Get Mystery Box with random crypto!

SULTANKYZY

Telegram арнасының логотипі sultankyzy — SULTANKYZY S
Telegram арнасының логотипі sultankyzy — SULTANKYZY
Арна мекенжайы: @sultankyzy
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 4.24K
Арнадан сипаттама

Мен ғой, Ләйлә☺️
”LS media”

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2023-03-13 22:16:30 Өзіңіздің басыңыздан өткен немесе естіген әдемі әрі қызық махаббат оқиғасын жазыңыз. Ертең біреуіңізге бьютибокс сыйлаймын

Айтпақшы… инстаграмда @bibi_beauty_cosmetics парақшасына жазылуды ұмытпаңыздар

101 views19:16
Ашу / Түсініктеме
2023-03-08 08:58:13 Жігіттер әйелі мен шешесін ғана құттықтайды ғой, біздің шешеміз, енеміз, әпке-сіңліміз, абысын-келін, қайын бике-қайын сіңліміз, падружкаларымыз бар ғой. Такшто, жігіттер, жылай бермеңдерш
(c) Назгүл Қожабек
1.0K views05:58
Ашу / Түсініктеме
2023-02-25 22:43:55 Баланың санасы

Егер бала үкіленген үмітті сезіп өссе – ол төзімді болуға үйренеді;
Егер бала мақтаумен өссе – сенімді болуды үйренеді;
Егер бала адалдықпен мәпеленсе – әділетті болып үйренеді;
Егер бала қауіпсіз екенін терең түйсініп өссе – сенуге үйренеді;
Егер бала мақұлдаумен өссе – өзін сыйлауды үйренеді;
Егер бала махаббатпен мәпеленсе – сүюді және сүйіспеншілігін сыйлауды үйренеді;
Егер бала таңдау еркіндігін біліп өссе – өз шешімдері үшін жауапкершілікті мойнымен көтеруді үйренеді.

Сонымен қатар:
Егер бала тек сын естіп өссе – өзгені айыптауды үйренеді;
Егер бала әжуаның астында өссе – күдікшіл болуды үйренеді;
Егер бала өшпенділік ұясында өссе – дұшпан көруді үйренеді;
Егер бала өштікті көріп өссе – өзгенің жанына жара салуды үйренеді;
Егер бала түсінбестікпен ауыздықталса – өзгені тыңдамауды үйренеді;
Егер бала өтіріктің ортасында өссе – алдауды үйренеді;
Егер бала абыройсыздықты көріп өссе – өзін кінәлі сезінуді үйренеді.

Таңдау қолыңызда...

Аударған Шынар Әбілда
316 views19:43
Ашу / Түсініктеме
2023-02-24 05:42:50 Бес адаммен жолдас болмаңыз!

1. Өтірікші адам. (Алла Тағала өтірік айтушыны Ләухул Махфузда өтірікші деп жазылады) Ұзақты жақын етпейді, жақынды ұзақ етеді. Оған жауған бәлекет сағанда жауады.

2. Ақымақ адам. Ақымақ досыңнан, ақылды дұшпан артық. Ақылдының тілі жүрегінде болады, ақымақтың жүрегі тілінде болады.

3. Қорқақ адам. Сіз қандайсыз ол сондай болады. Мықты жолықса сенің жаныңда тұрмайды.

4. Сараң адам. Ол өзіне және өзгеге пайдасын тигізбейді.

5. Пасық адам. Сені төмен санап, сенен пайда көретін адам. Исламдағы күнәларға бой алдыратын адам.

Сахаба Али Ибн Әбу Талиб (Алла оған разы болсын)
469 views02:42
Ашу / Түсініктеме
2023-02-15 21:28:26 Біз РУАЙБИДА емеспіз бе?

