Get Mystery Box with random crypto!

SULTANKYZY

Telegram арнасының логотипі sultankyzy — SULTANKYZY S
Telegram арнасының логотипі sultankyzy — SULTANKYZY
Арна мекенжайы: @sultankyzy
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 4.24K
Арнадан сипаттама

Мен ғой, Ләйлә☺️
”LS media”

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 8

2022-09-10 21:24:50 Бұрын...
Ақымақтау кезімде...
Қай адаммен болса да, бастысы - екеуара қатынасың деп ойлайтынмын.
Ол адаммен арадағы қатынасыңа сенің былайғы өмірдегі, əсіресе əлеуметтік желідегі іс-əрекетің ықпал етпеуі керек деп ойлайтынмын.
Сен ол адамды сыйласаң, сен оны сыйлайтыныңды ол адам білсе - əлеуметтік желіде қанша жынды болсаң да, ол адам сені таниды, ана жындылықтың астарында не жатқанын біледі деп ойлайтынмын...
Сөйтсем....
Сенің жазған бір ауыз сөзің сыйластығыңа татымайды екен.
Əлде...

Бұрын...
Ақымақтау кезімде...
Ертең бет көрісетін адамның көңілін қалдырмау керек деп ойлайтынмын.
Шын режіткің келе ме - көріспестей болып ренжіт.

Сөйтсем....
Сені бір налытып, жылатып алып, араға уақыт салып, өкпесі тарқады-ау деген кезде ыржаңдап келіп тұру, тым құрыса, "ей, өткендегім дұрыс болмады ей, кешір" деген бір ауыз сөзді қимау - норма екен....
Əлде...

Бұрын...
Ақымақтау кезімде...
Дос деген сені жолда тастап кетпейтін адам деп ойлайтынмын. Тіпті ат құйрығын кескісі келген адам оны тізгін үстінде жасамайды деп ойлайтынмын...

Сөйтсем...
Ұзақ жолда көлігің бұзылса - сені тастап кете салу норма екен...
Əлде...

Бұрын...
Ақымақтау кезімде...

Жоқ. Қазір де...
Сол ақымақ күйімде...
(с) Назгүл Қожабек
2.4K views18:24
Ашу / Түсініктеме
2022-09-07 09:09:19 Жас болсын, кәрі болсын, әр адамға шартсыз жақсы көретін біреу керек. Жай ғана мейірленіп басынан сипап, құшағына басып, жұрттан жасырып кәмпитке ақша беретін адам керек. Ата-әжемізді сағынатынымыз содан болса керек.
(с) Назгүл Қожабек
170 views06:09
Ашу / Түсініктеме
2022-09-05 07:34:49 Екі пенде қосылса үшіншіні жамандайтын емес, екі тұлға қосылса, идея мен мәселе талқылайтын қоғамда өмір сүргің-ақ келеді…
(с) Айна Алпысбай
245 views04:34
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 08:14:02 Недавно у меня была очень интересная встреча с коллегами-журналистами, где я привела простой арифметический пример: если женщины Казахстана дружно бросят работу и засядут за домашние дела (как желают того апологеты якобы традиционных ценностей), мужчинам придётся работать не 8, а 16 часов в день, либо подоходный налог нужно будет увеличить как минимум вдвое. Потому что женщины в Казахстане составляют практически половину рабочей силы в стране. И они платят налоги в бюджет. Благодаря им, платятся пособия уязвимым группам казахстанцев, реализуются социальные программы, строятся больницы и школы.
(с) Динара Құсайын
1.3K views05:14
Ашу / Түсініктеме
2022-08-24 08:40:06 Адамның ең жақсы қасиеті өмірде кездесетін күрделі жағдайларда ішкі тыныштықты сақтап, байсалды бола білу. Осыны жасай алған жан тепетеңділік сақтап дұрыс ойлай алатын кісі. Дұрыс ой адамды қателіктен сақтап, дұрыс шешімдерге, жақсы істерге жетелейді. Эмоциялық интеллектінің кілті кідіріс жасай білу, тыныштық сақтау, байсалды болу. Осы бағытта өзімізбен көбірек жұмыс жасауымыз қажет.
(с) Қайрат Жолдыбай
1.8K views05:40
Ашу / Түсініктеме
2022-08-23 08:29:05 Әркімнен әртүрлі иіс шығады... Өз иісін өзі сезбейтіндей етіп бізді жаратқан Алланың мейірімі неткен шексіз еді. Әйтпесе адам ағзасындағы химиялық реакцияға төтеп беретін, исіне төзе білетін қауқар қайда?.. Апырай "боқтың қабы" (Абай) болған адам байқұстың иісін өзіне де сездірмей құпияда ұстаған МЕЙІРІМ неткен мейірім десеңізші...
(c) Роза Мұқанова
1.9K views05:29
Ашу / Түсініктеме
2022-08-15 21:10:10 Ләйлә ханым осы каналда тоже отырады:)


