Get Mystery Box with random crypto!

Azattyq - Азаттық

Telegram арнасының логотипі azattyq — Azattyq - Азаттық A
Telegram арнасының логотипі azattyq — Azattyq - Азаттық
Арна мекенжайы: @azattyq
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 8.68K
Арнадан сипаттама

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!
Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq
❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.
📍Website: https://www.azattyq.org
📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-06-24 16:32:24
КӨРУ -

229 views13:32
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 13:11:44 Қытай билігінің Шыңжаңдағы мұсылмандарға жасаған қысымынан Қазақстанға қашып келген бес қазақ әлі күнге дейін азаматтық ала алмай жүр. Төртеуінде бір жылдық "босқын" статусы, біреуінде "пана іздеуші тұлға" куәлігі бар. Олар азаматтық алмағандықтан ешкім жұмысқа қабылдамайтынын, дәрігер қарамайтынын айтады. Қытай қысымынан қашып келген қазақтардың қазіргі ахуалы қандай?

Сілтеме

https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-five-ethnic-kazakhs-from-xinjiang-and-their-refugee-status/31912838.html
535 views10:11
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 11:23:08 Польша депутаты жеміс теруге украиндардың орнына өзбек мигранттарын шақыруды ұсынды

Польша парламентініңдепутаты әрі жергілікті бағбандар ассоциациясының президенті Мирослав Малишевский биылғы жеміс-жидек теру науқанына украиндардың орнына өзбек мигранттарын тарту туралы ұсыныс жасады. Бұл туралы Польшаның Wiadomosci ze swiata басылымы хабарлады.

Басылымның жазуынша, Украинада Ресей басқыншылығына байланысты әскер қатарына шақыруға жарамды ер азаматтардың ел аумағынан шығуына тыйым салынғандықтан, Польшада биыл жұмыс күші жетіспей жатыр. Жылда бұл науқандық жұмысты істейтіндер арасында украиндар көп болатын.

https://www.azattyq.org/a/31913087.html
668 views08:23
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 10:36:34
Ресей пропагандисі Тигран Кеосаянды Қазақстан террористермен бір тізімге енгізді. Бұл туралы ақпарат көзіне сүйеніп, ҚазТАГ хабарлады.

"БАҚ Қазақстан Кеосаянды "жағымсыздар" тізіміне енгізуі мүмкін деген ақпарат жарияласымен оны сол тізімге қосқан. Шекарада оның аты-жөні тұсына "қызыл жалау" қойылған. Ол тізімде Кеосаяннан бөлек террористер және Қазақстанда жағымсыз саналатын өзге элементтер де бар" деген ақпарат көзінің сөзін келтірген агенттік бұл ақпарат "рәсімді бүге-шігесіне дейін білетін" адамнан алынғанын айтады.

Басылымның ақпарат көзінің хабарлауынша, бұған дейін ресми деңгейде берілген уәде бойынша, Кеосаян ақыр соңында Қазақстан елге келуін қаламайтын адамдардан тұратын тізімге енгізілген.

"Шын мәнісінде бұл көлемді тізім, оған негізінен террористер және соларға ұқсас өзге адамдар енгізіледі, енді соларға Кеосаян да қосылды" деген ақпарат көзінің сөзін келтірген басылым.

t.me/azattyq
686 views07:36
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 09:57:45 Қырғыз омбудсмені: экс-банкир Асанбаев абақтыда қаза болғанға дейін тергеуші онымен адвокатсыз сөйлескен

Қырғызстанның адам құқығы жөніндегі уәкілі (омбудсмен) Атыр Абдрахматова Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің тергеу абақтысында белгісіз жағдайда көз жұмғанға дейін "Айыл банк" төрағасының бұрынғы орынбасары Бақыт Асановпен тергеушінің адвокатсыз сөйлескені анықталғанын айтты.

Абдархматова видеокамера жазбасын көріп, марқұммен бір камерада отырған адамдармен әңгімелескен.

