Get Mystery Box with random crypto!

45 градус: Қазақстанда аптап ыстық күтіледі. Алдағы үш тәулік | Жаңалықтар 🇰🇿

45 градус: Қазақстанда аптап ыстық күтіледі.

Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – найзағай, дауыл, желдің күшеюі, бұршақ жаууы мүмкін.

23-24 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында, 25 маусымда солтүстік, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.

23-24 маусым Атырау, Ақтөбе, Қостанай, 23-25 маусым Қарағанды облысында 40 градус, 24-25 маусым Қызылорда, Жамбыл облысының оңтүстігінде 43 градус, 25 маусым Түркістан облысының шөлді аудандарында өте қатты ыстық – 45 градус болады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар осында