Get Mystery Box with random crypto!

📚Электронды кітаптар

Арна мекенжайы: @kitapkz1
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 32.56K
Арнадан сипаттама

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2023-04-14 14:01:59 Оралу - Төлен Әбдік

https://t.me/kitapkz1
2.4K views11:01
Ашу / Түсініктеме
2023-04-14 14:01:31
Төлен Әбдіктің "Оралу" повесін оқуға көшпес бұрын, шығармадан қысқа ғана үзінді келтірейік...

- Ал бақыт деген не? - деді ол бұл бір әшейін зат дегендей қолын сілтеп.

- Бақыт деген адамдардың рухани қанағаты. Адам дүниеге қанағаттанбайды, білімге қанағаттанбайды...

Тағы немене... атаққа, шенге қанағаттанбайды, білімге қанағаттанбайды. Иә, оны айттым ғой...

Сонда енді адам басқа бірдеңеге қанағаттануға тиісті ғой... Айталық сіз бір қасиетті іс үшін жаныңызды құрбан етуге бел байладыңыз. Сіз өліп кетесіз, бірақ көздеген мақсатыңыз орындалғаннан кейін, рухани қанағаттанасыз. Одан артықтың сізге қажеті жоқ. Сіз бақыттысыз.

Түсініп отырсыз ба? Мысалы мені алайық... Мен Сәулені ұнатамын. Егер Сәуле де мені тап өзімдей ұнатса, мен үшін бұдан артықтың керегі жоқ. Қанағат. Бақыттымын
2.4K views11:01
Ашу / Түсініктеме
2023-04-14 12:22:50 Элвис Карлссон Мария Грипе

https://t.me/kitapkz1
126 viewsedited  09:22
Ашу / Түсініктеме
2023-04-14 12:22:10
Мария Грипе балалар әдебиетіндегі ұлы есімдердің бірі. Кітаптары әлемнің 27 тіліне аударылған. Назарыңызға ұсынып отырған "Эльвис Карлссон" повесі үшін 1983-ші жылы Х.Андерсон сыйлығын алған
140 views09:22
Ашу / Түсініктеме
2023-04-14 12:11:30
1883 жылғы 7 сәуірде Қажымұқан Мұңайтпасұлы өмірге келді. Cәуір айы - күш атасының 140 жылдығы.

Қазақ балуанының өнегелі өмір жолы мен спорттағы ерен еңбегін балаларға таныту мақсатында Mazmundama баспасынан осындай кітап жарық көрді

https://t.me/kitapkz1
259 viewsedited  09:11
Ашу / Түсініктеме
2023-04-14 07:27:17 Росатом шетелде АЭС салу мүмкіндігінен айрылды

Ресей Қазақстандағы АЭС құрылысына үміткерлер қатарынан кетуі мүмкін. Себебі, АҚШ Ресейдің "Росатом" мемлекеттік корпорациясының құрамына кіретін кәсіпорындарға қарсы санкциялар пакетін жариялады. Атап айтқанда, Росатом жобаларын шетелде дамытуға жауапты "Русатом Оверсиз" компаниясына қатысты шектеулер қойылды.

АҚШ Ресей мен басқа да мемлекеттердің 34 жеке және 120-дан астам заңды тұлғаларына қарсы санкция салды. Тиісті тізімді 12 сәуірде АҚШ Қаржы министрлігі жариялады. Оның құрамына, басқалармен қатар, ресейлік "Росатом" мемлекеттік корпорациясының құрылымына кіретін кәсіпорындар кірген.

АҚШ-тың ізін ала Еуроодақ Росатомға санкция салу мүмкіндігін қызу талқылай бастады. Қазір оған тек Венгрия қарсы болуда. Себебі, Росатом Венгриядағы "Пешт" атом электр станциясы құрылысын аяқтауы тиіс. Балтық жағалауы елдері, әсіресе Литва Росатомның тек Венгриядағы қызметін ғана шектемей, қалған жұмысына санкция салу бойынша консультациялар бастап кетті.

