Get Mystery Box with random crypto!

📚Электронды кітаптар

Арна мекенжайы: @kitapkz1
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 32.56K
Арнадан сипаттама

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2023-06-24 08:48:53
Қазақстанның әскери әлеуеті қандай? Қазақ әскері соғысқа дайын ба? Әскери авиация мен техниканың бүгінгі жағдайы қандай деңгейде?

Арнамыздан көріңіздер

https://youtube.com/@keltatulasaiyq3351
8.8K viewsedited  05:48
Ашу / Түсініктеме
2023-06-24 08:25:50
ШЫНДЫҒЫ ШЫРЫЛДАҒАН ШЫҒАРМА...

Кейінгі кезде әдеби шығармаларға қарағанда мемуарлық жанрда жазылған кітаптарды оқуға ден қойдым.

Соның бірі белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Амалбек Тшановтың “АЙЫРЫЛУ, ТАБЫСУ және АРЫЛУ туралы толғам”атты кітабы.

Кітап көлгір сөзден гөрі нақтылы фактілермен және өмір өткеліндегі бастан кешкен оқиғаларды қаз-қалпында беруімен қызықтырады.

Әсіресе ескі биліктегі былық-шылықтар, саяси ойындар, текетірестер, арандатулар сияқты құйтырқы әрекеттерді ашық айтқан.

Сонымен қатар бір кездегі белсенді де адуынды Парламенттің қалай пәрменсіздік пен дәрменсіздікке ұшырағаны туралы да жақсы жазылған.

Және де аталмыш кітапта автор біреуді жамандау немесе қаралау позициясын ұстаудан бойын аулақ салады. Өзінің кемшіліктері туралы да сөз етеді.

Кітаптың оқырманға, әсіресе биліккке ұмтылған жас буын өкілдері мен саясатқа жаңа келіп жатқан жастарға берері көп.

️Бекен Нұрахметұлы

Кітаптың толық нұсқасын оқыңыңыз келсе, лайк басып өтіңіз

https://t.me/kitapkz1
7.8K viewsedited  05:25
Ашу / Түсініктеме
2023-06-24 08:18:28 Шегірен былғары - Бальзак

https://t.me/kitapkz1
5.5K viewsedited  05:18
Ашу / Түсініктеме
2023-06-24 08:17:58
Бальзактың «Шегірен былғарысы» — терең пәлсапа мен фантастикаға құрылған.

Кедейліктен құтылуды көксеген кейіпкер Рафаэльдің ойда жоқта шегірен былғарының бір бөлшегін алып, ен байлыққа кенеліп, өмірінің мүлде өзге арнаға ауысуы қай оқырманды болмасын қызықтырмай қоймасы анық.

Романды өткен ғасырда жазушы Хасен Өзденбаев орыс тілінен аударып, кейін аудармашы-ғалым Жұмағали Ысмағұлов тағы өңдеп шығады. Назарларыңызға осы нұсқаны ұсынып отырмыз
5.8K views05:17
Ашу / Түсініктеме
2023-06-23 15:05:38
Ата Заңнан тарайтын кейбір қатардағы заңдар мен шешімдер Конституцияға қайшы келіп, қиындық тудыратыны бар.

Осы олқылықты жою мақсатында Президент бастамасымен биыл Конституциялық сот қайта құрылды.

Осы турасында заңгерлер мен тәуелсіз сарапшылар не дейді? Арнайы репортаждан көріңіз



6.3K views12:05
Ашу / Түсініктеме
2023-06-23 13:39:28 Алаштың сөнбес жұлдыздары

https://t.me/kitapkz1
6.1K viewsedited  10:39
Ашу / Түсініктеме
2023-06-23 13:39:07
"Алаштың сөнбес жұлдыздары" ерекше туынды! Неге?

Кітап авторы Г. Дулатова - Алаштың арыстарының көзін көрген адам. Әйгілі - Міржақып Дулатовтың жалғыз қызы.

Кітапта Алаш арыстарының көсемі - Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймаутов және өзге де қазақтың зиялы қауымының өкілдерінің өмірі мен өнегелі істері қызықты нақышта баяндалған.

Сонымен бірге асыл азаматтарымызды серік етіп, оларға өмірлік жар болған аяулы аналарымыздың да кісілік бейнелері, Кеңес үкіметінің тартқызған тауқыметтері де табиғи қалыпта әңгімеленген
6.3K views10:39
Ашу / Түсініктеме
2023-06-22 06:41:10 Қарғын
7.2K views03:41
Ашу / Түсініктеме
2023-06-22 06:40:47
Отандық мал шаруашылығындағы мемлекеттің рөлі. Атакәсіптің кенже қалуына кім кінәлі? Ет тапшылығынан қалай құтыламыз? Ет бағасын тұрақтандыру мүмкін бе?



7.2K viewsedited  03:40
Ашу / Түсініктеме
2023-06-21 06:50:13 Қастандық

https://t.me/kitapkz1
7.3K viewsedited  03:50
Ашу / Түсініктеме