Get Mystery Box with random crypto!

Azattyq - Азаттық

Telegram арнасының логотипі azattyq — Azattyq - Азаттық A
Telegram арнасының логотипі azattyq — Azattyq - Азаттық
Арна мекенжайы: @azattyq
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 8.68K
Арнадан сипаттама

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!
Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq
❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.
📍Website: https://www.azattyq.org
📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-06-15 11:53:53 Маусымның 15-іне қараған түні Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы "Кезби" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндіріс нысанында мұнай ұңғымаларын жөндеу жұмысына қолданылатын көтергіш агрегат өртеніп, салдарынан 43 жастағы машинист мерт болған.

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мәліметінше, өндіріс басында болған өрттен жанып кеткен адам – Бейнау ауданының тұрғыны.

– 14 маусымда сағат 23.50-де Жаңаөзен қаласынан 40 шақырымдағы "Өзенмұнайгаз" акционерлік қоғамына тиесілі №2 мұнай-газ өндіру басқармасы аумағында №9180 ұңғыманы тоқтату барысында АПРС-40 көтергіш қондырғысы жанған. Өрт 15 маусымда сағат 00:51-де сөндірілді. Оқиға орнынан жанған адамның мәйіті табылды" деп хабарлады Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз орталығы.

t.me/azattyq
113 views08:53
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 11:35:56 Тоқаев биылғы Қаңтар оқиғасы кезінде өзіне "ұшаққа немесе тікұшаққа мініп, елден кету" туралы ұсыныс болғанын, бірақ оны тыңдамай, өз резиденциясында түнегенін айтты.

Тоқаев бұл жайында Ресейдің "Россия 24" мемлекеттік телеарнасына берген сұхбатында айтқан деп хабарлады Интерфакс.

"Төңкеріс атаулының мақсаты – билікке басқа адамдардың келуі. Маған келсек, сол күндері осы жерде, президент резиденциясы ғимаратынан ешқайда шыққан жоқпын. Әрине, осында түнедім. Астанадан кетпейтінімді әу бастан айттым" деген Тоқаев "Россия 24" телеарнасы тілшісі Андрей Кондрашовке берген сұхбатында.

t.me/azattyq
206 viewsedited  08:35
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 10:24:57
Украинадағы соғыста Қырғызстанның тағы бір азаматы қаза тапқан. Талас облысының тумасы, 38 жастағы Руслан Полотовтың қаза болғанын оның бауыры Ислан Полотов растады деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі.

"Ол екі жыл бұрын Ресейге кеткен еді. Ал Украинаға нақты қай кезде барғанынан айта алмаймын. Бірақ ол өз еркімен барған. Луганск облысындағы Рубежное қаласында қаза тапқан. Бауырымның сүйегін Мәскеуден [елге] жеткізді, 3 маусымда жерленді. Ол Қырғызстан азаматы болатын, Ресей азаматтығын аламын деген ойы болған жоқ" дейді Ислан Полотов.

Руслан Полотовтың Қырғызстанның Талас облысы Үш қорған ауылында тіркеуде тұрғанын жергілікті билік қызметкерлері растаған.

t.me/azattyq
398 viewsedited  07:24
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 09:03:40 Мәскеу бір топ британ журналисі мен әскери сала өкілдеріне санкция салды

Ресей сыртқы істер министрлігі 14 маусымда жариялаған "қара тізімге" 49 адам енгізілген.

Ресей СІМ таратқан мәлімдемеде бұл шешім осыған дейін ресейлік "жетекші журналистер" мен Ресей қорғаныс министрлігіне қарасты компаниялар басшыларына Лондонның салған санкцияларына жауап ретінде қабылданғаны айтылған.

