Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖАНДАРЫМ СОЛ БҮГІН БІЗ “ИНФЛЯЦИЯ” ТАҚЫРЫБЫН ЖАЛҒ | 💰GULMIRA QARASAI

ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖАНДАРЫМ СОЛ БҮГІН БІЗ “ИНФЛЯЦИЯ” ТАҚЫРЫБЫН ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ

1. НЕГЕ МЕМЛЕКЕТ ИНФЛЯЦИЯНЫ ЖОҚ ҚЫЛМАЙДЫ?
Қазақстан нарықтық экономиканы таңдағандықтан, нарыққа мемлекет араласып, оны толықтай басқара алмайды. Егер басқара алса, онда елімізде жоспарлы экономика болушы еді (бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегідей). Одан бөлек, егер елде инфляция болмаса, дефляция болады. Бұл дегеніміз - халық ақша құртпайды. Яғни, тауар арзандайды деп, барлығы ақшасын қолдарында ұстап күтеді. Осылай экономикалық белсенділік тоқтайды. Сондықтан әрбір елге аздаған инфляция маңызды. Ол тұтыну мен инвестицияға серпін беріп, экономикалық өсімге жол ашады.

Ал, егер инфлияция тым жоғары болса, ақша құнсызданып кетеді. Нарықтағы қызметтер мен тауарлардың құнын өтуге ақша жетпейді. Адамдар мұндай жағдайда бартерге көшеді. Бұл жағдайда да экономикалық белсенділік төмендейді.

2.
”БАЗАЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Жаңалықтардан “Базалық мөлшерлеме” туралы естіген боларсыздар. Енді осыған тоқталсақ. Базалық мөлшерлеме - бұл экономикадағы ақшаның құны. Ұлттық банк (Халық банк емес) екінші деңгейлі банктерге (Халық, БЦК, Береке, Форте, Фридем) базалық мөлшерлеме бойынша ақша береді. Қазіргі таңда базалық мөлшерлеме 16% құрайды. Енді банктер халыққа кредит берер кезде осы базалық мөлшерлемені пайдаланады. Жаңағы 16% үстіне өз пайызын қосады. Яғни, ол қосқан пайызы - банктің пайдасы. Мысалы, банктің несиесінің пайызы 45% болса, онда оның 29% өзінің табысы деген сөз.

Өкінішке орай, Қазақстанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жиі өзгертеді.

3. ИНФЛЯЦИЯ КЕЗІНДЕ ХАЛЫҚ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Кредит алуды тоқтату керек. Банктің пайызы өсуде. Ал, айлық өспей жатыр. Той жасап, шашылуды тоқтату керек. Әсіресе, той жасау үшін КРЕДИТ алуды доғару керек! Артық ақша болса жинаңыз! Шашпаңыз! ”Мемлекет көмектеседі, банктен кредит ала саламын”, - деген ойлардан арылыңыздар. “Өзіңе сен өзіңді алып шығар, еңбегің мен білімің екі жақтап”.

ҚҰРМЕТТІЛЕРІМ БҮГІНГІ ТАҚЫРЫП ҰНАДЫ МА?