Қазақстан өзіндегі ірі жобаны санкция салынған компанияға тапсыра алмайды. Себебі, ол Батыстың алдында санкция режимін бұзды деп есептеледі. Бір жағынан, бұл Тоқаев үшін Кремль диктатынан құтылып кетудің тамаша сылтауы. Егер Ресей АЭС салушылардың шорт парағынан шығып қалса, онда бізде Франция, Оңтүстік Корея мен Қытай компаниялары қалады. Франция мен Қытайдың технологиясы бір - ол EPR-1200. Қазақстан осы технология бойынша АЭС-терге ядролық отын дайындайтын ел болып табылады. Сондықтан отынмен проблема болмайды. Бірақ, АЭС-ті Францияның салуы тым қымбат болып тұр. Ал Қытай өзінде 50 АЭС салуы тиіс. Бізге қолы босамайды. Олар "күтіңдер" деді.

Ең арзаны және ең қауіпсізі - Оңтүстік Корея. Қазақ атомшыларының ойы да осы Оңтүстік Кореяға ауып отыр. Бізді ұстап тұрған бір ғана мәселе – біз Оңтүстік Корея технологиясы бойынша ядролық отын дайындауды әлі игермедік. Бірақ Оңтүстік Корея оның технологиясын бізге беруге дайын екендігін ресми мәлімдеді. Егер шын келіссе, онда Өскемендегі Үлбі металлургия зауытының базасында қазір Қытайға АЭС отынын жасап жатқан "Үлбі-ТВС" сияқты тағы бір зауыт салуға болады.

Қазір Оңтүстік Кореяның АЭС технологиясы үшінші буынды APR-1400 реакторларына негізделген. Бұл қуатты, қауіпсіздігі өте тамаша, жаңа реактор. 1400 МВт қуат береді. Қазақстан үшін таптырмас таңдау. Балқашқа осындай 4 реактор (бір АЭС), Курчатовқа 4 реактор (бір АЭС), Шардараға 2 реактор (бір мини АЭС) қойып, болашақтың бар проблемасын шешіп алуға болады.

APR-1400 (Advanced Power Reactor 1400 MW electrity) — Korea Electric Power Corporation (KEPCO) ядролық корпорациясы әзірлеген қысымды судағы ядролық реактор. Бұл реактор үшінші буынды, яғни жаңа деп саналады. Ол өз уақытында ең қауіпсіз деп танылған OPR-1000 негізінде әзірленген. Қауіпсіз болғандықтан АҚШ пен Еуроодақ оған сертификат беріп, әлемнің кез-келген нүктесінде тұрғызуға рұқсат берді.

Жақын уақытта Қазақстан "ядролық остров" бойынша түпкілікті шешімге келуі тиіс. Қазақ ұлты - атом, ядролық технологияларды жетік меңгерген ұлттардың қатарына жатады. Қазір Қазақстанда үш тәжірибелік атом реакторы жұмыс істеуде. Курчатов қаласындағы "КТМ - Токамак" термоядролық құрылғы болып табылады. Көп елдер магнитты катушкадағы ториалды ядролық камерамызда өз тәжірибелерін өткізіп жүр.

https://t.me/dalainside
1.3K views04:27
Ашу / Түсініктеме
2023-04-14 06:58:24
Бүгін - жұма! Демек кешкі 6-да "Үйде жатпа!" арнасы әдеттегідей викторина ойнатады!

Арнаға жазылып, викторинаға қатыс! Киноға тегін билеттер ал. Кино ғана емес, концерт, театрға да тегін бара аласыз! Баратын күнін, шараны да өзіңіз таңдайсыз!

Ол үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына төмендегі сілтемемен жазылыңыз. Викторина шарттары сондағы постта көрсетілген. Қатысыңыз, билеттер ұтыңыз!

https://t.me/uidezhatpa
1.5K views03:58
Ашу / Түсініктеме
2023-04-13 06:48:35 Экономикалық сараптаманың негізгі ордасы - беделді іскерлік басылым "Курсивтің" қазақ редакциясы көптен бері қызмет етіп келеді. Қазақша экономикалық анализ бен болжам, сарапшылар пікірі қызықтырса, телеграм арнаға жазылып қойыңыздар!

https://t.me/qazkursiv
1.6K views03:48
Ашу / Түсініктеме
2023-04-12 18:51:03 Мұнай провокациясы: Мұратбай Жұмағалидың артынан ФСБ-ның көлеңкесі көріне бастады

Жаңаөзендегі дүрбелең және оның сауатты ұйымдастырылуы - осының режиссері кім деген сұраққа жетелейді. Себебі, жұмысшылардың штатқа алу бойынша заңды талабын енді саяси бағытқа бұрмалау әрекеттері басталды. Астанаға барған топ келісімге келсе де, «Өзенмұнайгазға» қарасты БЖБ мекемесінің жұмысшылары наразылық акцияларын жалғастырып, үлкен компанияның жұмысын тұралатып отыр.

