
2024-03-24 19:46:48 Өмірінде бір тәһәжжуд оқып көрмегендер тәһәжжудтің қадірін түсірумен әлек…

#құның_бір_тәһәжжуд
12.6K views16:46
Ашу / Түсініктеме
2024-03-24 16:59:42 Әбу Һурейрадан (радиаллаһу әнһу) жеткен хадисте Пайғамбарымыз ‎ﷺ былай дейді:

«Адамдардың ең әлсізі – дұға жасауға әлсіздік танытқаны».

#дұға_қыл
12.6K views13:59
Ашу / Түсініктеме