Get Mystery Box with random crypto!

Azattyq - Азаттық

Telegram арнасының логотипі azattyq — Azattyq - Азаттық A
Telegram арнасының логотипі azattyq — Azattyq - Азаттық
Арна мекенжайы: @azattyq
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 8.68K
Арнадан сипаттама

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!
Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq
❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.
📍Website: https://www.azattyq.org
📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-05-31 07:37:27
Қазақстанда ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

31 мамырда Алматыда ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, марқұмдарға құран бағышталды. Ашаршылық құрбандарын еске алу мемориалында өткен шараға қала әкімі Ерболат Досаев, ғалымдар, жазушылар, қала тұрғындары мен азаматтық белсенділер, бас-аяғы жүзден аса адам жиналды.

Жиында сөйлеген жазушы Смағұл Елубай осы күнге дейін Қазақстан парламентінде "бір де бір рет ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу болмағанын" айтты.

Тарихшы ғалым Хангелді Әбжанов Қазақстан тарихын зерттеуде әлі күнге дейін кедергілер барын айтты.

t.me/azattyq
350 viewsedited  04:37
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 07:03:21
Сириядан келгесін сотталған адамның туыстары оның емге мұқтаж екенін айтады

Сирияда бір аяғынан айырылып, Қазақстанға жеткізілген соң "террор тобында болды" деген айыппен сегіз жылға сотталған Асқар Тілеубаевқа түрмеде 2-топ мүгедектігі берілген. Алайда мемлекеттен тиесілі жәрдемақы оған тек 12 айдан кейін төлене бастаған. Билік орындары бұған кінәлі қызметкерлер салғырттығы үшін жазаланғанын, бірақ Тілеубаевқа әлгі ақша берілмейтінін хабарлады. Туыстары түрмеде бір жарым жылдан бері ота жасатуды күтіп жатқан науқастың дерті асқынып, екінші аяғы семіп барады дейді.

СІЛТЕМЕ

t.me/azattyq
412 viewsedited  04:03
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 06:22:01
Иерусалимде 29 мамыр – Израиль туы күні еврей белсенділері мен араб белсенділері арасында жаппай қақтығыс болды.

Дәстүрлі марш Шхем қақпасы мен Мінажат қабырғасы аралығында өткен. Ескі қалаға кірерден бұрын әсіре оңшыл еврей белсенділері арабтарға қарсы ұран көтеріп, шу шығара бастаған. Оларды полиция тыныштандыра алмаған.

Шеруге шыққан мыңдаған адам Ескі қала қабырғасына жақындағанда Шхем қақпасының үстінен Палестина туын көтерген дрон көрінген. Жарылғыш зат болуы мүмкін деген қауіппен полиция дронды атып түсірген.

Шеру аяқталған соң Мінәжат қақпасы алдында радикалды белсенділер мен полиция арасында қақтығыс болған. Барлығы 60 адам тұтқындалған, басым көпшілігі – палестиналықтар.

t.me/azattyq
509 viewsedited  03:22
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 17:34:41
Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы қамалды

Қазақстанның бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы істі болып жатыр. «Бюджеттің 146 миллион теңгесін жымқыруға қатысқан болуы мүмкін» дейді жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. Мұхамедиұлы басқаратын Ұлттық музейдің баспасөз хатшысы «тексеріс біржақты» болғанын айтады.

t.me/azattyq
890 views14:34
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 16:24:27
КӨРУ

t.me/azattyq
955 views13:24
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 14:30:18
Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамау мерзімі ұзартылды

Бұл жөнінде Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

19 ақпанда бас прокуратура Қылмыстық кодекстің "Биліктегі әрекетсіздік" бабы бойынша бұрынғы министр Мұрат Бектановтың үстінен қылмыстық іс қозғап, 20 қаңтарда екі ай мерзімге қамауға алған еді.