"Өлерінен бір күн бұрын [Асанбаев] тергеушімен адвокатсыз сөйлескен, сондықтан тергеушіге қояр сұрақ бар. Сонымен бірге оған дейін көп уақыт жүріп-тұруға жағдай жоқ камерада отырған оны жағдайы бөлек басқа камераға неліктен ауыстырған деген сұрақ туындайды. Әлгі камерада отырған адамның оқыс бірдеңеге ұшырауына себеп болуы мүмкін заттардың болуы да сұрақ туғызады" деген омбудсмен.

https://www.azattyq.org/a/31912898.html
671 views06:57
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 07:32:47
АҚШ-тың дүркіндете ататын реактивті қару жүйесі (HIMARS) Украинаға келіп жетті деп жазды Twitter-парақшасына Украина қорғаныс министрі Алексей Резников. Ол "осы қуатты қару" үшін америкалық әріптесі Ллойд Остинге ризашылығын білдірген.

HIMARS реактивті қару жүйесі 80 шақырымға дейінгі қашықтағы нысананы жоя алады, яғни ресейлік осындай қарумен салыстырғанда снаряд алысқа жетеді. Украина армиясы бұл қарудың Ресей күштеріне қарсы ұрыста, әсіресе артиллерия шайқасында зор көмегі болады деп үміттенеді. Әзірге Ресей армиясы артеллерия жағынан басым болып тұр.

Бұған дейін АҚШ Киевке әскери көмек ретінде төрт HIMARS реактивті қару жүйесін беретінін мәлімдеген, қазір Украинаға тағы төрт данасын беру мәселесі талқыланып жатыр.

Украина әскерилері HIMARS қару жүйесін қалай қолдануды үйреніп, машықтанды. Бұған қоса АҚШ Украинаға дүркіндете ататын реактивті қару жүйесімен соққы беруіне қажет барлау мәліметтерін беруге уәде еткен.

t.me/azattyq
774 views04:32
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 06:24:21 Украина мен Молдоваға Еуроодақ мүшелігіне кандидат статусы берілді

23 маусымда Брюссельде өткен Еуропа одағы саммиті Украина мен Молдоваға одақ мүшелігіне кандидат статусын беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Люксембург премьер-министрі Ксавье Беттель мен Еурокеңес басшысы Шарль Мишель хабарлады.

Украина президенті Владимир Зеленский саммит құптап, оны Украина мен Еуроодақ арасындағы ерекше сәт деп атады. Украинаның Еуроодақтағы елшісі Всеволод Ченцов Reuters агенттігіне: бұл шешім "Украина мен бұрынғы Совет одағы [құрамында болған] елдердің Ресейдің ықпал аймағына жатпайтынын Мәскеуге білдірген белгі" деп мәлімдеген.

https://www.azattyq.org/a/31912829.html
831 views03:24
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 19:12:58
Полиция министрлік алдында қонып жатқан жаңаөзендіктерге айыппұл салды

Нұр-Сұлтанда екі аптаға жуық еңбек министрлігі алдында түнеп жатқан Жаңаөзен тұрғындарын полиция ұстап әкетіп, айыппұл салды. Наразыларды "Қоғамдық тәртіпті сақтау туралы полиция талабына бағынбады" деп кінәлаған.

t.me/azattyq
1.0K views16:12
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 16:44:06
Алматыдағы жаңа театрды Назарбаевтың "тоқалының" серігі басқарады

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев президент кезінде тапсырыс берген Алматыдағы балет театрының құрылысы аяқталды. Театрға екі ай бұрын тіркелген компания иелік етеді. Оны Назарбаевтың үшінші әйелі делінетін Әсел Құрманбаеваның "бизнес серігі" басқарады.

t.me/azattyq
1.1K views13:44
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 16:26:34
КӨРУ



1.0K views13:26
Ашу / Түсініктеме