96 views18:10
Ашу / Түсініктеме
2022-08-13 18:23:42 Шынында да, шешесі қасында қалып, келіндік өмірге үйретеді екен. Мұнан соң құдағиды шығарып салу міндеті өзгеге емес, күйеубалаға жүктеледі. Ол кезде атпен жүретін заман. Бір қонып бара ма, екі күн қонып бара ма, бірақ тек қана күйеубала серік болады. Сонда жол-жөнекей бір-біріне сыр айтып, енесі қызын табыстайды, сенім артады. Сөйтіп, енесінің ақылын тыңдап, күйеубала да енесіне жақын бола бастайды. Ауылға келгеннен соң күйеубалаға арнап мал сойылады. Күйеубала аттанарда міндетті түрде ат жетектетіп немесе алдына бұзаулы сиыр салып береді, құр жібермейді. Содан кейін күйеубала атасының үйіне тәжім жасап кіреді, «Пайғамбар да күйеуін сыйлаған» деп жатамыз, шаңырақ салар кезде де алыстан кәрі күйеуді шақыртқан.
241 views15:23
Ашу / Түсініктеме
2022-08-13 18:23:42 Бауыржан Момышұлының келіні бақытты қазақ отбасының құпиясымен бөлісті.

Салт-дәстүрді насихаттаушы, Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова ене мен келін арасындағы сыйластық, тойдағы кейбір салт-дәстүрлер мен олардың дұрыс-бұрыстығы жөнінде сыр шертті .

Ене мен келіннің қарым-қатынасы:

Әсілі, келін кім? Бүгінгі келін ертең ене болады. Мен ылғи айтам, тағы қайталайын, ененің мектебінен өтпеген келін өзі ене болып жарытпайды. Өкінішке қарай, қазір көп жағдайда келіндер де, енелер де бөлек тұрғысы келеді. Заман, қоғам, тұрмыс – бәрі осыған итермелеп алып келді. Бұрындары кедейдің кедейі үйінің оң жағына кішкентай жаппадан болса да отау тіккен. Бұл – «келіннің үйі» деген сөз. Оның «оңаша үй» деген екінші атауы болған. Қазақтың тектілігі сонша, отау үйге арнайы шақырмаса бөтен адам кірмеген. Тіпті, енесінің өзі есіктің алдында тұрып, «келін-ау» деп шақыратын болған. Келін ертеңгілікте ерте тұрып келеді, үлкен үйдің түндігін ашып, отын жағып, тірлігін жасап, қонағын күтіп, есесіне, кешке жақын өз отау үйінде емін-еркін жүретін болған.

Отау үйде жарына еркелей ме, сырласа ма, құшақтаса ма, өздері біледі. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін қаладағы қазақтар пәтерлерге тығылды. Осы кезде қазақ әйелдері көп нәрседен ұтылды деуге болады. Неге десең, «ойбай, үйдегілер естіп қалмасын», «ешкім көріп қоймасын» деп күйеуіне емін-еркін еркелей алмай, сөйлей алмай, қозғала алмай, тіпті, әрі-беріден соң күйеуімен емін-еркін жақындаса да алмайтын жағдайға жетті. Сөйтіп жүріп, қазақ әйелдері бұйығы болып қалды. Содан кейін күйеулері басқа жақтан «көзайым» іздей бастады. Осының өзі екеуінің ортасына кәдімгідей жүк түсіреді. Қанша дегенмен, бір үйде жатып-тұрғанда ертеңгілік келіннің ербиіп тұрғанын енесі көрмегені, енесінің сексиіп тұрғанын келіні көрмегені дұрыс. Көп енелердің қателігі«келін келді, енді бәрін сол істеуі керек» деп ойлайды. Олай болмайды! Алдымен оған үйрету керек.

