Get Mystery Box with random crypto!

Azattyq - Азаттық

Telegram арнасының логотипі azattyq — Azattyq - Азаттық A
Telegram арнасының логотипі azattyq — Azattyq - Азаттық
Арна мекенжайы: @azattyq
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 8.68K
Арнадан сипаттама

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!
Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq
❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.
📍Website: https://www.azattyq.org
📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-05-28 15:12:43 Жауабы жоқ сұрақтар. "Арқанкерген" оқиғасына – 10 жыл

2012 жылы 28 мамырда Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Арқанкерген" шекара бекетінде 15 адам – 14 әскери қызметкер мен сол маңдағы аңшылық шаруашылығында істейтін қорықшы өлтірілген. Бұл қылмысқа қатардағы жауынгер Владислав Челах айыпты деп танылып, сот оны өмір бойына бас бостандығынан айырған. Ол екі рет БҰҰ-ға хат жазып, жақында президенттен істі қайта қарауды сұраған. Қанды оқиғадан бері 10 жылдан өтсе де, қылмыстық істе ақ-қарасы ажыратылмаған деректер көп.

ОҚУ - https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-incident-at-the-arkankergen-border-post-10-years-later/31872675.html
989 views12:12
Ашу / Түсініктеме
2022-05-28 12:03:27
#баспасөзшолуы
981 views09:03
Ашу / Түсініктеме
2022-05-28 10:39:18 Құрылысшылар одағы ауыл шаруашылық жерлерін үй салуға беруді ұсынды

Баспана тапшылығы мәселесін қалалар мен елді мекендер маңында қолданылмай жатқан ауыл шаруашылық жерлерін үй салуға беру арқылы шешуге болады. Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев осылай деп мәлімеді. Одақ мемлекетке Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау, Қарағанды және өзге қалалар маңындағы жерлерді жеке тұрғын үй салуға беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

https://www.azattyq.org/a/31872547.html?withmediaplayer=1
953 views07:39
Ашу / Түсініктеме
2022-05-28 07:40:14 Түркіменстанда ресейлік "Россия 1" және "Звезда" арналары көрсетілмей қалды. Бұл жөнінде "Интерфакс" агенттігі хабарлады. Осы уақытқа дейін оларды лицензиясы бар ірі байланыс операторы "Ашғабат қалалық телефон желісі" трансляция жасап келген.

https://www.azattyq.org/a/31872523.html
1.0K views04:40
Ашу / Түсініктеме
2022-05-28 06:10:13 Заңгерлер Ресейді украин халқына геноцид жасауға талпынғаны үшін айыптады

Ресейдің Украина аумағындағы әрекеті Мәскеу украин халқына геноцид жасауға талпынды деп тұжырым жасауға негіз береді. Украин халқына жасалған ықтимал геноцид туралы алғашқы тәуелсіз есепте осылай деп жазылған. Құжатты америкалық New Lines Institute for Strategy and Policy сараптама орталығы және Рауль Валленберг атындағы канадалық адам құқықтары орталығы әзірледі, деп хабарлады CNN арнасы.

https://www.azattyq.org/a/31871543.html
1.0K views03:10
Ашу / Түсініктеме
2022-05-27 19:45:57 Azattyq - Азаттық pinned a video
16:45
Ашу / Түсініктеме
2022-05-27 19:45:44
Конституцияға өзгеріс: манипуляция ма, реформа ма?

5 маусымда дауысқа салынатын конституцияға өзгеріс демократияға бастай ма? «Суперпрезиденттік» жүйе шынымен ауысып, билік тармақтарының арасында тепе-теңдік орнай ма? Әкімдерді мәслихат сайлайды деген рас па? «Демократия сабақтарында» елдің көкейіндегі осы және өзге сұрақтарға жауап іздеп көрдік.

Толық нұсқасы мына жерде:

1.1K views16:45
Ашу / Түсініктеме
2022-05-27 17:47:45
Алматыда 2019 жылы жазда Азаттық журналистері мен тағы бірнеше тілшіге шабуылдау оқиғасына байланысты қозғалған іс басқа бапқа ауыстырылды. Үш жыл бұрын басталса да тергеу қайта-қайта тоқтап қала берді және шабуылдаушылардың аты-жөні, кім екені анық бола тұра ешкім жауапқа тартылмаған.
1.1K views14:47
Ашу / Түсініктеме
2022-05-26 09:38:40
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барды, алайда ЕЭО форумына онлайн қатысады

Бұл жөнінде Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Бішкек қаласындағы халықаралық әуежайдан Қазақстан президентін Қырғызстан Министрлер кеңесінің төрағасы - Қырғыз республикасы президенті әкімшілігінің жетекшісі Ақылбек Жапаров бастаған топ күтіп алды,- дейді Тоқаевтың баспасөз қызметі.

Бүгін Бішкекте Еуразия экономика одағының алғашқы экономикалық форумы басталды. Түстен кейін ұйымға мүше мемлекет басшыларының пленарлық отырысы онлайн-режимде өтеді.

t.me/azattyq
328 viewsedited  06:38
Ашу / Түсініктеме
2022-05-26 09:14:52
24 мамырда Коммунизм құрбандарын еске алу қоры Қытайдағы "қайта тәрбиелеу лагерьлеріндегі" азаптаулар туралы баяндамасын жариялады. Штаб-пәтері Вашингтонда орналасқан бұл қор Шыңжаң полициясының ішкі компьютерлік желісіне кірген.

: xinjiangpolicefiles.org

t.me/azattyq
377 views06:14
Ашу / Түсініктеме