Get Mystery Box with random crypto!

📚Электронды кітаптар

Арна мекенжайы: @kitapkz1
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 32.56K
Арнадан сипаттама

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 24

2023-03-03 10:22:16 Электр жабдықтары саласының кәсіпкері Азат Қонысбек: Біз АЭС-тің керек екенін түсініп отырмыз

“Қазақстанның дамуы үшін атом электр стансасын салу керек. Мұндайда тәуелсіздік алғалы бері толыққанды жандандыра алмаған қайта өңдеуші саланы аяғынан тік тұрғызып, экономикамызды диверсификациялауға ақыры қол жеткізе алар едік”, - дейді, электр жабдықтары саудасы саласындағы кәсіпкер Азат Қонысбек.

Оның айтуынша, мемлекет басшысының өзі 2030 жылы Қазақстанда электр энергиясының жетіспеушілігі байқалуына алаңдап отыр. Кәсіпкердің ойынша, осы мәселені қазір шешуіміз қажет.
«Бұл біздің бүкіл халықтың мүддесіне қатысты. Өзіміздің АЭС-іміз болса, онда елімізде технологиялық ірі өндірістер ашылып, бұған дейін құра алмаған қайта өңдеуші саланы дамытып, экономиканы диверсификациялауға ақыры қол жеткізе алар едік», – дейді кәсіпкер.

Қазақстан қазір 4 компаниядан тұратын шорт-парақ жасақтады. Атап айтқанда, Ресейдің Росатом, Қытайдың CNNC, Оңтүстік Кореяның KHNP және Францияның EDF компаниялары. Барлығымен келіссөз бірдей деңгейде жүріп жатыр. Әзірге ешқайсысына да басымдық беріліп отырған жоқ.

Осы компаниялар ұсынатын реакторлардың қуаты шамалас: 1200 – 1400 МВт.

https://dalanews.kz/bas-takyryp/86848-vendor-tangdauda-qatelespeu-kerek-ka
2.3K views07:22
Ашу / Түсініктеме
2023-03-03 08:10:22 Тынымбай Нұрмағанбетов - Періштелердің өлімі

https://t.me/kitapkz1
2.8K viewsedited  05:10
Ашу / Түсініктеме
2023-03-03 08:08:57
Бұл арада шұбар жыланның суреті бекер тұрған жоқ!

Көзі тірі классик Тынымбай Нұрмағанбетовтың "Періштелердің өлімі" роман-хикаятын оқысаңыз, көп нәрсеге көзіңіз жетеді...
2.8K views05:08
Ашу / Түсініктеме
2023-03-01 19:45:00
Қазақтар дымға керегі жоқ курстарды сатып алып, кредитке кіріп жатыр...

Қазақтарға қызыл-жасылға толы инстаграм қатты әсер етіп жатыр.

Адамдар өзі оқымайды, ізденбейді, тіпті посттың тақырыбын оқып, соған сеніп отыра беретін дәрежеге жеттік. Сосын әлбетте Түлкінің аузына түскен Бауырсақ ұқсап дымға керегі жоқ КУРСТАРДЫ сатып алып, кредиттен кредитке батып жүреді.

5-6 баласы бар әйелдер кредитке маркетологтың сабағын сатып алған, сөйтеді де жылап хат жазады.

Алар кезде Таңдау еркі өзінде болды.

“Бүкіл малымызды сатып, ақшаны пирамидаға салып жібердік” деп тағы жылап отыр бір әйел.

Ақыл айтпаймын. Оған қақым да жоқ. Тек кез келген істі істерде “Не үшін?” деп сұрақ қоямын өзіме. Жауабы түбінде шығады.

Букмекер, азарт ойыны, казино, пирамида, сетевой, деградацияға ұшырататын өтірік курс, сабақтар, құрғақ уағызбен адамды қорқытып тастаған ағымдар. Адамдар “қаңбақша” қаңғалақтап жүр.

Не үшін? Беті жылтыр, сөзі әдемі өзің сияқты Адамның “КӨШІРМЕСІ” болу үшін бе? Даралық қайда? Құдай әр адамды әртүрлі Болмыс қып жаратты. Сол Даралықты сақтап қалсаң балаңа да үлгі боласың сол кезде.

Тамырың терең болса, қаңғалақтап кім көрінгеннің соңынан кетпейсің. Ермейсің, ізденесің, оқисың, ой қорытасың, таңдау жасап, шешім қабылдайсың.

Өйтпеген жағдайда жүргенің басыңды тауға бір, тасқа бір соғып. Аха, қаңбақ сияқты

Жанат Бақыт

https://t.me/kitapkz1
4.5K views16:45
Ашу / Түсініктеме
2023-03-01 17:05:17 Қуаныш Шоңбай - Бізге айтылмаған Құпия

https://t.me/kitapkz1
4.2K viewsedited  14:05
Ашу / Түсініктеме
2023-03-01 16:58:46
“Бізге айтылмаған Құпия” – көптеген кітаптарда жазыла бермейтін, адамдармен талқылана бермейтін тақырыпты қамтиды.

Бұл кітап сіз бен бізге үйреншікті болып кеткен “сен мықтысың”, “сен күштісің” деген форматтан бөлек.

Қуаныш Шоңбайдың "Q-п-Я"-сын алғашқылардың бірі болып білгіңіз келе ме?
4.0K views13:58
Ашу / Түсініктеме
2023-03-01 16:09:18
Ұзақ жасағыңыз келсе, ашуланбаңыз!

Адам баласы өте қатты ашуға берілмеуі керек. Француз ғалымдары бір зерттеу жүргізіпті, сонда қатты ашуланған адамның өтінен асып-тасып көтерілген арам у асқазанға құйылып кететін көрінеді. Бірер, болмашы тамшысы кетсе де ол барып тұрған у дейді ғалымдар.

Сөйтіп асқазан жарасы, тағы басқасының алғы шартын өзіңізге-өзіңіз жасайды екенсіз.

Тіпті бар ғой адам ашуланғанда біреуге айқайлап, "аузына ақ ит кіріп, көк ит шыққан" жағдайда езуіне жиналған көбікті алып дейді, итке тамағына қосып берсе көп ұзамай әлгі ит өліп қалатын көрінеді.

Ашу деген уытты у болып тұр! Аты да айтып тұрғандай ғой. "АШ" және "У". Ашыққаны сондай айналасын жалмайтын у екен. Оның үстіне"Аш! У!"деп тұр, яғни удың бетін аш деген сөз. Жабық жатқан уды ашып жіберу деген сөз.

Ұрысқақ адамның үйінде гүл ататын өсімдіктерге шейін жөнді өспейді екен. Мұсылман тәрбиесінде ашулансаң отыра қал, тіпті жата қал деуі, болмаса тысқа шығып кет деуі, әйтеуір сабырға шақыруы бекер емес.

"Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос!" деген ғой хәкім Абай

Мұнайдар Балмолда

https://t.me/kitapkz1
3.7K viewsedited  13:09
Ашу / Түсініктеме