Ресей билігі ел аумағына келуге тыйым салғандардың арасында ВВС, Guardian, Times, Sunday Times, Financial Times, Daily Telegraph, Sky News, Independent және басқа британдық медиа компанияларда жұмыс істейтін журналистер менеджерлер бар.

t.me/azattyq
522 views06:03
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 08:10:06
Тоқаев мемхатшы қызметін жойып, мемлекеттік кеңесші қызметін ашты. Бұл орынға Қарин тағайындалды

Президент қаулысына сай, мемлекеттік кеңесшіні президент тағайындайды және президентке бағынады.

Мемлекеттік кеңесші президенттің ішкі саясат саласы бойынша стратегиялық ұсыныстарын тұжырымдайды; парламентпен, мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен қатынастарда, халықаралық қарым-қатынастарда президент атынан өкілдік етеді.

Бұдан бөлек, білім, ғылым, мәдениет және спорт мәселелері бойынша қызметтерді; мемлекеттік түрлі комиссиялардың, ұлттық құрылдайтың жұмыстарын үйлестіреді.

t.me/azattyq
571 viewsedited  05:10
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 08:01:36
"Сиқы кеткен қала". Қайтадан облыс орталығына айналған Семейдің қазіргі жағдайы

2022 жылғы 8 маусымда, араға 25 жыл салып, Қазақстанның шығысындағы Семей қаласына облыс орталығы мәртебесі қайта берілді. Қазір Семей өмір сүру сапасы бойынша рейтингте 25 қаланың ішінде 23-орында тұр. Қалаға берілген жаңа мәртебе оның "депрессивті өңірлер" қатарынан шығуына көмектесе ала ма?

СІЛТЕМЕ

t.me/azattyq
574 viewsedited  05:01
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 07:48:58 Навальныйды Покровтағы колониядан алып кеткен. Жақтастары оны қатаң режимді түрмеге ауыстыруы мүмкін дейді

"Оған келген адвокат кіреберісте 14.00-ке дейін тұрған, одан кейін қорғаушыға "мұнда ондай сотталушы жоқ" деген. Навальныйды қазір қайда әкеткенін білмейміз" деді оппозиционердің жақтасы Леонид Волков.

Саясаткердің баспасөз хатшысы Кира Ярмыш "Навальныйды басқа жаққа ауыстыратыны жайлы адвокатына да, туыстарына да айтпады" деді.

"Оны қатаң режимдегі ИК-6 колонияға ауыстыратыны туралы әңгіме шыққан, бірақ оны шынымен сонда алып кетті ме, білу қиын" деп жазды ол.

t.me/azattyq
559 viewsedited  04:48
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 07:30:38
АҚШ Украинаға дүркіндете ататын реактивті қару жүйесімен соққы беруіне қажет барлау мәліметтерін бермек ниетте.

Пентагонның дерегінше, қазір украин сарбаздары HIMARS және MLRS қару жүйелерін қолдануға машықтанып жатыр.

АҚШ әзірге Ресей артиллериясы Украинамен салыстырғанда көп екенін растайды. Вашингтон Украина армиясын өз жеріндегі нысаналарды жоюға қажеттің бәрімен қамтамасыз еткісі келетінін тағы айтып отыр.

t.me/azattyq
583 views04:30
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 06:10:01
Қаңтарда оққа ұшқан азаматтың жесірі босанды. Марқұмның ісі тергелмей тұр

Қызылордалық Абзал Шаймерденов 7 қаңтар күні оққа ұшып, қаза тапты. Полиция қызметкерлері Абзал мен достарының көлігіне "комендант сағаты тәртібін бұзды" деп оқ жаудырған. Оқ Абзалдың жүрегіне тиген. Марқұм күтіп жүрген перзентін көре алмай кетті.

t.me/azattyq
646 views03:10
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 05:45:25
Талғарда үш шаңырақ күркеде тұрып жатыр

Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Кеңдала ауылында үш отбасы көктемнен бері күркеде күнелтіп жүр. Үйі наурызда өртеніп кеткен әулеттің тұрмысы да төмен. Суық түскенше баспананы қайта жөндеуге қаражат жетпейтінін айтады.

t.me/azattyq
699 views02:45
Ашу / Түсініктеме