Get Mystery Box with random crypto!

YerlanGo - 21 😊

Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊 Y
Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊
Арна мекенжайы: @yerlango
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 691
Арнадан сипаттама

Небір жебір бар © Зылиқа тәте

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-08-01 19:54:34 Көпшіліктің әңгімесін түсіну үшін машина жүргізіп үйрену керек екен, болмай бара жатыр. Автоқұмар ел екенімізді жан-тәніммен сезіп жүрмін, жұрт машина туралы бәрі білетін жайт деп ойлап айтатын мысалдар көбейіп кетті. Амал жоқ, оқу керек болды.

Бірақ, руль бұрап отырған адам мен атқа мінген адам маған бала кезден күлкілі көрінетін. Сондықтан үйренбеп едім. Бірақ машинасоққыр жұрттың әңгімесін түсінбесең аштан қататын сияқтысың біздің елде. Бүкіл категориясын оқып алмасам, жөндеуімен қосып. Әңгіме айтқанда көзін көкшитіп.
109 viewsYerlan Ospan, 16:54
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 17:25:20
Дыбыссыз бөлме. Тыныштығы сондай, адам бірер минуттан артық отыра алмайды-мыс. Себебі өзінің жүрек соғысын, өкпесінің көпіршіктерінің кеңейіп-сығымдалғанын, қан айналымын ести бастайды екен. Бұл дыбыстар әдеттегі ортада бөтен дыбыстарға алаңдағаннан естілмейді екен.
154 viewsYerlan Ospan, 14:25
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 17:23:03
Морис Тийе (оң жақта), Шрэктің прототипі.
146 viewsYerlan Ospan, 14:23
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 14:41:34
Фемилер білдірмей кек алып жатыр.
175 viewsYerlan Ospan, 11:41
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 06:02:20
Гаврила ағамның жаназасы дұрыс шықпай, жаны қыдырып жүр деген сыбыс бар...
63 viewsYerlan Ospan, 03:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 11:16:04
Антижарнама жарнама.
183 viewsYerlan Ospan, 08:16
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 10:58:07 - Қой, қарасора тал емес, өсімдік.

- Тал дедім ғой, тал! Жай, әкең мен ағаларың тал болуға жеткізбейді, содан көрмегенсің ғой.
179 viewsYerlan Ospan, 07:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 10:00:38 Басқа затын білмеймін, бірақ қытайдың сервомеханизмі (қозғалатын нәрселері) бар электроникасы өмірге қауіпті дер едім. Жақыннан таныссаң - шошисың.

Баяғыда оракал кесетін
ризограф алғанбыз. Соның адам түсінбейтін бір қылығы болды. Қараптан қарап тұрып, кескіші бар блогы оң жақта тұрса - сол жаққа, сол жақта тұрса - оң жаққа сарт етіп жылжушы еді. Сол кезде еңкейіп, бірдеңесін қарап жатсаң, басыңды жарады мысалы.

Сосын бір жылы Астанада дөңгелек геометриясын реттейтін жабдық алды жігіттер. Интерфейсі қытайша, ОЖ Windows 98 екен. Қытайша білетін жігітпен барып, тиын істегенбіз. Онда да сол: машина мінетін платформасы кенет гүрс етіп түсіп кетеді де, жайлап қалпына келеді. Аяғыңды не қолыңды тығып тұрсаң - мүгедек боласың.

Миллиард жарым халықты асырау керек дегенмен, осындайы жаман. Жобасы келсе деп ұра береді және версиядан версия шығара береді. ЖеңЖең электроникс дегенді сотқа бермек түгілі, интернет сайтын да таба алмассың. Айналайын Еуропа дейсің сосын.
184 viewsYerlan Ospan, 07:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 09:34:18
Қытайдың Weibo желісінде машиналарға қойылатын Driver Monitoring System (DMS) жүйесіне шағым көбейіп кетіпті. Жүргізушінің жай-күйін бақылап отыратын бұл жүйе қысықкөз адамды ұйықтап кетті деп "ойлап", жиі ағытылып қала береді екен.
178 viewsYerlan Ospan, 06:34
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 09:12:20 Саяси күресте шамалы болса да дипломатия керек шығар, иә? Кім билікте отырып, "ертең мен келсем - мыналардың бәрін дарға асамын, түрмеге жабамын!" дейтіндерге өз қолынан билік береді? Мен бермес едім мысалы: өлгім келмейд, түрмеге отырғым келмейд.
178 viewsYerlan Ospan, 06:12
Ашу / Түсініктеме