Get Mystery Box with random crypto!

📚Электронды кітаптар

Арна мекенжайы: @kitapkz1
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 32.56K
Арнадан сипаттама

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2024-02-11 09:07:05
Қарап тұрып жүрегіміз ауырды!

Халықтың жаны қысылып барады. Қазақ қашан жақсы өмір сүреді?

@kitapkz1
15.2K viewsedited  06:07
Ашу / Түсініктеме
2024-02-08 20:00:01
Қытайлықтарды елге тартатын бірден-бір фактор – Димаш!

– Қазір әлемдегі ең көп туристер – қытайлықтар. Олардың турист ретінде әлемдік экономикаға қосары зор.

Ал бізде, шынын айту керек, қытайлықтарды елге тартатын бірден-бір фактор – Димаш феномені.

Оларға осындай дауыс иесінің қайдан шыққаны, қай жерде тұрғаны деген секілді дүниелер кәдімгідей қызық,-дейді қытайтанушы, халықаралық саясат бойынша сарапшы Айболат Дәлелхан.

Дереккөз: Айқын газеті

Димаштың өнерін бағалайтын оқырманнан

@kitapkz1
17.6K viewsedited  17:00
Ашу / Түсініктеме
2024-01-31 21:08:15
Баян Мақсатқызы 50 жасқа толыпты...

Оған Ресей эстрадасының жұлдызы Валерий Меладзе келіпті.

Соның қасында біздің қазақ әншілері желп-желп етіп жүр.

Көзім Сәкен Майғазиев, Айқын Төлепбергенді шалып қалды.

Меладзеден бастап бүкіл орыс әншілері бір Димашқа тұрмайды ғой.

Құлдық психология эстрада саласында да бар екен ғой. Ресейлік әнші келсе соның тілінде ән айтып жалп-жалп ететін біз ғана шығармыз.

Кеңес кезінде орыс қасында өзіңді екінші сортты сезіну психологиясы бізден қашан кетер екен?

Нұрсейіт Жылқышыбай

@kitapkz1
15.8K viewsedited  18:08
Ашу / Түсініктеме
2024-01-29 21:43:50
Сейілбек Мырзабайдың “Балалықтан даналыққа” кітабынан үзінді...

Кітаптың толық нұсқасын іздестіру үстіндеміз

@kitapkz1
15.2K viewsedited  18:43
Ашу / Түсініктеме
2024-01-27 11:47:07
Бәрі де өзімізден...

Лифтта дәрет сындырып кету, қоғамдық көліктің орындығына өз атын жазып кету, Бурабайдың тасына өзінің туған қаласының атын маркермен салып кету, қоғамдық жерде сағызды столдың астына жабыстыру - осының барлығына билік кінәлі емес. Даже ақсақал Байден де кінәлі емес.

Мәдениетті жөндеу керек. Кезекте тұру мәдениеті жоқ. Ұшақ тоқтамай атып тұру. Кафеде сотканы қатты дауыстап қосу. Ресторанда аяғыңды көтеріп тізеңді құшақтау. Қоғамдық дәретханада унитазға аяқпен тұру, ершикты қолданбау. Айта берсең сөз көп.

Кейде өзіміздің қателігімізді мойындамай, кінәні біреуден іздейміз. Ол да мәдениеттің жетіспеушілігі. Әр адам автор.

Самат Нұртаза

Автордың айтқанымен келісесіз бе?

@kitapkz1
14.3K viewsedited  08:47
Ашу / Түсініктеме
2024-01-23 19:36:09 Жапондар жер сілкінген жағдайда "молданы, әулиені" іздемейді...

Бірінші, Алматы жер сілкініс белдеуі аймағына жатады, ол ғылымда әлдеқашан дәлелденген, оған құмалақ ашып жаңалық айтудың керегі жоқ. Орталық Азияның қауіпті сілкініс белдеуінің бір жолағы Қазақстанның біраз аймағын қамтып жатыр. Жер кеше сілкінген, бүгін сілкінді, түптің түбінде ертең де сілкінеді және сілкіне береді. Жер- күнәнің көптігі үшін сілкінді деп аңыраған жұртқа құрғақ ақыл айтатын қаймана уағыз қай қоғамда болсын табылады, жер- атеист пен тәңіршілге "Аллаһты еске салды" дейтін міскін ой, асығыс тұспал қай жамағатта болсын табылады, бірақ табылмай тұрғаны ҒЫЛЫМ, мән берілмей тұрғаны да осы.

