Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖАНДАРЫМ СОЛ БҮГІН “САЯХАТТАҒЫ” КАРТА МӘСЕЛЕСІН Ж | 💰GULMIRA QARASAI

ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖАНДАРЫМ СОЛ БҮГІН “САЯХАТТАҒЫ” КАРТА МӘСЕЛЕСІН ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ

3-кеңес. БІРНЕШЕ БАНК КАРТАСЫН ҚОЛДАНЫҢЫЗ


Сіз банкке хабарласып, жағдайды шешкеніңізбен, техникалық ақауларға байланысты да ақшаңызды шеше алмауыңыз мүмкін.

Сондай жағдай болмас үшін кем дегенде 2 картаңызды алыңыз. Екеуі екі банктен және әртүрлі төлем жүйесі болуы тиіс. Кейбір карталардың төлемі шетелде жүрмейді. Ал, кейбір банк карталарына шетелде шектеулер бар. Саяхатқа шығардан алдын банкке барып, менеджерден консультация алыңыз.

P.s. Банктің колл центрінде отыратын менеджерлердің білімі аз, тәжірибесі аз. Сізге дұрыс консультация бере алмайды, сол үшін банктің өзіне барыңыз!

4-кеңес. АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Екі картаңыз бар, бәрі сіз жоспарлағандай болып жатыр. Бірақ қартаңыздан ақша жоғалып жатыр.

- ЕШҚАШАН БАНК КАРТАҢЫЗДЫ сізден алып, төлемді басқа жерде жасауына жол бермеңіз. Алаяқтар сіздің банк картаңыз туралы барлық ақпаратты алып, кейін интернеттегі сайттар арқылы тауар сатып алады.

- Үлкен сауда орталықтарында, қонақ үйлерде орналасқан банкоматтардан ақша шешіңіз. Өйткені, ол қауіпсіз. Ең жақсысы, банктің ішінде орналасқан банкоматтардан шешкен абзал.

- Ақша шешерден алдын банкоматты мұқият қарап шығыңыз. Кішкентай камераның бар-жоғы, клавиатураны ары-бері қозғатып көріңіз. Басқа да қосымша нәрселердің бар-жоғын тексеріңіз.

- Егер сізге банкоматпен көмек керек болса, бейтнаныс адамдардан көмек сұрамаңыз. Әсіресе артыңызда кезекте тұрған адамнан немесе жаныңызда “кеше тура сондай жағдай болды”, - деп, сізге айтып тұрса, тіпті жақындамаңыз. Ешкімге ПИН кодты айтпаңыз. Банкке барып, менеджерден көмек сұраңыз.

ЖАЛҒАСЫ БАР …

СІЗДЕР ШЕТЕЛДЕ ЕШКІМ ЕМЕССІЗДЕР. СІЗДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІҢІЗ, АҚШАҢЫЗДЫҢ, БАЛАҢЫЗДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ - ТЕК СІЗДІҢ ҚОЛЫҢЫЗДА! “САҚТАНСАҢ САҚТАЙМЫН”, - дейді АЛЛА ТАҒАЛА!