Get Mystery Box with random crypto!

Күніңнің жартысынан көп уақытын бірге өткізген адамның келмеск | SULTANKYZY

Күніңнің жартысынан көп уақытын бірге өткізген адамның келмеске кеткенін қабылдау қандай қиын.

Асүйдің төрі бос, сен жақсы көрген кеседен ешкім ішпейді, сен ұстаған қасыққа ешкім тимейді, жұмысқа киетін ақ көйлектерің енді ешқашан кірлемейді…

Бір жыл бұрын жақынынан айырылған бір танысым: «Ләйлә, қиынның көкесі қырқынан кейін басталады. Жалғыз қалғанда күресу екі есе қиын», - деп жазып жіберіпті.

Бірақ мен өзіме ұлдар үшін бәріне көнем, уәдемді орындаймын деп сөз бергем.

Жаза берді-ау деп сөкпеңіздерші. Ішімдегіні жазып қана шығара аламын.