Get Mystery Box with random crypto!

Жаратқан сүйген құлын ғана көп сынайды деуші еді. Сынақтарға т | SULTANKYZY

Жаратқан сүйген құлын ғана көп сынайды деуші еді. Сынақтарға төтеп беру, сынбай қалу да оңай емес…

Ішімдегіні айтып, жазып, шығарып тастағым келеді. Қысып тұрған өксікті айғайлап шығарғым келеді. Бірақ одан не пайда?!

Иә, ол туралы көп айтпайтынмын. Енді оны сақтаудың да мәні жоқ. Себебі, себепшісі мәңгілік өмірге аттанды…

Бақұл болды, келмеске кетті деп айтқым келмейді. Тәні жанымызда болмаса да, жаны жанымда, сөздері жадымда…