Get Mystery Box with random crypto!

Azattyq - Азаттық

Telegram арнасының логотипі azattyq — Azattyq - Азаттық A
Telegram арнасының логотипі azattyq — Azattyq - Азаттық
Арна мекенжайы: @azattyq
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 8.68K
Арнадан сипаттама

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!
Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq
❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.
📍Website: https://www.azattyq.org
📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-06-23 12:59:58
Ақтөбе соты "қаржы пирамидасын құрды" деп айыпталған үш адамға түрме жазасын кесті

Сот Gold Company LTD компаниясына жетекшілік еткен Ресей азаматы Павел Литвиненкоға – 12 жыл, оның отандасы Юрий Москвинге 9 жыл түрме жазасын кесті. Қазақстан азаматы, Ақтөбе тұрғыны Равиль Қазыбаев 6 жылға бостандығынан айырылды.

Тергеу бұл үшеуіне "ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған басшылық етті", "қаржы пирамида құрды" деген айыптар таққан. Сот тергеуі бір жылға созылды.

t.me/azattyq
1.1K viewsedited  09:59
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 11:35:02 Билік: Ресейге 170 мың IT-маман жетіспейді

Ресейге 170 мың IT-маман жетіспейді деп мәлімдеді федерация кеңесінің әлеуметтік саясат жөніндегі комитеті отырысында Ресей ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Зубов. Оның сөзінше, әлемнің көп елі Украинаға басқыншылық жасаған Ресейге экономикалық санкциялар салғаннан кейін елден IT-компания қызметкерлері мен осы саланың мамандары жаппай кете бастаған.

https://www.azattyq.org/a/31910680.html
1.1K views08:35
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 09:24:56
Pew Research: Путинге деген сенім бұрын болмаған деңгейге төмендеді

Америкалық Pew Research зерттеу орталығы әлемнің 18 елінде қоғамдық пікірді анықтау үшін жүргізген сауалнама қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, Ресей басшысына респонденттердің 9 пайызы ғана қолдау білдірген, ал 90 пайызы Путиннің саясатына үзілді-кесілді қарсы екенін айтқан. Кейінгі 20 жылда халықаралық қауымдастықта Путиннің беделі мұншалықты құлдырамаған еді дейді зерттеу авторлары. Қоғамдық Зерттеуге Ресей тұрғындары қатысқан жоқ.

АҚШ-та сауалнамаға қатысқандардың небары 6 пайызы ғана Путинге оң баға берсе, 77 пайызы оны суқаны сүймейтінін айтқан. Германияда бұл көрсеткіш тиісінше 14 және 85 пайызға тең.

t.me/azattyq
1.0K viewsedited  06:24
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 07:46:38
"Қысым көрсету құралы". Тоқаев Ресей ұсынған АЭС-ті салуға неге асықты?

Балқашқа атом электр станциясын (АЭС) салудан қандай қауіп бар? Ресейден ядролық технология сатып алу Қазақстанды Мәскеуге "байлап қоятыны" рас па? Қазақстан билігі қауіпті нысанның құрылысына рұқсат бермес бұрын халықтың пікірін неге сұрамады? Азаттық бұл тақырыпта KEGOC корпорациясының бұрынғы басшысы, энергетика және экономика саласының сарапшысы Әсет Наурызбаевпен сөйлесті.

СІЛТЕМЕ

t.me/azattyq
1.1K viewsedited  04:46
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 07:14:13
"Шекарасыз тілшілер": фотожурналист Максим Левин Ресей әскерінің қолынан қаза тапқан

Левин мен Чернышов сәуірдің басында Киев облысынан өлі табылған еді.

Екеуі табылған орманда болған RFS зерттеушілері Украина жағы түсірген суреттер мен заттай айғақтарды талдаған. Журналист мініп жүрген көлікке 14 оқ тигенін анықтаған.

RFS болжамы бойынша, 13 наурызда Левин мен Чернышов көлікпен орманға барған. Левин әуеден фото түсіруге пайдаланған дронды жоғалтып алып, екеуі соны іздеп шыққан. Сол кезде екеуі ресейлік әскерилердің көзіне түсіп қалған.

t.me/azattyq
1.3K viewsedited  04:14
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 06:42:22 Украинаның Змеиный аралының спутниктен түсірілген жаңа суреттері жарияланды

https://www.azattyq.org/a/31910673.html
986 views03:42
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 06:09:46 ҰҚК шекара қызметінің экс-төрағасы Ділманов қамауға алынды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақ-қытай шекарасы бекеттерінде билікті асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізіліп жатқан тергеу барысында ҰҚҚ төрағасының экс-орынбасары, шекара қызметінің директоры болған генерал-лейтенант Дархан Ділмановтың ұсталғанын хабарлады.

Бұған қоса, шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті "Нұр жолы" шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Нұрман Арысбаев және тағы бірнеше адам да ұсталған. Күдікке ілінгендердің бәрі уақытша тергеу изоляторына қамалды.

t.me/azattyq
1.0K views03:09
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 17:22:39
Мамырдың ортасында Назарбаев зияткерлік мектебіне қабылданған оқушылар тізімі жарияланды. Бірақ Алматыдағы химия-биология бағытындағы мектепке тапсырған оқушылар байқау әділ болмады дейді.
1.2K views14:22
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 16:24:00
AzatNews



1.1K views13:24
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 15:02:41 Бәсекелестікті қорғау агенттігі: "Алтын орда" базары бағаны қымбаттатып, монополия орнатқан

Сауда нарығындағы бәсекелестік туралы заңнаманы сақтау тұрғысынан тексеру нәтижелері бойынша "Altyn Orda QazTrade LTD" компаниясына әкімшілік іс қозғалған. Бұл ақпарат бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің сайтында жарияланды.

Агенттік ақпаратына қарағанда "өңірлік прокуратураның қаулысы негізінде Алматы облысы бойынша монополияға қарсы департамент мамандары 2022 жылғы наурызда "Altyn Orda QazTrade LTD" ЖШС қызметін тексерген.

t.me/azattyq
1.1K viewsedited  12:02
Ашу / Түсініктеме