Get Mystery Box with random crypto!

Ең маңызды тарих Адам үшін ең маңызды тарих – өзінің өмірі. | Zhantore Rakymbek

Ең маңызды тарих

Адам үшін ең маңызды тарих – өзінің өмірі. Балалық шағынан бастап, бүгінгі күнге дейін өзін зерттеген адам көп сабақ алары анық. Көп сұрақтың жауабы да өткен шақтан табылып жатады.

Өмірде болған әр оқиғаның қайыры бар. Ешнәрсе кездейсоқ болмады. "Олай болмауы керек еді" деген жағдайдың да ерекше тәлімі бар. Әрине, артық эмоциясыз, асықпай талдап, толық қабылдап, түсіне алатын жан үшін.

Өмір жолына жақыннан қарағанда адам бірде құлап, бірде қайта тұрып, кішігірім ғана прогресс байқауы мүмкін. Алайда ұзақ мерзімде көп игілік нәсіп болғанын көре алады.

Бір шыңға шығып, жаңа ой, терең инсайт алғанда сол сәтті сипаттап жазып жүру өткен өміріме қарағанда керемет көрініс береді екен. Келесі шыңды бағындыру үшін қайта төмен түсіп, жаңа жолдар іздеп, қиындықпен бетпе-бет келгенде түртіп қойған жазбаларым (осы каналдағы) мықты құрал болуда.

Ұмытқан кезде өткен шақтағы еске салушы өзіммен солай сырласып тұрамын)

#өзімменсанасу