Get Mystery Box with random crypto!

📚Электронды кітаптар

Арна мекенжайы: @kitapkz1
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 32.56K
Арнадан сипаттама

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2024-05-24 13:40:43
Өкінішке орай, исламның қазақ халқының алдында беделі түсіп барады

Себебі, Қазақстанда дәл осы діни конфессия төңірегінде, дәлірек айтсақ оның атын жамылып түрлі манипуляциялар, заңсыз әрекеттер, адам бостандығын шектеу әрекеттері жасалуда. Әрине, осы діни конфессияның пайғамбары үмбеттеріне адамның ала жібін аттаңдар, бостандығына шектеу қойыңдар деген жоқ. Тек адамдарда өздерінің заңға қайшы, этикаға, қоғамдық тәртіпке қайшы әрекеттерін дәл осы дінмен жабу, сонымен ақтау әрекеті пайда болды. Бұл исламның имиджіне кері әсер етуде. Және оны түзеу діни пәтуа шығаруға өкілетті орган қолынан ғана келеді.

Егер адам жеке өзінің діни парызын орындауды міндетсініп, осындай сылтаумен басқа адамның құқығы мен бостандығын шектесе (ортақ жол пайдалану құқығын, тыныштық құқығын бұзу, киіну, пікір білдіру, өзіндік идентика еркіндігін шектеу), заң және ереже бойынша көрсетілген талаптарды орындамаса, ол адам ислам дінінен автоматты түрде шығарылады деген пәтуа жасалуы керек. Ислам дінінен автоматты түрде шығарылған тұлғалардың электронды реестры жасалып, ол апта сайын жаңарып тұруы керек.

Пікір иесі Айбар Олжаев
(Ерік Рахымның фейсбуктегі жазбасына комментарийінен)
5.4K viewsedited  10:40
Ашу / Түсініктеме
2024-05-18 09:02:35
Осы демалыс күндері Алматы, Астана мен Шымкентте не істейміз? Күндерді қалай қызықты және тегін өткізуге болады?

Оның жауабын алу үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына жазылыңыздар!

Алматыда сізді музей түні, көрме, экошара, ал Астана мен Шымкентте де музей түні күтіп тұр. Осының барлығы тегін. Уақыттары мен өтетін орны сізге қолайлы.

Сілтеме төменде
https://t.me/uidezhatpa
7.1K views06:02
Ашу / Түсініктеме
2024-05-18 08:19:07
ФИАСКО деген осы ғой

Жігерсіздік пе, "жүгенсіздік" пе?..

Қазақстан хоккейшілері Әлем чемпионатындағы бесінші ойынын өткізіп, бүгін Германия шабуылына төтеп бере алмады. Есеп - 2:8.

Кеше ғана Шведтермен тайталасып, көмескі үміт сәулесін үрлей түскен Ұлттық құрамамыз бүгін қайтадан дәрменсіздік танытып, өзегімізді өртеді. Бапкерлер құрамы болса, жанкештілік танытқан кешегі құрамды кері ауыстырып, қайран қалдырды...

Қорғаушыларымыз білгендерінен жаңылып, жиі қателесті. Ал шабуылшыларымыз қақпа емес, қақпашыны көздеп, тамаша мүмкіндіктерді мүлт жіберді. Үшінші кезеңде неміс қақпасына төрт-ақ соқы бағыттап, жігерімізді жасытты.

Екінші кезеңнің басында Петерка үш ойыншымыз бен қақпашымыздың ортасына емін-еркін еніп, үшінші голды салғанда-ақ, енді еңсе тіктей алмайтынымыз белгілі болды. Төртеуінің бірдей не қарап тұрғаны - түсініксіз.

Енді... көңіл - күпті, күмән - басым. Дәл осылай ойнап, жұдырықтай жұмыла алмаса, соңғы ойында Польша құрамасын ұтудың өзі мүмкін емес сияқты. Ендігі мақсат - поляктардан тым болмаса, бір ұпай алу...

Нұрғазы Сасаев.

https://t.me/dalasport
6.5K views05:19
Ашу / Түсініктеме
2024-05-17 08:14:36
Барлығымыз күтіп жүрген викторина! Кешкі сағат 18:00-де "Үйде жатпа!" арнасынан жіберіп алмаңыздар!

