Get Mystery Box with random crypto!

Қарбаластық Артық ой, бос сөз, пайдасыз істен тыятын, Бір іс | Zhantore Rakymbek

Қарбаластық

Артық ой, бос сөз, пайдасыз істен тыятын,
Бір іс аяқталғанда екінші іспен жалғайтын,
Толық атқарған жұмыспен сенімділік беріп,
Үлгермей жатқанда әлсіздікті еске салатын,
Уайым соңынан ерекше қуаныш алып келетін,
Үміт пен үрейді қатар сездіретін
Жағымды қарбаластық.

Бір кезең бітіп, өткенге қарап,
Жан-жақты талдау жасап,
Қателікті қайталамасқа,
Жақсылықты жақсартуға,
Жаңа бір талпыныс...

Асыл мұрат жолында,
Ізгі жандардың қасында,
Қайнаған шаруаның ортасында
Ширататын қысымнан күш алып,
Уақыт, мекен, шарттар өзгерсе де,
Жүйрік болып қалуды жазсын!