Get Mystery Box with random crypto!

SULTANKYZY

Telegram арнасының логотипі sultankyzy — SULTANKYZY S
Telegram арнасының логотипі sultankyzy — SULTANKYZY
Арна мекенжайы: @sultankyzy
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 4.24K
Арнадан сипаттама

Мен ғой, Ләйлә☺️
”LS media”

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2023-01-23 12:41:21 Құрметті ата-аналар, кері байланыс үшін рақмет!
Екі күн бұрын стористе стоматологиялық орталықпен бірге, бір баланың тісін емдеп беруге ниетті екенімізді айтқанмын. Телграммға келген хаттардың ішінен Ләззат ханымның жағдайын оқып, 6 жасар қызы Камиланы бірден шақырдық.
Тістерін тексеріп, рентгенге түсіріп, аллергиялық сынама жасап, Камиланың тістерін диагностикадан өткізді. Енді ары қарай толығымен емдеу жоспарланып отыр.
Алдағы уақытта осындай кез келген пайдалы әрі ізгі істер туралы хабарландыруларды осы жерге жазып отырамын.

Бірге болғандарыңыз үшін рақмет
2.8K views09:41
Ашу / Түсініктеме
2023-01-20 13:05:09
Тек Астана қаласының тұрғындары!

- Балаңыздың тісінде қандай да бір ауырсыну, кариес не болмаса тез арада жұлдыру керек болса, біз тіс емханасымен бірлесіп, бір балаға көмектескіміз келіп отыр.
•Балаңыз және отбасылық жағдайыңыз туралы толық ақпаратты телеграмм каналымдағы соңғы жазбаның астына (комментарий) ақпарат қалдырсаңыз болады.
3.3K viewsedited  10:05
Ашу / Түсініктеме
2023-01-17 21:57:31
480 views18:57
Ашу / Түсініктеме
2023-01-17 21:56:24
Жаңалықты естігенде, жылап жібердім
СҮЙІНШІ!

Бүгін Алланың қалауымен, сіздердің қолдауларыңыз, біздің бастамамызбен, Алмаз Курманалиевичтің арқасында, “Тегін ЭКО” бағдарламасына қатысқан Оралдық Жанна бөпелі болды. 3,120 г салмақпен, 51 см бойы бар кішкентай қыз ,сағат 11:18-де өмірге келіпті
Тіл көзден сақтасын Бауы берік болсын!

Әркез қолдау білдіретін оқырмандарым! Бұл ортақ қуаныш, ортақ жеңіс! Жаннада Шерешевский-Тернер синдромы, жолдасының жұлымына зақым келген, мүмкіндігі шектеулі жан екенін тұрақты оқырмандарым біледі

Біздің бірінші сүйіншіміз Алда айы-күні жақындап қалған әлі 4 пациентіміз бар
Бөпе сүюді армандап жүргендерге жұғысты болсыншы

P.s. Биылғы жылдың “тегін ЭКО” бағдарламасына өтініштерді қабылдау, 31-ші қаңтарға дейін жүретінін естеріңізге сала кетейін.
524 views18:56
Ашу / Түсініктеме
2023-01-11 13:32:31 Былтырдан бері “тегін ЭКО” бағдарламасын қолға алғанымды айтып та, жазып та жүргенімді instagram мен TikTok-тағы тұрақты оқырмандарым жақсы біледі. Бір жыл ішінде, “Экомед Плюс” орталығымен бірлесіп, демеушілердің көмегімен 5 келіншекке тегін ЭКО жасалды. Бесеуінің де жағдайы бірқалыпты, сүйінші сұрайтын күн алыс емес, бұйыртса

Биыл да бұл іс жалғасын таппақ. Алла сәтін салса, 2023 жылы 10 келіншекке көмектесу жоспарда бар.
Бағдарламамызға:
жасы 45-ке толмаған,
тұрмыстағы,
әлі бала сүймеген,
және “Аңсаған сәби” квотасына іліне алмай қалған барлық қыз-келіншектер, 31-ші қаңтарға дейін info@ecomed.kz поштасына өздері жайлы толық ақпарат пен осыған дейінгі анализ қорытындысын жіберіп, өтініш тастай алады.
Байқаудың шарттарын жариялаған күннен бастап, үш күн ішінде поштаға 171 хат келді. Бірақ әлде де түсінбей, қателесіп Direct, WhatsApp-қа жазып жатқандар көп
Сонымен қатар, жекеме де жариясыз көмек беруге ниеттеніп жүрген іскер жандар жазуда. Рақмет ниеттеріңізге
Сіз бен біз болып, сәбидің иісін аңсап жүрген отбасылардың санын азайтатынымызға сенемін

Осы тұста тағы да
өтініштеріңіз тек пошта арқылы қабылданатынын ескерткім келеді.
Егер, туған-туыс, дос-жаран, таныстарыңыздың арасында балалы бола алмай жүрген отбасылар болса, осы жазбамен бөліссеңіздер болады.
Рақмет.
148 viewsedited  10:32
Ашу / Түсініктеме
2022-12-26 13:50:00
“Эко жасауға көмектесіңізші”, “өзім көтере алмаған соң, сіңіліме бала туып бер дедім”,
“эко жасау күнә ма?“, “маған да эко бұйырсын”, “квотаға қалай ілінемін?”

Біраз үзілістен кейін бұрыннан ойымда жүрген, мен үшін маңызды “эко” тақырыбында белгілі дәрігер-репродуктолог - Алмас Ибрагимов пен Нұрлан имамды арнайы шақырып, жиі қойылатын сұрақтарға жауап алдым. Эко-дан бөлек, отбасылық мәселелер, екі жастың қарым-қатынасы, құрсақ ана (суррогатная мать), денсаулық күтімі туралы да әңгімелестік.

Айтпақшы, үшінші рет салған эмбрионнан кейін 4-ші пациентіміз Айнұрдың жағдайы 2 аптадан соң белгілі болады деп едім. Монтаж кезінде нәтижесін білдік. Жауабын подкасттан біле аласыздар.

Ал қалған үш келіншекте барлығы жақсы, шүкір
549 viewsedited  10:50
Ашу / Түсініктеме
2022-12-26 11:16:49 Құрметіңізге алғысым шексіз
585 views08:16
Ашу / Түсініктеме
2022-12-26 11:16:11 https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0piZnJWDUsGC6aMr8ERjKonNVVP1Q7zPxAeRV5BA8quJLT4ZSjwEtKnf1r5ehGnS3l&id=100002139850991&mibextid=Nif5oz
589 views08:16
Ашу / Түсініктеме
2022-12-23 14:39:05 Бұл видеоны жазар алдын қатты қобалжыдым, уайымдадым, әр сәтті бойымнан қайта өткізіп, саралап қана, түсіреміз деген шешім қабылданды.

Ол туралы алғашқы және соңғы ашық әңгімем. Жүрегімнің түкпірінен шыққан сөздер сіздердің жүректеріңізге жетеді деп сенем
518 viewsedited  11:39
Ашу / Түсініктеме
2022-12-23 14:37:47


521 views11:37
Ашу / Түсініктеме