Екінші,  жерді кім сілкісе де мейлі, маңыздысы ол емес, онсыз да сілкініс белдеуінде тұрып жатырмыз, "ұйқыдағы" сілкініс пен жанар тау бізде онсыз да баршылық. Мәселе біздің жердің сілкінуін қалай қабылдағанымызда болып отыр. Бізде отандық нақты ғалымдар бар жер сілкінісі туралы ғылыми зерттеу еңбектерін жазып академиялық тұспалдар жасап жатқан. Жер сілкінген жағдайда және болжамды сілкініс кезеңдерінде неге сол ғалымдармен санаспаймыз? Қаншама құрылыс компаниялары тұрғызған тұрғын үй кешендері бар, қай кешен сілкініске қаншалық жарамды? Біліп, тексеріп жатқан біреу бар ма?!

Үшінші, жер құдайды ұмытқан қазақ қоғамына Алланы есіне түсірді дейік, жарайды. Біздің қоғам соңғы 30 жылдан бері нео-исламданған қоғам екенін ескере отырып солай қабылдайық. Бірақ, Алланың 99 көркем аты бар, біздің кейбір діни белсенділер соның "қаһарлы" аттарын көбірек еске алып күнәсін есіне түсіріп діни жамағат көбейіткісі келетін сияқты көрінді. Неге Алланың "ғылым", "ілім", "х'алақ" яғни ғылым-күш, білім-күш дейтін ақылды ортаға қоятын нақты концепциялды аттарын еске түсірмейді?. Сонда біздің аңтарылған қоғам ҒЫЛЫМның қажетті күшін басқа қырынан сезінер еді ғой.

Төртінші, тағы да қайталап айтамын жер сілкініп тұрады, ол тұрақты жағдай. Жер сілкінген жағдайда біздің қоғам нақты салалық ғалымдарды көбірек басшылыққа алуы тиіс. Жапондар жүз жылдан бері солай істеді. Әр жойқын сілкіністен сабақ ала отырып адам шығыны мен материалдық шығынды ең төменгі шекке дейін азайтты. Жапондар жер сілкінген жағдайда "молданы, әулиені" іздеген жоқ, нақты инженер ғалымдарды басшылыққа алды, сол үшін жапон қоғамында миф тараған жоқ. Ал бізде ше? Мифтің жетпіс жеті атасы тарап онсызда аңыраған жұртты кеміріп жеп жатыр.

Бесінші, қазір тас лақтырсаңыз құрылыс компанияларының басына барып тиеді. Қаншама тұрғын үй кешендері мен нысандары бой тұрғызылды. Олардың жарнамасын көрсеңіз сол тұрғын үйде тұрғың келіп кетеді. Аталған кешендер күтпеген апатқа қаншалық дайын және адам шығыны мен материалдық шығынды қаншалық төмен көрсеткішке дейін түсіре алады деген сұрақ мазалайды?! Осы реткі сілкіністен соң біз қандай сабақ алдық? Егер жер сілкінісі құдайдың ескертуі болса онда құдай бізге нені ескертіп тұр? садақаны аз бердің деп ренжіп тұр ма, әлде ғылымсыз-ілімсіз қалмаңдар деп ренжіп тұр ма?.

Алтыншы, Жер сілкісіні бәрінен бұрын біздің санамызды сілкуі керек еді. Осы реткі төтенше жағдайдан соң қоғам болып ойлануымыз тиіс. Бізде "бісмилләні айтатын ауыз табылады, іс қылатын қол табылмай" тұр. Тек қана жер үшін айтқым келмейді, барлық саланың күйі осындай. Әр саланы өз мамандары айналысып зерттеуі, сын-пікір айтуы тиіс. Елдің басына күн туса бізге молда да, шоумен де, тиктокер де, әнші де көмектеспейді, бізге нақты ҒЫЛЫМ көмектеседі. Барлық ситуациядан ащы сабақ ала отырып елдің ертеңі, халықтың қауіпсіз, алаңсыз өмір сүруі үшін нақты шешімдер қабылдауымыз керек. Сонда біз күтпеген апатты жағдайда адам шығыны мен материалдық шығынды ең төменгі шекке дейін азайта аламыз.

Елдес ОРДА
23.01.2024

@kitapkz1
13.4K viewsedited  16:36
Ашу / Түсініктеме
2024-01-22 14:03:53
5 жасында әкесінен айырылды...

16 жасында мектептен шығып қалды...

17 жасқа дейін төрт рет жұмысынан айырылды...

18 жасында үйленді...

18-22 жасында жүргізуші болғанымен нәтижесіз болды...

