Get Mystery Box with random crypto!

SULTANKYZY

Telegram арнасының логотипі sultankyzy — SULTANKYZY S
Telegram арнасының логотипі sultankyzy — SULTANKYZY
Арна мекенжайы: @sultankyzy
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 4.24K
Арнадан сипаттама

Мен ғой, Ләйлә☺️
”LS media”

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 4

2022-12-07 20:38:12 #ЕкеудіңӘңгімесі

- Сағадат, 11-ге будильник қойдың ба?
- Иә, Сар, сен Фатиха сүресін жаттап алдың ба?
- Жаттап жүрмін, сен де ұйықтар алдын әкеге дұға жасауды ұмытпа.
- Ұмытпаймын…

Үйдегі екі ұлдың әңгімесінен. Әкесінің орнына үлкенім ас қайырады. Екеуі күнделікті құран бағыштап, алақан жайып жүр. Сардарым біраз уақыт Фатиха сүресін жаттай алмай жүр еді, апасы келіп, жақсы жаттапты.

«Шын мәнінде, кей мұсылманның Жәннаттағы дәрежесі көтеріліп, биіктей түседі. «Не үшін?» - деп сұрағанда, оған: «Сенің балаң сен үшін кешірім сұрады», - деп жауап береді».

Имандарыңыз жүректеріңізде берік болсын! Тілеген әр дұғаларыңыз қабыл бола берсін!
679 viewsedited  17:38
Ашу / Түсініктеме
2022-12-01 18:37:48
Сен бар жерде керегем кең сияқты,
Кең сияқты, терезем тең сияқты
Ешкім мені дәл сендей өкпелетіп,
Жұбата да алмаған сен сияқты.
Шаттығымның бастауын сенен көрдім,
Сенен көрсем, қалайша төмендермін?!
Енді, сәулем, бәрі де әділетсіз…

Туған күніңмен, Қайрекем! Әдемі жастық шағым үшін, көрсете білгең өнегең үшін, жанымдағы қос қанатым үшін, бірге өткізген әр сәтім үшін мың алғыс Жатқан жерің жайлы, нұрың пейіште шалқысын!
942 views15:37
Ашу / Түсініктеме
2022-11-21 09:17:38 Күніңнің жартысынан көп уақытын бірге өткізген адамның келмеске кеткенін қабылдау қандай қиын.

Асүйдің төрі бос, сен жақсы көрген кеседен ешкім ішпейді, сен ұстаған қасыққа ешкім тимейді, жұмысқа киетін ақ көйлектерің енді ешқашан кірлемейді…

Бір жыл бұрын жақынынан айырылған бір танысым: «Ләйлә, қиынның көкесі қырқынан кейін басталады. Жалғыз қалғанда күресу екі есе қиын», - деп жазып жіберіпті.

Бірақ мен өзіме ұлдар үшін бәріне көнем, уәдемді орындаймын деп сөз бергем.

Жаза берді-ау деп сөкпеңіздерші. Ішімдегіні жазып қана шығара аламын.
349 viewsedited  06:17
Ашу / Түсініктеме
2022-11-17 08:46:56 Жаратқан сүйген құлын ғана көп сынайды деуші еді. Сынақтарға төтеп беру, сынбай қалу да оңай емес…

Ішімдегіні айтып, жазып, шығарып тастағым келеді. Қысып тұрған өксікті айғайлап шығарғым келеді. Бірақ одан не пайда?!

Иә, ол туралы көп айтпайтынмын. Енді оны сақтаудың да мәні жоқ. Себебі, себепшісі мәңгілік өмірге аттанды…

Бақұл болды, келмеске кетті деп айтқым келмейді. Тәні жанымызда болмаса да, жаны жанымда, сөздері жадымда…
633 views05:46
Ашу / Түсініктеме
2022-10-31 15:21:47 Нейрохирургияда болдым.
Басында ісігі бар баланы, жеткіншекті, үлкен адамдарды көрдім. Реанимацияда бөлек бокста жатқандарға қарай алмадым
Әр пациентке 2 медсестрадан бөлінген, жұмыстары өте ауыр.
Еленбейтін, наградталмайтын кісілер осылар #обидно

Дәрігерлер адам өмірін сақтауға барын салып жатыр. Көздері жасқа толған аналарға құдай сабыр берсін
4.5 жасар баланың ертең миынан ісікті алу үшін 6-7 сағаттық ота жасалады. Бала дәрігерге қарап, не хочу дейді. Мамасы жылап қалды.
Ертең қарауға дәтім шыдамайды-ау


Алла тағала баламен ешкімді сынамашы
337 views12:21
Ашу / Түсініктеме
2022-10-31 07:02:18 Кешегі қызықты пікірден:

Докторлығымды қорғадым, енді за красивой фигурой.

Сұрақ, сандықтағы дипломымыздың рәтін көрудеміз бе?
534 viewsedited  04:02
Ашу / Түсініктеме
2022-10-30 16:28:28
730 views13:28
Ашу / Түсініктеме
2022-10-29 21:58:19 Қатты өкіндім..

Зиверттің концертіне бара алмағаныма.

Қуандым…

бармағаныма, звук нашар и арасында өшіп қалыпты дейді.

Әлі-ақ тойымда выступать етеді, түсімде көрдім
877 views18:58
Ашу / Түсініктеме
2022-10-26 21:24:28 Жүйкеңіз шыдаса ғана оқыңыз!
Өте ауыр

https://www.azattyq.org/a/the-life-and-death-of-raushan-pirmanova/32099317.html?fbclid=IwAR2VzYa6dO0tgIR9X7fzag3tPGbRqytmzEjyl626KZ98lF_hyR6_n8KSXXE
1.7K viewsedited  18:24
Ашу / Түсініктеме
2022-10-26 21:17:36 Мына видеоны көріп, жүрегім елжіреп кетті

Видео жазушы Әзілхан Нұршайықовтың өз сұхбатынан.

«Махаббат қызық мол жылдарды» оқығансыз ба?
1.5K viewsedited  18:17
Ашу / Түсініктеме