Викторина сыйлықтарына кенеліңіздер! Киноға тегін билеттер алыңыз. Кино ғана емес, концерт, театрға да тегін бара аласыз! Баратын күнін, шараны да өзіңіз таңдайсыз!

Ол үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына төмендегі сілтемемен жазылыңыз. Викторина шарттары сондағы постта көрсетілген. Қатысыңыз, билеттер ұтыңыз!

https://t.me/uidezhatpa
6.4K views05:14
Ашу / Түсініктеме
2024-04-07 17:04:56
Португалия & Қазақстан екеуі екі бөлек әлем. Бір біріне қарама қарсы әлем...

Біз понт (мақтан) үшін бүкіл бәрін құрбан қылып жіберсек, оларға понтты түсіндіре алмайсың. Оларда ақысыз мектеп престиж болса, бізде керісінше ақылы мектеп престиж.

Бізде барлығы және барлығы понт негізінде құрылған. Өміріміздің бәрі понт. Телефон, көлік, үй, киім алсақ понт көрсету үшін. Ал португалдар ол заттан ләззат алу үшін.

Бұны не үшін жазып отырмын? Әр елдің, халықтың жақсы жағын үйренейік. Барлығын понт/мақтан үшін емес, өмірдің әрбір сәтінен ләззат алу үшін өмір сүрсек.

Бұрындары ойлаушы едім: ақшасыз қалай өмірден ләззат алып өмір сүруге болады деп. Оказывается, болады екен. Португалдардың экономикалық, әлеуметтік жағдайы мәз болмаса да өмірлеріне мәз. Ақшасыз да рақаттанып өмір сүріп жатқан халықты көріп таң тамаша қаласыз.

Барлық проблемаға осы мақтан мен сол үшін жарыс себеп болып тұр.

Енді бұл мақтандарға, ақылды болып көріну мақтаны қосылды.

Барлығы судың маманы, өрттің маманы, экономист, спорт маманы, IT маманы, тб. Бір адамның бойында әлемдегі бүкіл ақыл, білім бар

Бірақ неге екенін білмеймін, сол елді жаймендеп еріп, жаймендеп жиналған су басып (төтеннен келген су емес), өрт шалып, бидайдың үстінде отырып наны қымбат, мұнайдың үстінде отырып бензині қымбат, асып тасыған байлықтың үстінде отырып кедей...

Себебі бұның бәріне мақтангершілікке салыну, жарысу кінәлі.

Осыны тоқтатайық, ағайын. Қарапайым өмір сүріп, жарыспай ақ, өмірден ләззат алып қарапайым өмір сүрейік

Фазылбек Әбсаттарұлы

Арнаға тіркелуді ұмытпа: @kitapkz1
12.7K viewsedited  14:04
Ашу / Түсініктеме
2024-03-30 13:37:34
Екі Русь бар. Біріншісі – әлемдік және кем дегенде еуропалық мәдениеттен тамырын тартқан киевтік Русь.

Олар мәдениетті орыстардың және бүкіл батыс әлемінің түсінігіндегі мейрімділік, ар-ождан, бостандық пен әділеттілік идеясын дәріптеп келеді.

Екіншісі – жабайылықтан, тағылықтан арыла алмаған – мәскеулік Русь. Олар қанды деспотия мен озбырлықты өздерінің ұлттық идеясына айналдырып алды.

Алексей Толстой

Алдағы күндері әйгілі орыс қаламгерінің шығармасы арнамызда жарық көреді

@kitapkz1
13.6K views10:37
Ашу / Түсініктеме
2024-02-26 19:08:43
Мен қазіргі балалардың қатыгездігінен қорқайын дедім...

Үйдің ауласында бір ит жүретін, ешкімге зияны жоқ. Өткенде бір қарағанымда буаз екен. Тағы бірде соңынан төрт бірдей сүйкімді күшігі еріп жүргенін көрдім.

Содан кеше екі кештің ортасында көршім келді жүгіріп (өзі сондай мейірімді келіншек) түрі өрт сөндіргендей түтігіп кеткен:

- Қалай көздері қиды, қалай ғана қолдары барды?! - деп бір отырып, бір тұрды.

