Get Mystery Box with random crypto!

Жаттау қабілеті жайында Имам Бухари таң қалады екен, - Қалай | ұстаз Ерсін Әміре

Жаттау қабілеті жайында

Имам Бухари таң қалады екен,
- Қалай осы адамдар жаттаған нәрсесін ұмытып қалады. Жаттау қабілеті деген шкаф сияқты ғой. Бірнәрсені ішіне қоясың, керек кезде ашасың да, аласың.
Біз қазір қалай жаттайды, қалай ұмытпайды деп таң қаламыз.
Негізі, біздің қазіргі уақытта ұмытуымызға себеп болатын нәрселер көп. Мысалы, көшедегі ашық-шашық көріністердің барлығы жаттау қабілетіне әсер етеді. Сосын телефон, диктофонға арқа сүйеп отырамыз. Бұрынғы уақытта ондай болмаған. Сол үшін ол мұқият тыңдап отырады.
Жаттау қабілетін күшейтетін ең үлкен нәрсе - ол, жаттай беру. Сіз жаттаған сайын, жаттау қабілеті күшейеді. Одан шаршамайды, әлсіремейді.
Жаттау қабілеті, ол, кәдімгі күрек, кетпен сияқты нәрсе. Сіз онымен жер қазған сайын, жылтырайды, тазаланады. Ал, сіз оны қойып қойсаңыз, оны тат басады. Жаттау қабілеті де тура солай. Сіз оны қанша пайдалансаңыз, ол соншалықты мықты болады.
   Біз қазір барлық нәрсені телефонға сақтап қоямыз. Диктофонға сенеміз. Видеоға сенеміз. Сол үшін жаттау қабілетін пайдаланбаймыз. Пайдаланбағаннан кейін де, ол әлсірей береді.
Сол үшін де, Құран жаттаған кезде, басында қиналып жаттайды. Біраз паралардан өткеннен кейін, жаттау қабілеті күшейеді де,  сонымен көбірек Құран жаттай алатын болады.

@yersin_azkar