Get Mystery Box with random crypto!

Қуаныштан аққан жас (Үшінші бөпеміз дүниеге келді) 40 жасар | SULTANKYZY

Қуаныштан аққан жас
(Үшінші бөпеміз дүниеге келді)


40 жасар Бұлбұлдың 3 рет қарызданып жасатқан ЭКО-сы сәтсіз аяқталған Содан былтыр “тегін ЭКО-2022” жобасына өтініш тастаған еді.
(Бұлбұлдың хатын суретті жылжытып оқи аласыздар)

Алла сәтін салып, “Экомед” Алмаз Курманалиевичтің көмегімен, сіздердің қолдауларыңызбен, тегін ЭКО жасалды. Шүкір, 9-шы ақпан күні, сағат 8:30 да, 4кг-дық Алмаз батыр дүниеге келді.

Бұл да екі жүректің арадағы сенімі мен сабырлығы, шексіз сезімінің нәтижесі. Ата-анасының сары балапанының денсаулығы мықты, болашағы жарқын болғай

Бүгін Бұлбұл мен Алмаз перзентханадан шықты

Әзірге білікті мамандардың бірлесуімен, “тегін ЭКО-2023” бағдарламасына келген өтініштер қаралуда. Сәтін салса ақпанның 20-сынан кейін, жеңімпаздардың есімін жариялаймыз

Құрметті оқырмандарым! Араларыңызда жариясыз көмек беруге ниеттеніп жүрген жандар болса, бала сүюге асығып жүрген отбасылардың ата-ана атануына себепкер болуға әлі де мүмкіндіктеріңіз бар

Толық ақпарат: +7 707 375 1010 (“тегін ЭКО”-ға көмектесемін дейтіндерге)

#сансызшүкір #тілменкөзден #Өскемен #тегінЭКО