Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖАНДАРЫМ СОЛ? АПТАНЫҢ ТӨРЕСІ - ЖҰМА ҚАБЫЛ БОЛСЫН | 💰GULMIRA QARASAI

ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖАНДАРЫМ СОЛ? АПТАНЫҢ ТӨРЕСІ - ЖҰМА ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

“ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДА” ТАҚЫРЫБЫН ӘРІ ҚАРАЙ ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ


7. АГРЕССИВТІ ЖАРНАМА МЕН МАРКЕТИНГ.
Қаржылық пирамиданың өкілдері осындай жарнамаларды көп қолданады. Сондай-ақ, суық хабарласу тәсілін де қолданады. Суық хабарласу тәсілі дегеніміз - менеджер өзі бірінші клиентке хабарласады. Клиент ол компания туралы ештеңе білмейді, менеджер тауарды не қызметті - сол ештеңе білмейтін клиентке таныстырып, қызығушылығын оятады. Қаржылық пирамидағы менеджерлер былай хабарласады:

-Сәлеметсіз бе, Арай!
-Сәлеметсіз бе!
-Мен “Бәленбай Компаниясынан” хабарласып тұрмын. Сізге сөйлесуге ыңғайлы ма?
-Менің нөмірімді қайдан алдыңыз? Ол қандай компания?
-Бәлкім танысың, досыңыз біздің компанияға қалдырған болар?! Айтпағым, сіз 150.000 теңгелік сертификатты ұтып алдыңыз.
-Ол не сертификат?
-Оны сізге толық біздің офисте түсінідіріп береді. Бүгін келе аласыз ба?
-Иә, мекенжай қандай?
-Түгеншейов көшесі, 234 үй. Біз сізді күтеміз. Тағы да құттықтаймын!
-Рақмет! Сау болыңыз!

Міне, мұндай хабарласу бұл тек бір ғана мысалы. Кейде “путевка”, “саяхат”, “ноутбук”, “машина”, “пәтер” ұттыңыз деп те хабарласады. Сіз олардың офисіне барғаннан соң сізді әдемі киінген адамдар қарсы алады. Алдыңызға кофе, шәйіңізді беріп, жылы сөйлеп басыңызды айналдыруға кіріседі. Сізді 2-3 сағаттай ұстайды. Олардың мақсаты сіз офисте кезінде барынша ақша алып қалу. Өйткені, үйге барғаннан соң сіз айнып қалуыңыз мүмкін немесе сізді туыстарыңыз айнытуы мүмкін. Соны болдырмас үшін олар бәрін жасайды.

8. КОМПАНИЯНЫҢ ҚИЫН ҚҰРЫЛЫМЫ. Компания өзін таныстырғанда әртүрлі елдерде еншілес компаниялар (дочерные) және көп оффшорлық шоттары бар екен мақтанып тұрып айтады. Яғни, біздің компания үлкен, сондықтан қорықпауға болады деп. Бірақ, мұндай компанияның ақшасының қайда кетіп жатқанын бақылау да, ұстау да өте қиын. Мұндай компания сізді ойландыру керек.

ЖАЛҒАСЫ БАР…

ҚҰРМЕТТІЛЕРІМ МЕН СІЗДЕРГЕ БАРЫНША ТҮСІНІКТІ БОЛУ ҮШІН ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН ЖАЗЫП ЖАТЫРМЫН. ЕГЕР БАСТАРЫҢЫЗДАН ОСЫНДАЙ ЖАҒДАЙ ӨТСЕ НЕМЕСЕ ЕСТІГЕН БОЛСАҢЫЗ, БҰЛ ЖАЗҒАНЫМДЫ БӨЛІСІҢІЗ.