Енесін жамандайтын келіндерге айтарым:

Кез келген әйелдің қолынан ене болу келеді, ана болуға тырысу керек. Әрине, өзінің туған анасындай болмайсың. Бірақ, сен солай болуға тырыс. Өйткені, ол енді сенің әулетіңді көбейтеді, ары қарай сенің ісіңді жалғастырады, сенің отыңды жағады, сенің қазаныңды ұстайды. Олай болса, бұл жерде келіннің рөлі деген өте үлкен. Ертеректе келін от жаққан. Мұның өзінде үлкен мән бар. Неге отты келінге тапсырды? Ол жай ғана қарапайым жұмыс емес. «От бар жерде – өмір бар» дейді. Енесін жамандайтын келіндерге айтарым: «Енелерің аяғы жерге, басы елге сыймайтын сұмырай болса да, оның бір артықшылығы бар. Ол – сен басыңды жастыққа бірге қойған, сен жақсы көрген жігітті өмірге әкелген адам». Сен енеңді сол үшін сыйлауың керек.

Бүгінгі қыз – ертеңгі келін, болашақ ана

Келін тек қана күйеуге ие болмайды. Ол қайын ата, қайын ене, қайны, қайынсіңлі, қайнаға мен абысын, тағы да басқа толып жатқан туыстарына, бүкіл әулетіне ие болуға барады. Ал, «бір-бірін жақсы көрсе болды» деген жай сөз. Одан бір шикілік шықпай қоймайды. «Қайтып келген қыз жаман» демекші, қайтып келген қыз ата-анасының бетіне де, ауыл-аймағына да көлеңке. Мысалы, «Қызға қырық үйден тыю, қала берді қара күңнен тыю» деген бар. Бұл қырық үйден үлгі-өнеге көру, қала берсе қара күңнен де бір жақсылықты үйрену деген сөз.

Қазір, ең жаманы, ажыраса салуды сөкет көрмейді. Сондай-ақ, тұрмысқа шықпай, некеге тұрмай жатып бірге тұратындар көбейді. Бұл біздің мұсылмандығымызға да, қазақшылығымызға да жат нәрсе. Айналып келгенде, «қызы тәрбиесіз елдің іргесінен ырыс кетеді», тұнығы лайланады. Өйткені, бүгінгі қыз – ертеңгі келін, болашақ ана, болашақ ене. Олай болатын болса, қыздардың мойнындағы міндет, парыз ұшан-теңіз.

Ұзату тойын қалай өткіземіз? Ал үлкен тойда не істейміз?..

Қазақтың ғұрпында күйеубаланың енеге қарсы келуі, сөз қайтаруы деген болмаған. Ондайды ауылдың өзі оңдырмайды. Мысалы, қызды ұзатқан кезде қыздың көшіне шешесі ілеседі. Шешесінен басқа, бауыры, жеңгесі ереді. Бірақ, көшті шешесі бастайды. Келін түсіріп, той болғаннан соң өзгелер қайтады да, құда-құдағилары қыздың шешесін «кішкене үйренгенше келініміздің қасына болыңыз» деген ниетпен өтініп алып қалады.
255 views15:23
Ашу / Түсініктеме
2022-08-13 18:23:17 Соңына дейін оқуға шыдамың жетсе, уақытың болса
Кеше ұлдарымның бірі үйленгенде бірге тұрам десе, екіншісі ойланатынын жеткізді.
Желіні ақтарып отырып, З.Ахметованың пікірін таптым.
Факчекинг жасамадым.
237 views15:23
Ашу / Түсініктеме