Get Mystery Box with random crypto!

📚Электронды кітаптар

Арна мекенжайы: @kitapkz1
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 32.56K
Арнадан сипаттама

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2023-04-24 16:44:16 Рамиль Мухоряповтың бизнесі Тимур Турловқа өтті

Тимур Турлов иелік ететін Freedom Holding Corp. "Chocotravel" (ішіне Aviata да кіреді) сервисін сатып алды. Ол үшін Турлов 32,3 миллион доллар төледі. Мәміле жыл соңына дейін жабылуы тиіс.

«Біз өз клиенттеріміз үшін цифрлық сервистердің толық құнды экожүйесін құрудамыз, сондықтан Aviata мен Chocotravel-дің сервистерін сатып алу — бұл топтың дамуына қисынды үлес», - деді, Тимур Турлов.

Choco холдингі енді тек жеткізіп берумен айналыспақ. Бұл нарықта оларға Glovo, Wolt пен Яндекс сынды азулы бәсекелестер бар. Ал Рамиль Мухоряпов Турлов ұсынған ақшаға қарыздарын жаппақ. Сонымен қатар, ол бизнесті басқаруды Николай Мазенцевке толық тапсырып, шетелде біраз демалуы мүмкін. Себебі, соңғы уақыттары Қазақстанда тұру Мухоряпов үшін психологиялық жағынан қиын болған еді.

Екі қошқардың басы бір қазанға сия ма? Бұған дейін нарықтағы қаржы сервистерінің екі IT-алпауыты Турлов (Freedom) пен Ломтадзе (Kaspi) бір-бірін орағытып, тіке бәсекелестіктен қашып жүрген еді. Турлов Каспидің огородына кірмей, цифрлі сақтандыру мен ипотеканы айналдырып жүрсе, Ломтадзе тек жеке және заңды тұлғалар кредитін, Kaspi.kz қосымшасындағы төлемдер, аударымдар, билет сату бағытын дамытып келген.

Сонымен Турлов Ломтадзенің тікелей бәсекелесі Chocotravel-ді сатып алды. Демек, жекпе-жек енді басталады. Kaspi Travel vs Chocotravel. Попкорн дайын тұрсын.

Ал Мухоряпов демалсын. Нағыз акулалар енді келді.

https://t.me/dalainside
1.2K views13:44
Ашу / Түсініктеме
2023-04-24 07:50:51 "Қорғастың" ашылуы мен Юань көктемі. Теңге биржада жыбырлай ма?

Бүгін "Қорғас" халықаралық сауда орталығы қайта ашылды. Ол 2020 жылы пандемия кезінде жабылып қалған болатын.

Қазақстан-Қытай шекарасының ашылуы, визалық шектеулердің алынып тасталуы екі ай бұрын Қазақстанның бас импортері атанған Қытайдың осы позициясын жақсы күшейте алады. Біз Ресейден толық Қытайға бұрылдық. Осы ретте мұнай бағасымен қатар теңге курсына әсер ететін екінші фактор - сыртқы сауда балансына қатысты сұрақтар туындайды.

2022 жылы сыртқы сауда профициті 36,3 миллиард долларды құрады. Яғни, баланс жағымды болып, біз экспорттаған тауар бағасы импорттан 36,6 миллиард долларға асты. Жағымды баланс ұлттық валютаның күшті болуын қамтамасыз етеді.

Биыл жағымды баланстан айрылып, сауда балансында дефицит болатын түрі бар. Қытайдан көбейетін импорт инфляцияның төмендеуіне себеп болса да, теңге бағамын сәл құлдырататынын болжай аламыз.

Үкімет үшін ұлттық валютаның идеалды курсы - долларына 470 теңге. Бюджет осы параметрмен жасалған болатын. Және теңге сол межемге тез жете алады.

Елде юаньмен операция көбейетіндіктен, және Ресейдің валюталық корзинасы юаньға ауысқандықтан, Қытай ақшасы курсының өсу мүмкіндігі жоғары. Себебі, сұраныс артатыны көрініп тұр.

https://t.me/dalainside
2.3K views04:50
Ашу / Түсініктеме
2023-04-21 19:56:39 Люкс по-алматински

немесе ең әдемі жеріміздің өзі осындай болса, онда біз қайтып туристер тартамыз?

Біз Алматыға The Ritz-Carlton фешенебельді отеліне ұшып келген, Есентайға жаққа қоныстанған шетелдіктің көзімен қарап көрдік.

Спойлер: егер ол Есентай өзенінің жағалауында қыдырамын деп далаға шықса, бұдан былай Алматыға ешқашан келмейтін секілді. Себебін эко авторымыз дайындаған арнайы репортаждан оқыңыз.

