Get Mystery Box with random crypto!

Құран оқудың мөлшері туралы Сахаба, табиғиндердің Құранды бі | ұстаз Ерсін Әміре

Құран оқудың мөлшері туралы

Сахаба, табиғиндердің Құранды бір күнде, бір намазда толық оқып хатым еткені туралы хабарлар келеді. Ғұламаларымыз бұл оларға Алланың берген кәраматы дейді. Жай уақытта Құран оқитын болсаңыз, оны бір намазда, бір түнде бітіру өте қиын. Алла Тағала ол кісілердің уақытына сондай береке беріп қойған.

Біз қазір уақыттың берекесін сезінбейміз. Таң атып, күн батып жатыр. Алдыңғы ғалымдарымыздың жазған еңбектерін өміріне шаққанда күніне 9 беттен келген. Имам Науауи рахимаһуллаһ 45 жыл өмір сүрді. Бірақ артында қалған еңбектерін сол өмір жасына сыйғызу қиын. Алла сүйікті құлдарына сондай береке беріп қояды.

Адам күніне ең болмағанда 1 пара Құран оқуы керек. Намазда оқыңыз, жаттамаған сүрелерді кітапты ашып оқыңыз. Солай бір параға толықтырып оқуға тырысыңыз.

Ерсін ұстаздың дәрістерінен