Өмірдегі ең оңай нәрсе - біреуге ақыл айту. Біздің ғасыр «ақыл айтқыштардың» алтын ғасыры. Байы жоқ қатын отбасы құндылықтары туралы айтады. Отбасы жоқ еркек бала тәрбиесі туралы айтады. Өмірі мешіт табалдырығын аттап көрмеген пасық имам-молдаларға дінді қалай уағыздау керектігін айтады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір сөзінде ақырзаман таяғанда «руайбидалар» көбейеді деген. Олардың кім екенін сұрағанда «Бүкіл халықтық маңызы бар мәселелерді көтеретін ақымақтар» деп түсіндірген.
Имам әш-Шатиби «руайбида» деген сөзге: «Өзі өмірде дым бітірмеген, бірақ бәріне ақыл айтуға құмартып отыратын адамдар», - деп анықтама берген.
312 views18:28
Ашу / Түсініктеме
2023-02-13 20:28:25 Қуаныштан аққан жас
(Үшінші бөпеміз дүниеге келді)


40 жасар Бұлбұлдың 3 рет қарызданып жасатқан ЭКО-сы сәтсіз аяқталған Содан былтыр “тегін ЭКО-2022” жобасына өтініш тастаған еді.
(Бұлбұлдың хатын суретті жылжытып оқи аласыздар)

Алла сәтін салып, “Экомед” Алмаз Курманалиевичтің көмегімен, сіздердің қолдауларыңызбен, тегін ЭКО жасалды. Шүкір, 9-шы ақпан күні, сағат 8:30 да, 4кг-дық Алмаз батыр дүниеге келді.

Бұл да екі жүректің арадағы сенімі мен сабырлығы, шексіз сезімінің нәтижесі. Ата-анасының сары балапанының денсаулығы мықты, болашағы жарқын болғай

Бүгін Бұлбұл мен Алмаз перзентханадан шықты

Әзірге білікті мамандардың бірлесуімен, “тегін ЭКО-2023” бағдарламасына келген өтініштер қаралуда. Сәтін салса ақпанның 20-сынан кейін, жеңімпаздардың есімін жариялаймыз

Құрметті оқырмандарым! Араларыңызда жариясыз көмек беруге ниеттеніп жүрген жандар болса, бала сүюге асығып жүрген отбасылардың ата-ана атануына себепкер болуға әлі де мүмкіндіктеріңіз бар

Толық ақпарат: +7 707 375 1010 (“тегін ЭКО”-ға көмектесемін дейтіндерге)

#сансызшүкір #тілменкөзден #Өскемен #тегінЭКО
484 views17:28
Ашу / Түсініктеме
2023-02-04 23:26:19
Дәл осы сәтті сезініңіз

*Осыдан біраз уақыт бұрын сауығу-салмақ тастау курсына арнайы медитациялар жазғанбыз.
Бәрін жүктей алмаймын. Наурызда жаңа поток ашамыз.
774 viewsedited  20:26
Ашу / Түсініктеме
2023-02-04 10:04:51 Ағылшын тілін үйрететін “Оксфорд” тіл орталығының ұжымы менің оқырмандарымның арасынан 6 баланы таңдап алды. Енді олар бұйырса, 1 жыл бойы тегін оқитын болады.
Осындай мүмкіндік сыйлаған, Венера ханымға алғыс!
Ағылшын тілі-әлем тілі. Біраз жақсылыққа, жетістікке жол ашатын бағыт!
Оқушылар 1 жыл ішінде жақсы нәтиже көрсететініне сенемін
Алдағы уақытта өз каналыма осындай мүмкіндіктер туралы жиі жазып тұрамын. Жіберіп алмаңыздар!
1.0K viewsedited  07:04
Ашу / Түсініктеме
2023-01-27 13:40:08
@oxford_astana ағылшын тіл орталығы, Астана қаласында тұратын, мектеп жасындағы (1-11сынып) 6 оқушыға 1 жыл бойы ағылшын тілін тегін үйретуге ниетті. Балаларыңыз жайлы толық ақпаратты осы жерге қалдырсаңыздар болады.
Таңдауды “OXFORD_ASTANA” ұжымы жасайды
2.0K viewsedited  10:40
Ашу / Түсініктеме
2023-01-25 21:30:03 «Шынайы сұлулық қайда десе, Алладан ұялатын жүзде деп жауап бер!»

Мәулана Жәләлуддин әр-Руми (Алла оны рақымына бөлесін)
2.2K views18:30
Ашу / Түсініктеме