Өте қызықты материал

https://zhatpa.kz/ujde-zhatpa/ljuks-po-almatinski-the-ritz-carlton-feshenebeldi-ona-jine-ayalda-an-sheteldik-turisti-nege-dala-a-shy-pa-any-d-rys/
1.1K views16:56
Ашу / Түсініктеме
2023-04-20 18:26:22 Құда, ты куда?

Дербес зейнеткер Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиевке қатты ренжіді, дейді DALA INSIDE дереккөзі.

Сатқалиевтің қызы Анадэльдің Назарбаевтың бейресми ұлы Тауманмен неке қиғаны туралы хабар отандық ақпарат кеңістігінде кең тараған еді. Жеке басқа қатысты ақпараттың ресми орган болып табылатын ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз-қызметі арқылы жоққа шығарылғаны қызық болды.

Бірақ, шын мәнінде, дереккөз 2019 жылы Лондонда бірге оқитын Анадэль мен Тауманның көңіл жарастырып, оған Алмасадам Сатқалиевтің рұқсат бергенін айтады. Ал Нұрсұлтан Назарбаев екі жасты шақырып алып, батасын беріп, сол кезде 15 жастағы Анадэльдің құлағына сырға салған.

Содан бері Алмасадам Сатқалиевтің тасы өрге жүріп, "Самұрық-Қазына" қорының тізгінін ұстаған болатын. Тәкаппарлық та пайда болды.

Бірақ "Қаңтар оқиғасынан" кейін бәрі күрт өзгерді. Кезінде Назарбаев Сатқалиевті биік лауазымдарға тағайындаса, енді соңғысы өзінің құда екенін мойындамады.

Ал қазақ "Құда мың жылдық" деуші еді.

https://t.me/dalainside
1.9K views15:26
Ашу / Түсініктеме
2023-04-19 18:16:31 Біз мәңгүрт екенбіз! Қазақстанға қашып келген якут әншісінің ащы шындығы...

Соғысқа жол жоқ! No war! Сэрии суох буоллун! Тәуелсіздік таңы ататын күн жақын...

Әлемжелідегі "Азат Якутия" парақшасының қақ маңдайында осы үндеу менмұндалап тұр. Соғыс басталған тұста ашылған парақшаның аудиториясы соңғы уақытта күрт артып, сегіз мыңдық межеге жетті.

Бұл кездейсоқ емес. Өз жерінде ұрпақ өрбітіп, өсіп-өнгісі келетін ұлт ұлдарын ажалға айдап салған Кремльдің ырқынан шығуға тырысуда. Якуттардың сана-сезімінде бұрын-соңды болмаған трансформация жүріп жатыр.

Ал осынау қозғалыстың бастауында тұрған якут белсендісі, рок-әнші Айхал Аммосов жыл басында Ресейден Қазақстанға бас сауғалауға мәжбүр болды. Якутиядағы азаттық символына айналып үлгерген Аммосов "орыс әлемімен" ақырына дейін арпалысуға бел буып отыр.

Ата-анасының азан шақырып қойған аты - Игорь екен. Есейе келе түр-тұлғасының Игорекпен мүлде үйлеспейтінін, мұның зорлықпен таңған есім екенін түсінген. Айхал саха тілінде әйдік, әйгілі деген мағына береді.

"Холод" журналына сұхбат берген Аммосов орыстандыру саясатының зардабы якут халқының сүйегіне өтіп кеткенін айтыпты.

"Соғыстан қашқан якуттардың көпшілігі Қазақстанды паналады. Мұнда келгеннен кейін өзіміздің мәңгүрт екенімізді түсіндік.
Ресей бізді қойдай өргізіп, қозыдай көгендеген екен. Сөз саптауымыз, жүріс-тұрысымыз, ішер ас, киер киімімізге дейін орыстың исі сіңіпті. Якут көшелерінде мен секілді "Игорь" мен "Ивандар" өріп жүр. Олар мұрнын тескен тайлақ сынды, бұл есімдерді басқыншылардың күшпен таңғанын білгісі де келмейді.

Қазақтар? Біз оларға қызыға қараймыз. Өз тілінде именбей, еркін сөйлеседі. Көше атауларын ұлттың арғы-бергі тарихындағы қайраткерлерге қайтарған. Бізде бұның бірі де жоқ. Якуттердің бүгінгі буыны мәңгүрттік дейін айықпас дертке шалдыққан. Путиннің жыртысын жыртатындар көп. Ел билігі Кремльдің қазанын асып, отын жағып отыр...", - деп қынжылады Айхал.

Әйтсе де якуттардан күдер үзуге әлі ерте. Елде Путинді қамшының астына алуға әзір аудиторияның шоғыры ұлғайып келеді.

