Get Mystery Box with random crypto!

Azattyq - Азаттық

Telegram арнасының логотипі azattyq — Azattyq - Азаттық A
Telegram арнасының логотипі azattyq — Azattyq - Азаттық
Арна мекенжайы: @azattyq
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 8.68K
Арнадан сипаттама

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!
Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq
❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.
📍Website: https://www.azattyq.org
📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-08-31 13:45:13
Internews қорының бұрынғы бас директоры, ТЭФИ премиясының лауреаты Ереванда мерт болды. Оны көлік қағып кетті. Бұл туралы Facebook желісінде журналист Виктор Мучник хабарлады.

Ол Ресейде жүріп Internews қорын басқарды. Бұл қор штаб-пәтері АҚШ-та орналасқан Internews International қауымдастығына кіретін. Осылайша ол тәуелсіз БАҚ-ты қолдаумен айналысты.

t.me/azattyq
912 viewsedited  10:45
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 11:16:30
Сәрсенбі, 31 тамыз күні Қазақстан президентінің жарлығымен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қызметінен босатылып, орнына Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Дархан Сатыбалды тағайындалды.

58 жастағы Шөкеев облысты 2019 жылдың ақпанынан бері басқарып келген. Оған дейін ол премьер-министр орынбасары, "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы, Оңтүстік Қазақстан облысының (Түркістан облысының бұрынғы атауы) әкімі қызметтерін атқарған.

Жаңа әкім Дархан Сатыбалды 2019 жылдың наурызынан бері Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі болған. 2010 жылдары Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеген.

t.me/azattyq
935 viewsedited  08:16
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 10:03:43 Ресейдің түрмеде отырған оппозициялық саясаткері Алексей Навальный қайтадан айып изоляторына қамалды. Бұл мәлімет оның әлеуметтік парақшасында жарияланды.

"Сіздер күлетін шығарсыздар. Бірақ мен қайтадан айып изоляторындамын. Жексенбі күні кешке шығарылдым. Дүйсенбі қайта кіргізді. Олар маған бұл жерден одан әрі шықпайтынымды жасырмады. Бірақ мені неге қайта кіргізгенін біліп алдым. Мен саяси тұрғыдан өте белсенді екенмін. Кремльге Батыс елдері тараптан санкцияға енгізуі тиіс 6000 адамның тізімін жариялауымыз жақпай жатыр екен", - деп жазылған 30 тамыздағы жазбасында.

t.me/azattyq
909 views07:03
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 09:01:52 Бішкектің Свердлов аудандық соты 13 жастағы қызды зорлады деген милиция қызметкерлеріне қатысты үкім шықты.

Оған сәйкес, екі милиция қызметкері 15, бұл іске қатысы бар деген бір адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан бөлек сотталушылардың әрбірі жәбір көрген тарапқа 100 мың сомнан өтемақы төлеуі тиіс.

"Біз жәбірленушінің әке-шешесімен сөйлестік. Шыққан үкімге наразы емеспіз. Бұл біз сұраған айыптау баптарының санкцияларында көрсетілген максималды жаза", - деді жәбірленуші тараптың адвокаты Тимур Султанов.

t.me/azattyq
887 viewsedited  06:01
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 08:37:35
"Жеңіс диктанты". Соғысушы мемлекетке фашизмге қарсы күресі туралы акция өткізу жараса ма?

Ресейлік мемлекеттік ұйым Қазақстанда Екінші Дүниежүзілік соғыс тақырыбында диктант жазуға негізделген тарихи акция өткізіп жатыр. Бұл бастамаға қарсы азаматтар акцияның саяси астары мен пропагандалық мәніне назар аударып, Украинаға басып кірген Ресейдің мұндай шара өткізуі орынсыз екенін айтады. Билік наразылардың пікірін ескеріп, акция өтпейді деп мәлімдеген. Бірақ әзірге "Жеңіс диктантына" қарсылар тек бір қалада ғана жеңіске жеткен.

