Get Mystery Box with random crypto!

📚Электронды кітаптар

Арна мекенжайы: @kitapkz1
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 32.56K
Арнадан сипаттама

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2023-04-26 18:00:53 Мигель де Сервантес - Дон Кихот II кітап
2.1K views15:00
Ашу / Түсініктеме
2023-04-26 18:00:36 Мигель де Сервантес - Дон Кихот I кітап
2.1K views15:00
Ашу / Түсініктеме
2023-04-26 17:58:59
Сервантес есімін дүние жүзіне танытқан шығармасы — “Дон Кихот” романы. Ол романның 1-бөлімін түрмеде отырғанда жазған.

Динамизм мен шиеленіскен оқиғаларға толы романда 700-ге жуық кейіпкер бейнеленген.

Өрлеу дәуірінің үздік туындыларының бірі саналатын шығарма әлем әдебиетіне зор ықпал етті
2.2K views14:58
Ашу / Түсініктеме
2023-04-26 14:20:30
Ішіп-жеу мен арзан күлкінің құлына айналудамыз...

Қазақ тикток желісінде ең танымал тиктокер Ақмаржан, тикток тілінде Акош. Күніне Акоштың өмірін 1,5-2,5 мың адам қарайды. Баттлға кез келген адаммен шыға бермейді, тек қана Амилаймен (транс) шығады.

Тиктокерлердің неше түрлі жаман коммент, сөздеріне бір грамм назар аудармайды, көзін алайтады да қояды. Акоштың ұйықтағанында кемінде 600-700 адам күзетіп отырады. Бұның ұйқыда қорылдағаны көрермендерге майдай жағады.

Неге халық телевизор көрмейді? Өйткені оларға телевизорға қарағанда, Акоштың не жегені, не ішкені қызық. Акоштың әрбір сөзі халық аузында, мысалы ссылка деген сөзді, с..лка деп айтқаны...

Серікболат Маженов

https://t.me/kitapkz1
2.4K viewsedited  11:20
Ашу / Түсініктеме
2023-04-26 13:49:15 Кәлилә мен Димнә

https://t.me/kitapkz1
2.3K viewsedited  10:49
Ашу / Түсініктеме
2023-04-26 13:48:36
Дүние жүзіне кең тараған үнді хикаяты "Кәлилә мен Димнәнің" ғұмыр жасы атақты араб ертегiсi "Мың бiр түннен" де егде.

Шығыс табиғатынан туған ұшқыр ой, тапқыр тіл, адамдық ізгі қасиет бұл кітапқа өшпес өмiр берді.

Шытырман оқиғалы шағын әңгімелер оқушысын жалықтырмайды, жетелеп отырады. Әр әңгіме өз алдына ғибрат-өнеге, окырманға көп ой салады
2.5K views10:48
Ашу / Түсініктеме
2023-04-26 07:35:22 Сен жалғыз емессің

https://t.me/kitapkz1
3.2K viewsedited  04:35
Ашу / Түсініктеме
2023-04-26 07:33:55
Лаура Сейітбек,Роза Аширбаева “Сен жалғыз емессің”

Бұл кітап өзіне, өзінің отбасылық өміріне, айналысып жүрген шаруасына, тапқан табысына, жақындарына, күйеуіне көңілі толмай, күш-қуаты азайып, тез шаршап жүрген қыз-келіншектерге арналады. Өмірде түрлі мәселеге тап болып, шешімін таппай қиналып, күйзеліске ұшырап, сәтсіздікке ұрынған әйел затының жалғыз еместігін, оған барлық тараптан қолдау бар екендігін ашық дәлелдейтін таптырмас құрал. Қыз-келіншектерге арналған осы кітаптың басты ерекшелігі - бірнеше бағытты қамти отырып, психология, мотивация, тұлғалық даму және өзімен жеке жұмыс істеу бойынша көптеген кеңес беру. Тек теориялық кеңес беріп қана қоймай, іс жүзінде оқырманды шынайы нәтижеге жеткізу
3.3K views04:33
Ашу / Түсініктеме
2023-04-25 08:31:58 Құз басындағы аңшының зары

https://t.me/kitapkz1
4.1K viewsedited  05:31
Ашу / Түсініктеме
2023-04-25 08:30:04
"Құз басындағы аңшының зары" кітабы — екі бөлек әлемнің, яғни қазақтың қайсар ақыны — Мұхтар Шаханов пен қырғыз ағайынның ардақтысы, бүкіл әлем бас иген Шыңғыс Айтматовтың диалогынан тұрады.

Халқымыздың өткен өміріндегі көлеңке тұстарды әшкерелеп, тарихи оқиғаларға да анализ жасап отырады қос наркескен. Сол арқылы әңгімеден әңгіме өрбітіп, туған халықтарының күйін күйіттейді
4.1K views05:30
Ашу / Түсініктеме