"Пропаганданың уыты өне-бойына тарай қоймаған ақыл-есі түзу якуттар Путиннің шапқыншылығын ақтамайды. Халықтың сабыр суы сарқылып, жанартаудай атқылауға шақ тұр. Бірақ бағдар берер, жол бастар көшбасшы жоқ. Путиннің тұсындағы Ресей якуттың бас көтерер белсенділерінің соңына шырақ алып түсті, оларды қуғын-сүргінге ұшыратты", - дейді Аммосов.

2009 жылы Саха Республикасы (Якутия) тәуелсіздіктен бас тартты. Бас тартуға мәжбүр болды. Қазір ол Ресейдің құрамындағы шағын федералды аймақ, этникалық топ.

DALA экожүйесіне қарасты Dalanews.kz сайтында осыған байланысты: "Осыдан 10 жыл бұрын Якутия тәуелсіздіктен айырылды. Қалай? Неге?" тақырыптағы сараптама жарық көрген ➝ dalanews.kz/yakutiya

Dalainside рок-әншімен көлемді сұхбат құруға талпынады. Бізге жеткен мәлімет бойынша Айхал Қазақстанда ұзақ аялдағысы келмейді, сондықтан асығу қажет. ФСБ якуттың рок-әншісін қолға түсіру үшін жанталасуда.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз

https://t.me/dalainside
616 views15:16
Ашу / Түсініктеме
2023-04-18 15:48:13 Жаңа Қазақстанға жаңа қатер төнді: Әблязовпен байланысы бар ұйым Ақорданы әбігерге салғалы тұр

Украин заңгері Людмила Козловская жетекшілік ететін "Ашық диалог" қоры Ақ үйдің табалдырығын тоздырып жүр деп жазады Dalainside.

Кремльмен шайқасып жатқан Киевке көмек көрсетуді сұрап Вашингтондағы беделді шенділермен келіссөз жүргізетін қор соңғы кездері Жаңа Қазақстанға шүйлігетін әдет тапқан. Ақорда пен Киевтің арасы араз емес. Қазақ билігі Украинаның аумақтық тұтастығына сый-құрметпен қарайтынын әлденеше рет мәлімдеген.

Солай бола тұра соңғы уақта қор жетекшісі Людмила Козловскаяның риторикасы күрт өзгерген. Intelligenceonline.com мәліметіне сай украин заңгерінің қолында Тоқаевтың Путиннің "құпия одақтасы" екенін дәлелдейтін айғақтар бар. Ақорда Кремльге санкциядан айналып өтуге жәрдемдесіп жатыр.

DALA INSIDE дереккөзінің айтуы бойынша Козловская 23 наурызда "Тоқаев пен Путиннің құпиясы: мұнай эмбаргосын айналып өту" деген тақырыпта көлемді баяндама жасап, АҚШ-тың Әділет министрлігіне тапсырған. Американың FARA (Foreign Agents Registration Act) "шетел агенттері" туралы заңының алгоритмі осыны талап етеді. Баяндаманың контексі - "Тоқаев Батыс пен Украинаны алдап соқты" дегенге саяды.

Бұған Мұхтар Әблязовтың қандай қатысы бар? Біздің топшылауымызша "Ашық диалог" қорын атышулы қазақстандық олигарх қаржыландырып отыр.

Мұндай ұйғарым жасауға бірнеше логикалық себеп бар: қордың ресми сайтындағы ақпарат түгелге дерлік Қазақстанға қатысты. "Тоқаевтың Путинге болысып отырғанын дәлелдейтін" баяндама жасап, оны АҚШ-тың құзырлы органына тапсырған Козловская осы іске "атсалысқан" Әблязовқа алғыс айтқан. "Ашық диалогтың" Әблязовпен аффирленгеніне бұған дейін Батыстағы бірқатар тәуелсіз ұйымдар да назар аударған еді.

Dalainside Козловскаяның ресми Киевке қаншалықты қатысы барын алдағы уақытта анықтайды. Білеріміз, украин лоббисінің Колумбия округіндегі (District of Columbia) тірегі күшті, тілеулестері көп. Ал Жаңа Қазақстанға тақым қысуға тура келеді: Әблязов пен Козловская тандемі күш біріктірген болса, Ресейдің одақтасына санкция салу мәселесі күн тәртібіне шығады. Ескі Қазақстанға күн бермеген олигарх Тоқаевтың "жеті жылында" да тыныш жатқысы жоқ.

Әблязов пен Козловскаяның арасындағы қарым-қатынастың тамыры тереңде жатыр, ол жайлы осыдан бірнеше жыл бұрын елдегі сарыжағал басылымдар жарыса жазған. DALA INSIDE бұған қатысты дақпырт пен қаңқу сөзден бойын аулақ ұстайды.

