Get Mystery Box with random crypto!

Теңіз шошқасын сойған биология пәнінің мұғалімі жұмыстан кетті | Жаңалықтар 🇰🇿

Теңіз шошқасын сойған биология пәнінің мұғалімі жұмыстан кетті – Алматы әкімдігі

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті мен білім басқармасының қызметкерлері жарияланған бейне бойынша мән-жайларды анықтау үшін Алматы қаласындағы жекеменшік мектептердің біріне барды

Бұл оқиға 17 ақпан күні 10-сыныбында биология пәнінің қосымша тәжірибелік сабағында болған.

Мұғалімнің айтуынша, оқушылар «анатомия және физиология» бөлімінде теңіз шошқасының ішкі мүшелерін көрсетуді сұраған.

Департамент пен білім басқармасының қызметкерлері бұдан былай мұндай оқиғаға жол бермеу бойынша ұстаздармен әңгімелесті. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігіне мектепішілік бақылау мен тәрбие жұмысын күшейту, табиғатқа аялап қарау және жануарларға қатыгездіктің алдын алу бойынша ұсыныстар берілді

Мұғалім өз еркімен жұмыстан шықты

@qaz365kz