Get Mystery Box with random crypto!

Әжеге тілек Көңілі кең, жүрегі мейірімді, сөзі қасиетті асыл | Zhantore Rakymbek

Әжеге тілек

Көңілі кең, жүрегі мейірімді, сөзі қасиетті асыл әжеміз! Туған күніңіз құтты болсын!

Апа, сізге барлық жақсылықты тілейміз! Сізге қанша жақсылық тілесек те, бізге берген бір батаңызға да жетпесі анық. Біз әдетте «жолым болды, сәтімен болды» деп қабылдайтын, қиындықтар жеңілдеп, түйіндер шешіліп, жетістікке жеткен кезеңдер – сіздің бізге жасаған дұға-тілектеріңіздің жемісі.

Кітаптан таппаған даналықты сіздің сөзіңізден естиміз. Өмірлік тәжірибеңізден сүзілген асыл кеңестеріңіз, ғибратты әңгілемелеріңіз – рухымызға азық, жанымызға дәрумен. Әр сөзіңізді мұқият тыңдап, бойымызға сіңіріп, адамгершілік туын жоғары ұстаған ұрпақ болып өсудеміз.

Сіздің әрқашан тыным таппай еңбектеніп, әр істе қолғабыс көрсетіп, өзіңіз ауырып қалсаңыз да біздің саулығымызға алаңдап, бақытты өмір сүруіміз үшін бар күшіңізді сарп етуіңізден мейірім мен жанашырлықтың көркем үлгісін көреміз. Тәлім-тәрбиенің де терең тамыры осында болса керек.

Апа, берген батаңыз, айтқан ақылыңыз, көрсеткен қолдауыңыз үшін, басқа да айтып тауыса алмайтын жақсылықтар үшін алғыс айтамыз! Алла сізге денсаулық, бақыт, күш-қуат берсін! Балаларыңыз, немерелеріңіз бен шөберелеріңіздің ортасында әрдайым жүзіңізден шуақ шашырап, қызығына тоймай жүре беріңіз!