Айтқандай, арнаға тіркелуді ұмытпаңыз

https://t.me/dalainside
857 views12:48
Ашу / Түсініктеме
2023-04-18 10:16:02
Петропавлда псевдоқозғалыс құрып, Қазақстаннан жырылғысы келген провокаторлар сотталды

"Үш адам ұсталып, уақытша оқшаулау изоляторына қамауға алынды. Қалған адамдарға да тергеу амалдары жүріп жатыр. облыстық ҰҚК департаментімен бірлескен тергеу комиссия жұмыс істеп жатыр.

Саясаттанушылар мен өзге де мамандар сараптама жасап, "сепаратизм және мемлекеттік құрылысқа қауіп төндіру" деген қорытынды жасады. Бұл – ауыр қылмыс санатына жатады. Он жылға дейін бас бостандығынан айырылады, – облыстық прокуратура өкілі.

Солтүстік Қазақстанда 19 адам 19 наурыз күні "Халық кеңесін" құрып, "Қазақстаннан бөлінеміз" деп мәлімдеген видео әлеуметтік желіде тарап, қоғамдық резонанс тудырған еді. Кейін қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз

https://t.me/dalainside
1.7K views07:16
Ашу / Түсініктеме
2023-04-15 14:40:12
Келісесіз бе?

https://t.me/kitapkz1
2.0K viewsedited  11:40
Ашу / Түсініктеме
2023-04-15 13:36:35 Тоқаев алдымен Лакшми Митталдың әуселесін байқамақ. Машкевич десертке қалды

Қазақстанның арнайы прокурорлары Люксембургтен ArcelorMittal алпауыты басшыларынан жауап алуды сұрап, запрос жіберді. Бұл туралы Бас Прокуратура хабарлады.

«Арнайы прокурорлар жан-жақты тергеу жүргізу үшін компанияның бас компаниясы ArcelorMittal тіркелген Люксембургтің құзырлы органдарына құқықтық көмек көрсету туралы өтініш жіберді», - деді, Бас Прокуратура өкілі Дархан Дүйсенбай.

Арнайы прокурорлар компанияның негізгі акционерлерінің өз кеніштерінде орын алған апаттар мен оның салдары туралы хабардар ма, жоқ па, соны түсінгісі келеді.

Миллиардер Лакшми Миттал Қарағанды металлургия зауытын өз қолына түсірген 16 жылдан бері Теміртауда қаза тапқандар саны 100-ге жуықтаған. Лакшми Митталға бағынатын әлемдегі барлық болат қорыту зауыттарының ішінен "АрселорМиттал Теміртау" апат саны мен оның құрбандары бойынша алда келеді.

"Жаңа Қазақстанның" Лакшми Митталға сұрағы көп. Назарбаев тақтан тайғалы Миттал да Қазақстанға үмітпен қарауды қойды. Александр Машкевич басқаратын ERG корпорациясы да тура осындай жағдайда отыр.

https://t.me/dalainside
2.1K views10:36
Ашу / Түсініктеме
2023-04-14 15:01:05
Суреттегі кітаптарға аудармашы іздеймін...

Талап көп емес. Қазақша сауатты жаза алатын, ағылшын тілін жақсы түсінетін, ұқыпты, әр сөйлемді оқырман түсінетіндей аудара алатын, сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыра алатын, терминдер мен тұжырымдарды әр жерде әрқалай емес, бірізді әрі дәл аударатын, аудармаға кезекті жұмыс сияқты емес, соңғы әрі жалғыз жұмысындай жанашырлықпен қарайтын тәжірибелі аудармашы керек. Себебі әрбір кітап жалғызымыз.

Бізден соң, тағы бірнеше аудармасы бола қоймас. Жүз жылдан соң да келер оқырман осы аударманы оқиды. Сондықтан бүгінгі және келер оқырманды ойлап, жауапкершілікпен аударайық. Келер оқырман өзіміздің балаларымыз, немер-шөбелеріміз болары сөзсіз.

Сорымыз қайнаған халық екенбіз деймін да. Инженер жоқ дейміз. Инженер түгілі қазақта қарапайым мамандық иелері, былайынша айтқанда, аудармашылар да жоқ.

Орысша аудартайын десең, орысша аудармашылар өріп жүр. Қай тілге де аудармашылар жетіп артылады.

Жә, ешнәрсе етпес, жай-жай аудармашыларды да тәрбиелеп, қалыптастырып аламыз деп өзімізді жұбатып қоямыз. Өстіп-өстіп адам болып кетеміз

Шыңғыс МҰҚАН

Арнаға тіркелуді ұмытпа

https://t.me/kitapkz1
3.2K views12:01
Ашу / Түсініктеме