Баланың санасы Егер бала үкіленген үмітті сезіп өссе – ол тө | SULTANKYZY
Баланың санасы
Егер бала үкіленген үмітті сезіп өссе – ол төзімді болуға үйренеді; Егер бала мақтаумен өссе – сенімді болуды үйренеді; Егер бала адалдықпен мәпеленсе – әділетті болып үйренеді; Егер бала қауіпсіз екенін терең түйсініп өссе – сенуге үйренеді; Егер бала мақұлдаумен өссе – өзін сыйлауды үйренеді; Егер бала махаббатпен мәпеленсе – сүюді және сүйіспеншілігін сыйлауды үйренеді; Егер бала таңдау еркіндігін біліп өссе – өз шешімдері үшін жауапкершілікті мойнымен көтеруді үйренеді.
Сонымен қатар: Егер бала тек сын естіп өссе – өзгені айыптауды үйренеді; Егер бала әжуаның астында өссе – күдікшіл болуды үйренеді; Егер бала өшпенділік ұясында өссе – дұшпан көруді үйренеді; Егер бала өштікті көріп өссе – өзгенің жанына жара салуды үйренеді; Егер бала түсінбестікпен ауыздықталса – өзгені тыңдамауды үйренеді; Егер бала өтіріктің ортасында өссе – алдауды үйренеді; Егер бала абыройсыздықты көріп өссе – өзін кінәлі сезінуді үйренеді.