: https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-victory-dictation-all-russian-action/32011814.html

t.me/azattyq
913 viewsedited  05:37
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 08:00:38 Еуроодақ елдері украин әскерін дайындықтан өткізу бойынша арнайы миссия құру жөнінде келісті.

Бұл жөнінде Еуроодақтың сыртқы саясат және қауіпсіздік бойынша Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель ЕО қорғаныс министрлерінің ресми емес кездесуінде айтты. Жиын Прагада өтіп жатыр.

Оның сөзінше, ЕО Украинаға сарбаздарын дайындықтан өткізу бойынша көмектесіп келеді. Бірақ оларға жақсы үйлестіру жұмыстарын үйрету керек деді.

Арнайы миссия қалай жұмыс істейтінін Жозеп Боррель нақты айтпады. Бірақ украин сарбаздарын ЕО-ға мүше көрші елдерде дайындықтан өткіземіз еді.

t.me/azattyq
910 viewsedited  05:00
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 06:58:09
30 тамызда Өзбекстанның миграция қызметі Журналистерді қорғау комитетінің (CPJ) Еуропадағы және Орталық Азиядағы бағдарламалар үйлестірушісі Гүлноза Саидты Өзбекстанға кіргізбеді.

Комитет мәлімдегендей, Ташкент әуежайында Саидқа елге кіруге тыйым салынғаны айтылған.

Гүлноза Саид - АҚШ азаматы. Қазір ол өзінің Ислам Каримов атындағы Ташкент әуежайында екенін хабарлады. Билік оны 1 қыркүйекте Нью-Йоркқа ұшатын ұшақпен қайтарып жібермекші екен.

t.me/azattyq
926 viewsedited  03:58
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 06:23:45
Мәскеу орталық клиникалық ауруханасында Совет одағы орталық комитетінің соңғы бас хатшысы Михаил Горбачев 91 жасында қайтыс болды.

Ресей ақпарат құралдары Горбачевтің "созылмалы аурудан көз жұмғанын" жазды.

Ол Мәскеудің Новодевичье зиратына әйелі Раиса Максимовнаның (1999 жылы қайтыс болған) жанына жерленеді.

t.me/azattyq
953 viewsedited  03:23
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 15:00:04
Белорустық TikTok-блогер Андрей Белявский "Лукашенконы қорлаған" роликтері үшін екі жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Блогер жалпы режимдегі колонияда жазасын өтейді. Бұл жөнінде "Вясна" құқық қорғау орталығы хабарлады.

Белявский Беларусь қылмыстық кодексінің "президентті қорлау" (368-бап) бабы бойынша кінәлі деп танылды. Құқық қорғаушылардың айтуынша, судья істі қарауды бастаған соң бірнеше сағат ішінде жылдам үкім шығарған.

Айыптаушылардың айтуынша, Белявский 2022 жылғы 20 және 26 қаңтарда "TikТок әлеуметтік желісінде Александр Лукашенконы қорлайтын екі видеоролик жариялаған".

t.me/azattyq
1.4K viewsedited  12:00
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 11:42:17 Германия мен Франция ресейліктерге мүлде виза бермеу идеясын қолдамайды.

Прагада 30 тамызда басталатын Еуроодақ елдері сыртқы істер министрлерінің басқосуы қарсаңында екі ел осындай бірлескен мәлімдеме жасады.

Екі ел басшыларының көзқарасы бойынша, "ресейліктердің болашақ ұрпақтарын сыртқа теппеу" маңызды. Оның үстіне, "жеке басы саяси қуғын-сүргінге ұшыраса да, ұшырамаса да", ресейлік студенттердің, суретшілер мен ғалымдардың, басқа да мамандардың Еуропа одағына кіруіне мүмкіндік беретін құқықтық негіз сақталуы керек. Германия мен Франция басшыларының айтуынша, Шенген визасын алуға мүлде тыйым салған жағдайда Ресей азаматтары арасында ұлтшылдық пен антиеуропалық көзқарас өрши түседі.

t.me/azattyq
1.1K views08:42
Ашу / Түсініктеме