Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖҮРЕКТЕР ? “КАРТА” ТУРАЛЫ ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ. АЛ, КЕТТІ | 💰GULMIRA QARASAI

ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖҮРЕКТЕР ? “КАРТА” ТУРАЛЫ ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ. АЛ, КЕТТІК

5-кеңес. ӘРДАЙЫМ БАНКПЕН ХАБАРДА БОЛЫҢЫЗ.


Картаңызға ақшаны жұмсағаныңыз жөнінде смс келмейтін болса, соны қостырып кетіңіз. Мобильді банкті жиі тексеріп тұрыңыз. Солай сіз ақшаңыздың бар-жоғын біліп отырасыз. Егер картадан бір нәрсе сатылып алынса, сіз бірден қалған ақшаны басқа картаға аудара аласыз.

Картаңыз алаяқтардың қолына түссе (жоғалтып алсаңыз), мобильді банкингке кіріп немесе банкке тікелей хабарласып, картаңызды бұғаттап тастаңыз. Сол кезде алаяқтар ақша шеше алмайды. Ал, егер сіз банкке ескерткеннен соң ақша шешілсе, онда банк сіздің ақшаңызды қайтарып беруі тиіс.

6-кеңес. АВТО, ҚОНАҚ ҮЙДІ БРОНЬДАУҒА АРНАЙЫ КАРТА ЖАСАТЫҢЫЗ.

Иә, иә! Мысалы, сіз шетелде үйді не машинаны жалға алсаңыз, картадағы жарты ақшаңызды қол жетімді етпей қояды. Өйткені, сіз біреудің мүлкін алып отырсыз және оған қандай да бір нәрсе болса (жиһазды құрту, сындыру, машинаны соғу, автоны сыру және т.б.), онда сол картадағы жарты ақшадан автоматты түрде алынады.

Сол үшін арнайы картамен броньдасаңыз, сол картада қанша ақша бар, солар қол жетімсіз болады. Әрі сіз ол картаға артық ақша салмайсыз ғой, сондықтан алаңдамайсыз.

ҚҰРМЕТТІЛЕР СІЗДЕРГЕ БЕРГЕН АҚПАРАТЫМ ПАЙДАЛЫ БОЛДЫ ДЕГЕН ҮМІТТЕМІН. РЕАКЦИЯ ЖІБЕРІП ҚОЙСАҢЫЗДАР