Get Mystery Box with random crypto!

Azattyq - Азаттық

Telegram арнасының логотипі azattyq — Azattyq - Азаттық A
Telegram арнасының логотипі azattyq — Azattyq - Азаттық
Арна мекенжайы: @azattyq
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 8.68K
Арнадан сипаттама

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!
Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq
❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.
📍Website: https://www.azattyq.org
📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-05-30 07:03:00 Украинадағы ұрыс кезінде Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметкері, полковник Владимир Иванов өлген

Бұл жөнінде Ресейдің мәліметтер базасына сүйенген "Медиазона" хабарлады.

Полковниктің өлімі туралы бұған дейін журналист Евгений Поддубный жазып, 9 мамырда "Ажалсыздар полкінің" акциясына Ивановтың портретін ұстап шыққан. Поддубный оның әскері шені полковник екенін, философия факультетін бітіріп әскери қызметке кеткенін ғана көрсеткен.

Мұрагерлік істер реестрінің мәліметіне қарағанда, 41 жастағы Владимир Иванов 25 наурызда өлген.

t.me/azattyq
1.0K viewsedited  04:03
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 06:43:09
"Оқ ішімді тесіп кірді". Қаңтар оқиғасында жараланған жігіт көмекке зәру

Шымкентте Қаңтар оқиғасы кезінде оқ ішегін тескен Ерғали Сегізбаевтың ата-анасы баласын емдетуге қаржы табылмай қиналып отыр. Жарасы жазылып бітпеген, баяу басып жүруге ғана шамасы келетін жігіт жұмысқа жарамай қалған.

СІЛТЕМЕ

t.me/azattyq
1.0K viewsedited  03:43
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 06:16:59 Еуропа одағы Ресей мұнайына эмбарго салу мәселесі жөнінде келісе алмай отыр

Бұл жөнінде Reuters жазды.

Агенттік ақпаратына қарағанда, бұл мәселе дүйсенбі күні де талқыланады.

Reuters сөйлескен лауазымды тұлғаның сөзінше, Еуропа одағы Ресей мұнайын теңіз арқылы тасымалдауға тыйым салып көрмек. Өйтетін болса, санкцияның "Достық" құбыры арқылы Венгрия, Словакия және Чехияға жеткізіліп жатқан Ресей мұнайына қатысы болмайды.

Еуропа одағының 30-31 мамырда өтетін саммиті қарсаңында Reuters Германияның экономика министрі Роберт Хабектің сөзінен дәйек келтірген. Ол Мәскеуге санкция салу мәселесіне келгенде Еуропа одағының бірлігі бұзыла ма деп қауіптенеді.

t.me/RadioAzattyq
1.1K viewsedited  03:16
Ашу / Түсініктеме
2022-05-29 15:14:30
Украинада Ресей жағында соғысып жүрген неонацистер деген кімдер?

Кремль Украинамен соғыстың мақсаты елді нацистерден құтқару деп мәлімдеген. Ал Ресей жағында соғысып жатқан неонацистер кімдер?

СІЛТЕМЕ

t.me/RadioAzattyq
1.2K viewsedited  12:14
Ашу / Түсініктеме
2022-05-29 15:03:48
БҰҰ жоғарғы комиссары Пекинді ұйғыр және өзге мұсылмандарға қатысты саясатын "қайта қарауға" үндеген

АҚШ-тың ресми тұлғалары мен халықаралық құқық қорғаушылар Мишель Бачелеттің Қытайдың ресми тұлғаларымен қатар тұрып, бірге суретке түсуі 1 миллионнан астам мұсылманды еркінен тыс қамаған Пекинге осы саясатын үгіт-насихатпен жуып-шаюына жағдай жасайды деп алаңдаған.

"Терроризм және дерадикализация шараларын кеңінен қолдану мәселесін көтердім. Әсіресе, олардың ұйғырлар мен өзге де мұсылман топтардың құқығына әсерін айттым" деді Бачелет 28 мамырда өткізген онлайн брифинг кезінде.