Бас прокуратура бастапқыда Мұрат Бектановтың үстінен Қылмыстық кодекстің 451 бабы – "Билігін асыра пайдалану" бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлаған. Бұл бап бойынша күдікті 7 жылдан 15 жылға дейін сотталып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.

t.me/azattyq
982 viewsedited  11:30
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 13:41:30
"Евровидение" музыкалық байқауының биылғы жеңімпазы, Украинаның Kalush Orchestra тобы өздеріне берілген "хрусталь микрофонды" аукционға шығарып, 900 мың долларға сатты.

Аукцион YouTube арнасында тікелей эфирден көрсетілді. Акцияны тележүргізуші Сергей Притуланың қайырымдылық қоры ұйымдастырды. Қаржы Украина криптовалюта биржасындағы криптовалюталардың бірімен есептелді, деп хабарлайды Би-би-сидің Орыс редакциясы.

Сергей Притула бұған дейінгі сөзінде жиналған ақшаға ұйымдастырушылардың Украина қарулы күштеріне ұшқышсыз басқарылатын PD-2 аппаратын сатып алғысы келетінін айтқан.

t.me/azattyq
929 viewsedited  10:41
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 13:18:30 Назарбаев референдумға баратынын, конституциядағы өзі туралы өзгерістерді қолдайтынын мәлімдеді

"Иә, 5 мамырда конституциялық құқығымды міндетті түрде пайдаланып, референдумға барып дауыс беремін", — дейді Нұрсұлтан Назарбаев саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа берген, 30 мамырды жарияланған сұқбатында. Сұқбатта Данияр Әшімбаев бұрынғы президентке "өзіңізге байланысты конституциядағы статусты өзгертуді қолдайсыз ба" деп сұраған.

Назарбаев сұқбатта осыдан үш жыл бұрын президент өкілетін өз еркімен тапсырғанын мәлімдеген және "сарапшылар елдегі билік транзиті қатаң бақылауда екенін білсін деп өзіне бірқатар өкілет алып қалғанын" айтқан.

- 2019 жылы көпшіліктің қарсылығына қарамастан мемлекет басшылығынан саналы түрде кеттім. Халық менің саясатымды қолдап тұрған кез болатын. Оған 2015 жылы президент сайлауында 97,7 пайыз дауыс алғаным дәлел", — дейді Назарбаев.

t.me/azattyq
1.0K views10:18
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 10:01:00
Қоғам белсенділері референдум қарсаңында тәуелсіз бақылаушыларды көбейтуге шақырды

Баспасөз жиынына бірлестік мүшелері Арайлым Назарова, Сәкен Шардаров, Мұхтар Ғалымжанов, Батыр Адайбаев, Әлнұр Ильяшев қатысты. Олардың сөзінше, "референдумды тәуелсіз бақылаушылардың бақылағаны – биліктің мүддесіне жұмыс істеу" дегенді білдірмейді.

- Референдумға бармаймыз деушілер де көп екенін де білеміз. Халықтың референдумға барғанын да, бармағанын дәлелдеу керек, сол үшін бақылауымыз қажет,- дейді Арайлым Назарова.

Арайлым Назарованың сөзінше, бақылаушылар әлі де жеткіліксіз.

t.me/azattyq
1.0K viewsedited  07:01
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 08:13:22
АҚШ президенті Джо Байден әйелімен бірге 24 мамырдағы атыс кезінде өлген екі мұғалім мен 19 оқушыны еске алушыларға қолдау көрсету үшін Техас штатының Ювалд қаласына барды.

Байден жары ай ішінде осындай екінші сапарға шығып тұр. 17 мамырда Ақ үй басшысы Нью-Йорк штатындағы Буффало қаласына келіп, нәсілшіл қылмыскер оғынан қаза болғандардың отбасыларымен кездескен. Бұл оқиға кезінде афроамерикалық 10 адам өлген еді.

Ювалд қаласында Джо Байден әйелі екеуі қаралы жиынға қатысып, мемориалға гүл қойды.

t.me/azattyq
1.0K viewsedited  05:13
Ашу / Түсініктеме