Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖАНДАРЫМ СОЛ? ”АҚШАНЫ МҮЛДЕМ ЖИНАЙ АЛМАЙТЫНДАРҒА” | 💰GULMIRA QARASAI

ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖАНДАРЫМ СОЛ? ”АҚШАНЫ МҮЛДЕМ ЖИНАЙ АЛМАЙТЫНДАРҒА” АРНАЛҒАН ЖАЗБАМДЫ ЖАЛҒАСТЫРАМЫН

3. ЕШҚАШАН ЖИНАЛҒАН 10% ТИСУГЕ БОЛМАЙДЫ!


Сіз айлығыңыздың 90% (135.000 теңге) өмір сүріп үйрендіңіз. Ал, жинап жүрген 10% (15.000 теңге) сіз “МЕНІКІ ЕМЕС” деген қағида жасап алыңыз. Бұл ақша қазір сіздікі болмағанымен, қартайғада біреудің қолына қарамай, қадірлі қарт адам болуға үлес қосады.

4. 5% НЕМЕСЕ 11% ЖИНАҢЫЗ

Егер айлығыңыз 150.000 теңге емес, одан аз болғанда қалай жинаймыз деген сұраққа, мен 5% жинаңыз дер едім. Әрине, айлық аз болғанда әрбір теңгенің орны білінеді. Мысалы, сіздің айлығыңыз 70.000 теңге. Бірден 7000 теңгені жинау қиын, сол үшін әр айда 3500 теңгеден жинаңыз. Егер тіпті болмай жатса, 700 теңгеден бастаңыз. Бұл айлығыңыздың 1%.

Бұл әрине аз. Бірақ, сізде ақша жинау әдеті қалыптасады. Ақша жинаған сайын адам қуанады әрі әрдайым “артық ақшам бар ғой” деген сезім сыйлайды.