Get Mystery Box with random crypto!

Керемет! Кейде 'Бар болу – керемет нығмет!' деп ойлаймын. Осы | Zhantore Rakymbek

Керемет!

Кейде "Бар болу – керемет нығмет!" деп ойлаймын. Осылай жиі ойласам, әрдайым ойлап жүрсем жақсы болар еді)

Жоқ болсам, яғни жаратылмағанымда не болар еді? Ойлана да алмас едім. Өзім де болмас едім. Жоқ болғанымды ешкім байқамас еді. Елестетудің өзі қиын. Жоқ болғаныма ренжу де мүмкін болмас еді)

Ал қазір бармын. Керемет! Жай ғана бармын деп айтқан аз болар. Ең ардақты жаратылыс – адаммын.

Не үшін? Жоқ болғанымда бар болуым үшін не істедім? Жаратылғанда адам болуым үшін ше? Ешнәрсе. Еш ақы берместен ақылға сыймайтын кереметке тап болдым.

Өзім де, айналаның бәрі де – кереметке толы Керемет!