Әскерге бармақ болды, өтініші орындалмады...

Заң факультетіне оқуға түсуге тырысты, қабылданбады...

Сақтандыру агентіне қызметші болды, одан ештеңе шықпады...

25 жасында әйелі оны тастап, жалғыз қызын бірге алып кетті...

Кофеханаларда ыдыс жуушы болды...

Қызын қайтарып алмақ болды, орындалмады...

65 жасында зейнетке шықты...

Зейнетақысының 105 долларын алып, енді жұмыс істемейтінін түсінді...

Суицид жасауға бекініп өсиетін жаза бастағанда айналысып көрмеген бір нәрсесі бар екенін түсінді... Ол-Тағам жасап көру
Зейнет ақшасына қазандық сатып алып, әжесінің рецепті бойынша тауық үйтіп, туған ауылында әр үйдің есігін қағып сата бастады...

KFC -дің негізін қалаушы Сандерс 88 жасында миллиардер болды...

Бас тартқың келе ме?
Ешқашан кеш емес...

Амантай Тойшыбайұлы

@kitapkz1
12.7K viewsedited  11:03
Ашу / Түсініктеме
2024-01-21 14:12:35
Біз жауызбыз...

- Ой, сол жылы қыс қатты болды да ашыққан ақбөкендер шөп іздеп ауылға келді. Бірін қалдырмай қы..ып салдық, әкең.

Бұл менің Жаңақорғанда естіген әңгімем.

- Мына ағаштардың басы толған ақтиіндер болатын. Солардың кесірінен күнде аула сыпырамыз. Жапырақтар түседі жерге. Бір күні бажамның тир мылтығын алып келіп түгел қы..ып салдым. 17 ақтиынды өлтірдім. Содан, рахат. Жапырақтар түспейді.

Бұл менің балабақшаның күзетшісінен естіген әңгімем.

Осыдан төрт -бес жыл бұрын Ақтауда шомылып жүрген жұртты қызықтап итбалықтың баласы келіпті. Әлгіні біздің қазақтар тепкілеп жүріп өл..ірді. (Қайтсын -ай, аталары батыр болған ғой)

Елдің мұңын тереңнен толғап жүретін достарым бар. Біреуі актер, біреуі жазушы, біреуі бес минутсыз қоғам қайраткері. Нарынқол жаққа бара жатып түлкі атып апты. Әшейін, еріккеннен. Өздері мәз соған. Тірі жанға қиянат жасадық-ау деген ой саналарына кіріп тұрған жоқ. Сол түлкінің терісі қайда қалғанын да білмейді.

Буаз ақбөкендерді қырып жатырмыз. Байғұстар шуын салбыратып, қанға боялып өле алмай шауып жүр.

Біз жауызбыз!

Біздің осы ниетімізге қарай осындай жауыз да жемқор билік бұйырады. Біз ешқашан бақытты халық бола алмаймыз. Өйткені ЖАУЫЗБЫЗ!

Автор: Жәнібек Әлікен

@kitapkz1
12.7K viewsedited  11:12
Ашу / Түсініктеме
2024-01-06 20:29:25
Үш күндік пәниде тіл табысып, түсінісуге тырысудың орнына...

Бұ жұрт жағаласып, жаға жыртысып, жауласып жатады. Не жетпейді бұ жұртқа? Иісі қазақ демесе бұл жақтан жиналған халық түгіл, ауылдағы ағайын да есепке көшкен. Есеппен сыйласады, жақсылығы сатулы... Не боп барады бұ дүние?

Баққожа Мұқай

Кітаптың толық нұсқасын оқығыңыз келе ме?

@kitapkz1
13.4K viewsedited  17:29
Ашу / Түсініктеме
2023-12-31 16:01:22
Желіде “Новый год харам, Аяз ата баран”, деген видеолар толып жүр. Үйдегі балалар да осыны көрген соң қылжақтап айтып отыр. Түсіндіру жұмыстарын жүргіздік)

Ал бүгін таңға жуық Тараз қаласының орталығындағы жаңажылдық шыршаны өртеп жіберіпті. Қасақана от қойған адам бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ұсталыпты. Халықтың ақшасына салынған дүниені өртеу күнә емес, ал шырша харам ба? Бұл сол баяғы әсіредіншіл хайуандардың әрекеті. Осылардың үйіне барып өрт қойып кетсең, қалай болар екен?! Астапыралла!

Автор: Ришат Асқарбекұлы

@kitapkz1
13.7K viewsedited  13:01
Ашу / Түсініктеме