Бұл топтың лидері – Мұратбай Жұмағали. Ол жақында өткен сайлауда Мәжіліске өте алмай қалған өкпелі мұнайшы. Мұратбай Жұмағали бастаған топ бүкіл «Өзенмұнайгаз» компаниясын тоқтатуды талап етуге көшті. Ал 150 мың халқы бар қала тұрғындары «Өзенмұнайгаз» компаниясына қарап отыр.

БЖБ мекемесінде наурыз айында бұрғылаушы (5 разряд) – 1 374 781 теңге, құбыр таситын көлікті жүргізуші (5 разряд) – 1 161 478 теңге, жерасты скважина операторы – (4 разряд) 1 228 526 теңге айлықты таза қолына алған. Ондай жұмыстан бас тартып, тоқтату үшін жұмысшыларға үлкен себеп керек. Оны тек ФСБ уәде ете алады. Және DALA INSIDE дереккөзінің мәліметі бойынша "жұмыссыз қалмайсыздар, Сургутнефтегаздың ауқымды жобасының вахтасына аламыз" деген уәделер берілген.

Қазақстан Әзірбайжанмен Каспий теңізі арқылы Ресейді айналып өту жобасын қолға алғаны сол еді, ФСБ екі елдің әлсіз тұстарын түртпектеуге көшті. Кеше Қазақстанда Жаңаөзен дүркіресе, Әзірбайжан Армян шекарасында провокациялар жүрді. Сондықтан Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Мұратбай Жұмағалиді бақылауға алу, жан-жақты байланысын тексеру аса маңызды. Себебі, ФСБ-ның осы әлсіз жерімізді барынша пайдаланатыны күмәнсіз.

https://t.me/dalainside
1.1K views15:51
Ашу / Түсініктеме
2023-04-12 13:38:17 МАГАТЭ Қазақстан АЭС салуға дайын деп отыр

Елімізге ақпан айының соңында МАГАТЭ миссиясы өкілдері мен халықаралық сарапшылар келіп кетті. Олар Қазақстанның ядролық-энергетикалық инфрақұрылымы мен әлеуетімен, алғашқы салынатын АЭС құрылысы бойынша жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстарымен танысты.

Ядролық инфрақұрылымды кешенді шолу жөніндегі миссия МАГАТЭ-нің халықаралық сарапшылармен бірлесіп, әртүрлі елдегі озық тәжірибе туралы терең талдау жүргізуіне мүмкіндік береді. Бұл миссия – INIR деп аталады.

Бұл миссия дайындаған кез келген ұсынысты орындау миссияны өткізуге өтініш берген мүше мемлекеттің қалауында болады. Ұлттық ядролық инфрақұрылымды дамытуға ықпал ететін INIR миссиясының нәтижесі кемшіліктерді жою бойынша іс-қимыл жоспарын әзірлеуге көмектеседі.

Сонымен, ядролық инфрақұрылымға толыққанды кешенді шолу жасаған сарапшылар тобы төрт күндік миссия нәтижесінде Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) ядролық инфрақұрылымды шолу жөніндегі алдыңғы миссиясының ұсынымдарын орындауда едәуір ілгерілеушілік барын жеткізді.

Энергетика министрлігінің айтуынша, INIR миссиясының жұмыс тобы ядролық энергетикалық бағдарламаны үйлестіру, атом электр станциясын қаржыландыруды түсіну, апатқа қарсы жоспарлау және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу бойынша ұсынымдарды Қазақстан толығымен іске асырғанын атап өткен.
https://dalainside.kz/04/manyzdy/12/2023/912/
1.7K views10:38
Ашу / Түсініктеме