Get Mystery Box with random crypto!

Azattyq - Азаттық

Telegram арнасының логотипі azattyq — Azattyq - Азаттық A
Telegram арнасының логотипі azattyq — Azattyq - Азаттық
Арна мекенжайы: @azattyq
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 8.68K
Арнадан сипаттама

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!
Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq
❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.
📍Website: https://www.azattyq.org
📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 238

2021-05-07 18:59:36 Қырғыз-тәжік қақтығысы: Елдерді достастырып, жаңа жанжалдың алдын алу жолы қандай? Сарапшылар пікірі

Кикілжіңді шешу аймақтағы көшбасшылар – Өзбекстан мен Қазақстанға, сәйкесінше, Мирзияев пен Тоқаевқа байланысты. Олар кикілжіңді реттеуде модератор рөлін атқарды. Кикілжің одан әрі ушыға берсе, Ферғана жазығы екінші Ауғанстанға айналып, мәселенің салдары көп болуы мүмкін екенін Өзбекстан мен Қазақстан жақсы түсінеді. Мұндай жағдайда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы әскер кіргізіп, Өзбекстан мен Қазақстанның аймақтағы тәуелсіздігі әлсіреп, саяси шешім қабылдаудағы еркіндігі азаяды. Сондықтан Ташкент пен Нұр-Сұлтанның алаңдаушылығын, олардың Тәжікстан басшысына ықпалын түсінуге болады. Бірақ бұл жерде геосаяси жоба көп, сондықтан өңір мемлекеттерін біріктіру, елдер арасында ақпарат алмасу және бірыңғай саясат қалыптастырудың рөлі зор.

ТОЛЫҒЫРАҚ

@azattyq
700 views15:59
Ашу / Түсініктеме
2021-05-07 09:34:13
Митинг заңы қалай жұмыс істейді?

Біз ереже бойынша барлық деректі жазып, өтініш бердік. Жауап беретін уақыт келгенде әкімдік ештеңе жіберген жоқ. Әдетте митинг ұйымдастырушыларына рұқсат бермейтін, ал бізге ешқандай жауап келмеді. Мен [Орал қалалық әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ербол] Көшековқа хабарластым. Ол "Иә, митингіге рұқсат берілді" деді. Бірақ бізге сол күйі ешқандай қағаз жіберген жоқ, – дейді Лұқпан Ахмедияров.

ТОЛЫҒЫРАҚ

@azattyq
697 views06:34
Ашу / Түсініктеме
2021-05-07 08:27:00
Қазақстан өзен-көлдерінде балық қырылып жатыр. Оған кім жауапты?

Павлодар облысында екі апта ішінде екі көлде мыңдаған балық қырылып қалды. Өзен-көл бетіне қалқып шыққан өлекселер видеосын тұрғындардың желіге салып, дабыл қағуы биыл жиілеп кетті. Сарапшы "мұз қатқан айдынындағы балыққа ауа жетпейді, жағдайды жергілікті билік бақылау тиіс" дейді. Экология министрлігі бұған не дейді?

@azattyq
675 views05:27
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 16:35:19 Қазақстанда Қытай вакцинасы егіліп жатыр - AzatNEWS 06.05.2021

ТАМАШАЛАҢЫЗ

@azattyq
734 views13:35
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 15:36:04 Біртанов тағылған айыпты мойындамады. Сот экс-министрді 14 маусымға дейін үйқамақта қалдырды

– Прокурор тергеу амалдарының 1 шілдеге дейін ұзартылғанын хабарлады. Осыған байланысты прокурор сұрағандай үйқамақ мерзімі 14 маусымға дейін дейін ұзартылды. Бірақ сот оны толықтай үйқамақта ұстауға негіз жоқ деп санайды. Ол жұмыс істеп жүр, ендеше ол жұмыс барысында бөгде адамдармен кездеседі. Сондықтан оны сот шешімін бұзды деп санауға келмейді, - деп түсіндірді судья Әбу Айбек.

@azattyq
722 views12:36
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 12:49:15 Шыңжаңдағы туыстарына араша сұраған адамдар Қытай банкі алдына барды

Қытай Қазақстанды әлемде қауіп төндіретін 26 террор мемлекет қатарына жатқызған. Сондықтан кімде-кім Қазақстанға барса, терроршы болып саналады деп біздің туыстарымызды қамап, соттап қуғындап отыр. Енді бұл кісілердің айтатыны – егер Қазақстанға қазақтар барып келсе, терроршы саналады да, қытайлық барса, "дос мемлекетке барып келді" дейді екен. Бұл не деген теңсіздік! Олай болса, қазақтар Қазақстанға бара алмаса, қытайлар да келмей ақ қойсын. Қазақстанда Қытайдың мұнай компаниялары, ұлттық банктері, қонақүйлері, мейрамханалары бар. Онда олар не үшін жұмыс істеп тұр? Егер Қытай консулы жауап бермесе, біз күн сайын Қазақстандағы Қытайдың нысандарына атап айтқанда, банктеріне, қонақ үйлеріне, мейрамханаларына және қытайлықтардың Қазақстанда "заңсыз" ашып алған базарларына барып наразылық білдіреміз, – деді белсенді Байболат Күнболатұлы Азаттық тілшісіне.

@azattyq
642 views09:49
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 10:00:46
Қазақстан халқының ширегі ғана екпе салдыруға дайын

Gallup зерттеу орталығының жақында жүргізген зерттеуіне сай, Қазақстан халқының 25 пайызы ғана COVID-19 вакцинасын алуға ниетті. Бұл – 116 елдің ішіндегі ең төменгі көрсеткіш.

@azattyq
654 viewsedited  07:00
Ашу / Түсініктеме