Ол сапары Шыңжаң өлкесін қамтығанмен сапарының басты мақсаты Шыңжаңдағы өрескел адам құқығын бұзу жайттарын зерттеу емес екенін атап өтті.

t.me/azattyq
1.2K views12:03
Ашу / Түсініктеме
2022-05-29 14:41:26 Зеленский қару-жараққа байланысты "жақсы жаңалық" күтіп отырғанын айтты

"Күн сайын қорғанысты күшейтуге күш салып жатырмыз. Ең бірінші кезекте қару-жарақпен қамтамасыз ету мәселесіне көңіл бөлеміз. Армиямыздың оккупанттарды технологиялық және тегеурінді соққы тұрғысынан басып озатын шаққа жақындап келеміз. Әрине, көп нәрсе әріптестерімізге де байланысты. Олардың Украинаны еркіндігін қорғауға қажет жарақтармен қамтамасыз ету дайындығына да байланысты. Осы тұрғыдан алғанда келесі аптада жақсы жаңалық күтіп отырмын" деді Зеленский.

Оның айтуынша, Ресей әскерінің шабуылын тоқтату үшін қару-жарақтың болғаны маңызды.

t.me/azattyq
1.1K viewsedited  11:41
Ашу / Түсініктеме
2022-05-29 10:42:50
Жемқорлықпен күрес агенттігі Арыстанбек Мұхамедиұлының қамалғанын растады

Ведомствоның хабарлауынша, 28 мамырда сот оны қамауға рұқсат берген.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Cұлтан қаласы бойынша департаменті "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізуге қатысты жүргізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 млн теңге бюджет қаражатының жымқырылуына байланысты Ұлттық музейдің лауазымды тұлғалары және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді" деп жазылған агенттіктің 29 мамыр күнгі хабарламасында.

Ведомство тергеу құпиялылығына байланысты қалған ақпарат жарияланбайтынын айтты.

t.me/azattyq
1.2K views07:42
Ашу / Түсініктеме
2022-05-29 09:18:16 Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін туындаған азық-түлік тапшылығы, оның қымбаттығы және тыңайтқыш тапшылығынан әлемде аштыққа ұшырайтындар 18 млн-ға көбейіп, 218 млн-ға жетеді.

Бұл әлем халқының шамамен үш пайызы. Италияның Corriere della Sera басылымына берген сұхбатында БҰҰ өкілі Маурицио Мартина осылай деп мәлімдеді.

"Дағдарыс басталғанға дейін 2021 жылы әлемде аштыққа ұшырағандар артып, 200 млн-ға жеткен. Олар әлемнің 53 елінде тұрады. Қазіргі қақтығыс аштық жағдайын онан сайын ушықтырады" деді Мартина.

БҰҰ болжамы бойынша, Украина порттарында 6 млн тонна астық және шамамен 14 млн тонна жүгері тұралап қалған. 55 дамыған елдің кемінде 36-ы Украина және Ресей бидайына тәуелді.

t.me/azattyq
324 viewsedited  06:18
Ашу / Түсініктеме
2022-05-29 08:00:27 Ұзақ соғыстан кейін Ресей әскерінің бақылауына өткен Украинаның Мариуполь қаласы портына сенбі күні алғашқы ресейлік кеме кірді.

Ол жүк тасымалдайтын орынға тұрған. Кеме металл жүктеп, дүйсенбі күні Ресейдің Ростов-на-Дону қаласына аттанбақ. Украина билігі мұны тонау әрі мародерлік әрекет деп атады.

Ресей ақпарат құралдарының көбі кеменің келгені туралы ақпарат таратпады. Оның келгенін Киев растады. Украина жоғарғы радасының адам құқықтары жөніндегі уәкілі Людмила Денисова Телеграм-арнасында кеме бортына үш мың тонна металл өнімдерін жүктейді деп жазды.

t.me/azattyq
458 views05:00
Ашу / Түсініктеме
2022-05-29 06:28:32
Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко НАТО-ның Вильнюсте өтетін парламенттік ассамблеясы жиынына қатысу үшін Польшаға өтпек болған, алайда оны шекарадан өткізбей қойды.

Бұл жөнінде Порошенконың "Европейская солидарность" партиясы хабарлады.

Партияның айтуынша, бұрынғы президент Вильнюске украин делегациясының ресми мүшесі ретінде бармақ болған және қолында Жоғарғы рада төрағасының бұйрығы болған.

t.me/azattyq
614 views03:28
Ашу / Түсініктеме