Get Mystery Box with random crypto!

Zhantore Rakymbek

Telegram арнасының логотипі zhantore_rakymbek — Zhantore Rakymbek Z
Telegram арнасының логотипі zhantore_rakymbek — Zhantore Rakymbek
Арна мекенжайы: @zhantore_rakymbek
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 981
Арнадан сипаттама

Құрметті оқырман, бұл каналда көбіне руханиятқа (SQ) қатысты ой-толғамдар болады.
Жеке дамуға қатысты посттарды инстаграм парақшамда жазамын:
https://instagram.com/zhantore.rakymbek?utm_medium=copy_link
Канал авторы: @zhantorerakymbek

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-08-31 17:03:13
Лабиринт

Өмір лабиринт іспеттес. Адам мақсатына бірден жетпеуі мүмкін. Бірде оңға, бірде солға бұрылып, кейде өз тұрған жеріне қайтып келіп жатады.

Руханият – адамды сол лабиринт үстіне шығаратын күш. Ішкі түйсікті тыңдап, ең алыс мақсатқа ең қысқа жолдармен жеткісі келетін адамға бірінші кезекте рухани толысу қажет.

Сізге күш беретін рухани азықты қайдан аласыз?
1.5K views14:03
Ашу / Түсініктеме
2022-08-24 11:24:14 Қарбаластық

Артық ой, бос сөз, пайдасыз істен тыятын,
Бір іс аяқталғанда екінші іспен жалғайтын,
Толық атқарған жұмыспен сенімділік беріп,
Үлгермей жатқанда әлсіздікті еске салатын,
Уайым соңынан ерекше қуаныш алып келетін,
Үміт пен үрейді қатар сездіретін
Жағымды қарбаластық.

Бір кезең бітіп, өткенге қарап,
Жан-жақты талдау жасап,
Қателікті қайталамасқа,
Жақсылықты жақсартуға,
Жаңа бір талпыныс...

Асыл мұрат жолында,
Ізгі жандардың қасында,
Қайнаған шаруаның ортасында
Ширататын қысымнан күш алып,
Уақыт, мекен, шарттар өзгерсе де,
Жүйрік болып қалуды жазсын!
893 views08:24
Ашу / Түсініктеме
2022-08-05 07:56:23 Әжеге тілек

Көңілі кең, жүрегі мейірімді, сөзі қасиетті асыл әжеміз! Туған күніңіз құтты болсын!

Апа, сізге барлық жақсылықты тілейміз! Сізге қанша жақсылық тілесек те, бізге берген бір батаңызға да жетпесі анық. Біз әдетте «жолым болды, сәтімен болды» деп қабылдайтын, қиындықтар жеңілдеп, түйіндер шешіліп, жетістікке жеткен кезеңдер – сіздің бізге жасаған дұға-тілектеріңіздің жемісі.

Кітаптан таппаған даналықты сіздің сөзіңізден естиміз. Өмірлік тәжірибеңізден сүзілген асыл кеңестеріңіз, ғибратты әңгілемелеріңіз – рухымызға азық, жанымызға дәрумен. Әр сөзіңізді мұқият тыңдап, бойымызға сіңіріп, адамгершілік туын жоғары ұстаған ұрпақ болып өсудеміз.

Сіздің әрқашан тыным таппай еңбектеніп, әр істе қолғабыс көрсетіп, өзіңіз ауырып қалсаңыз да біздің саулығымызға алаңдап, бақытты өмір сүруіміз үшін бар күшіңізді сарп етуіңізден мейірім мен жанашырлықтың көркем үлгісін көреміз. Тәлім-тәрбиенің де терең тамыры осында болса керек.

Апа, берген батаңыз, айтқан ақылыңыз, көрсеткен қолдауыңыз үшін, басқа да айтып тауыса алмайтын жақсылықтар үшін алғыс айтамыз! Алла сізге денсаулық, бақыт, күш-қуат берсін! Балаларыңыз, немерелеріңіз бен шөберелеріңіздің ортасында әрдайым жүзіңізден шуақ шашырап, қызығына тоймай жүре беріңіз!
1.2K views04:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 10:52:48 Сөздер

Адам неғұрлым көп сөз білсе, соғұрлым көзқарас көкжиегі кеңейе түседі. Әлемде, өзінде әртүрлі "түстерді" көре бастайды. Көп сөз біліп, көркем сөйлей алу баланың жан-жақты тұлға болып қалыптасуына үлкен көмек болады.

Эмоцияларды дұрыс танып, басқара алу да эмоция атауын білу арқылы жеңіл жүзеге асады. Ғылымның да әліппесі – терминдер. Әр салада сөздер білім сандығын ашушы кілт рөлін атқарады.

Мысал ретінде қазақ тіліндегі 2 сөзбен бөліссем:

1) Жақсы көру – жақсы жағын көру, көркемдікті байқай алу, кемшілікке көз жұму.

2) Кешіру – өткізіп жіберу, ішінде негативті сақтамау. Түрік тілінде "geçirmek" сөзі өткізу деген мағына береді.

Жиі қолданып жүрген сөздердің өзі осындай мағынаға ие екенін жақында білдім. Тағы қандай сөздер бар? Төменде бөліссеңіз болады)
1.4K views07:52
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 05:13:55 Ең маңызды тарих

Адам үшін ең маңызды тарих – өзінің өмірі. Балалық шағынан бастап, бүгінгі күнге дейін өзін зерттеген адам көп сабақ алары анық. Көп сұрақтың жауабы да өткен шақтан табылып жатады.

Өмірде болған әр оқиғаның қайыры бар. Ешнәрсе кездейсоқ болмады. "Олай болмауы керек еді" деген жағдайдың да ерекше тәлімі бар. Әрине, артық эмоциясыз, асықпай талдап, толық қабылдап, түсіне алатын жан үшін.

Өмір жолына жақыннан қарағанда адам бірде құлап, бірде қайта тұрып, кішігірім ғана прогресс байқауы мүмкін. Алайда ұзақ мерзімде көп игілік нәсіп болғанын көре алады.

Бір шыңға шығып, жаңа ой, терең инсайт алғанда сол сәтті сипаттап жазып жүру өткен өміріме қарағанда керемет көрініс береді екен. Келесі шыңды бағындыру үшін қайта төмен түсіп, жаңа жолдар іздеп, қиындықпен бетпе-бет келгенде түртіп қойған жазбаларым (осы каналдағы) мықты құрал болуда.

Ұмытқан кезде өткен шақтағы еске салушы өзіммен солай сырласып тұрамын)

#өзімменсанасу
1.2K views02:13
Ашу / Түсініктеме
2022-06-30 15:02:25 Керемет!

Кейде "Бар болу – керемет нығмет!" деп ойлаймын. Осылай жиі ойласам, әрдайым ойлап жүрсем жақсы болар еді)

Жоқ болсам, яғни жаратылмағанымда не болар еді? Ойлана да алмас едім. Өзім де болмас едім. Жоқ болғанымды ешкім байқамас еді. Елестетудің өзі қиын. Жоқ болғаныма ренжу де мүмкін болмас еді)

Ал қазір бармын. Керемет! Жай ғана бармын деп айтқан аз болар. Ең ардақты жаратылыс – адаммын.

Не үшін? Жоқ болғанымда бар болуым үшін не істедім? Жаратылғанда адам болуым үшін ше? Ешнәрсе. Еш ақы берместен ақылға сыймайтын кереметке тап болдым.

Өзім де, айналаның бәрі де – кереметке толы Керемет!
6.4K views12:02
Ашу / Түсініктеме