Get Mystery Box with random crypto!

#ЕкеудіңӘңгімесі - Сағадат, 11-ге будильник қойдың ба? - Иә, | SULTANKYZY

#ЕкеудіңӘңгімесі

- Сағадат, 11-ге будильник қойдың ба?
- Иә, Сар, сен Фатиха сүресін жаттап алдың ба?
- Жаттап жүрмін, сен де ұйықтар алдын әкеге дұға жасауды ұмытпа.
- Ұмытпаймын…

Үйдегі екі ұлдың әңгімесінен. Әкесінің орнына үлкенім ас қайырады. Екеуі күнделікті құран бағыштап, алақан жайып жүр. Сардарым біраз уақыт Фатиха сүресін жаттай алмай жүр еді, апасы келіп, жақсы жаттапты.

«Шын мәнінде, кей мұсылманның Жәннаттағы дәрежесі көтеріліп, биіктей түседі. «Не үшін?» - деп сұрағанда, оған: «Сенің балаң сен үшін кешірім сұрады», - деп жауап береді».

Имандарыңыз жүректеріңізде берік болсын! Тілеген әр дұғаларыңыз қабыл бола берсін!