- Не болды, Айка, түсіндіріп айтсаңшы, жайшылық па? - дедім шошынып.
/алдында екі баласын өлтірген келіншекті айтайын деді ма деп ойладым/

Сөйтіп едім, онсызда көңілшек адам жылап жіберді:

- Төрт күшікті балалар жабылып ..лтіріп тастапты. Жай ..лтіріп қоя салса мейлі ғой, біреуін бөлшектеп тастаған, біреуінің мойнын бұрап ..лтірген, тіпті айтуға аузың бармайды.

Ең аяныштысы, енесі төрт күшігін мойнынан тістеп, аулаға алып шығып "тұр, тұрсай" дегендей қайта-қайта жұлқылайды. Қыңсып ұлып жатыр байғұс деді...

Көршім кеткеннен кейін біразға дейін өз-өзіме келе алмай сұлқ отырдым да қойдым. Көз алдыма анасынан жаңа туған төрт күшік, жан-жағынан қаумалап алған балалар келді.

Мәссаған, біз кім боп барамыз? Қандай заманда өмір сүріп жатырмыз?..

Автор: Мәриям Әбсаттар

@kitapkz1
14.1K viewsedited  16:08
Ашу / Түсініктеме
2024-02-23 07:36:24
Білім бе, намаз ба? Мектеп оқушысына қайсысы маңызды?

Қазақ қоғамы үшін жауап берейін. Білім маңызды. Оқушы үшін оқу ісі маңызды. Сосын Америка, Еуропа елдерімен салыстырмаңыздар. Ол жақтағы балаға деген ата-ананың, мұғалімнің, керек болса биліктің де көзқарасы тым бөлек. Замана ешкімді аямайды. Бәсекеге қабілетті бола алмаған бала ертең қатарынан қалады. Ешкімге керек емессің. Сосын не оқу жоқ, не өнер жоқ, жұмыссыздардың қатарына кіреді. Әке-шешесіне салмақ салады. Әлімжеттік жасайды. Ұрлыққа барады…

Құлшылық та керек. Сөзсіз керек. Бірақ мектеп жасындағы балаға емес. Қайталап айтамын, қазақ қоғамы үшін жауап бердім. Осы сөзім үшін мені айыптаудың керегі жоқ

Азамат Битан

@kitapkz1
12.6K viewsedited  04:36
Ашу / Түсініктеме
2024-02-11 18:09:59
Құдайдан күш-қуат сұрадым, Ол маған қиыншылық берді...

Батылдық сұрадым, Ол мені қауіп-қатерге жолықтырды. Парасат сұрадым, күрделі проблемаларға тап болдым.

Ежелгі грек жазуы осылай дейді.

Түрлі вирус-бактерия адамның ішкі иммунитетін, бойындағы қорғаныс жүйесін күшейтетіні секілді қиындықтар да адамды жан-жақты шыңдайды.

Бойдағы мүлгіп жатқан қабілет-қарымын оятады. Ерік-жігерін жетілдіреді. Ой-өрісін өсіреді. Түрлі қырларын кемелдендіреді.

Қайрат Жолдыбай

Қайрекеңнің "Дауа жүрек" кітабын іздестіру үстіндеміз. Топқа досыңызды шақыруды ұмытпаңыз

@kitapkz1
19.7K viewsedited  15:09
Ашу / Түсініктеме
2024-02-11 09:44:43
Шетелден келгенде бірден көзге түсетін екі нәрсе бар...

Бірі – кедейленіп, қайыршыға айналған адамдар, екіншісі – күн құрғатпай бола беретін қисапсыз той.

Біріне екіншісі себепкер. Жұрттың көбі табысының едәуір бөлігін тойға баруға, оны ұйымдастыруға, көйлек-көншекке жұмсайды, сол үшін қарызданады.

Мәнді-мәнсіз той көп, қатысы бар, жоқ демей жүз-жүздеп шақырады. Құданың қарындасының немересінің сүндет тойы деген сияқты.

Зейнеткерлер зейнетақысын емге, дәріге емес, той “конвертіне” жұмсайды. Кедейліктің себепкері – той.

Мұхтар Сеңгірбай

Автордың уәжі орынды ма?

@kitapkz1
13.9K viewsedited  06:44
Ашу / Түсініктеме