Get Mystery Box with random crypto!

Біз РУАЙБИДА емеспіз бе? Өмірдегі ең оңай нәрсе - біреуге ақы | SULTANKYZY

Біз РУАЙБИДА емеспіз бе?

Өмірдегі ең оңай нәрсе - біреуге ақыл айту. Біздің ғасыр «ақыл айтқыштардың» алтын ғасыры. Байы жоқ қатын отбасы құндылықтары туралы айтады. Отбасы жоқ еркек бала тәрбиесі туралы айтады. Өмірі мешіт табалдырығын аттап көрмеген пасық имам-молдаларға дінді қалай уағыздау керектігін айтады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір сөзінде ақырзаман таяғанда «руайбидалар» көбейеді деген. Олардың кім екенін сұрағанда «Бүкіл халықтық маңызы бар мәселелерді көтеретін ақымақтар» деп түсіндірген.
Имам әш-Шатиби «руайбида» деген сөзге: «Өзі өмірде дым бітірмеген, бірақ бәріне ақыл айтуға құмартып отыратын адамдар», - деп анықтама берген.