Get Mystery Box with random crypto!

Басқа затын білмеймін, бірақ қытайдың сервомеханизмі (қозғалат | YerlanGo - 21 😊

Басқа затын білмеймін, бірақ қытайдың сервомеханизмі (қозғалатын нәрселері) бар электроникасы өмірге қауіпті дер едім. Жақыннан таныссаң - шошисың.

Баяғыда оракал кесетін
ризограф алғанбыз. Соның адам түсінбейтін бір қылығы болды. Қараптан қарап тұрып, кескіші бар блогы оң жақта тұрса - сол жаққа, сол жақта тұрса - оң жаққа сарт етіп жылжушы еді. Сол кезде еңкейіп, бірдеңесін қарап жатсаң, басыңды жарады мысалы.

Сосын бір жылы Астанада дөңгелек геометриясын реттейтін жабдық алды жігіттер. Интерфейсі қытайша, ОЖ Windows 98 екен. Қытайша білетін жігітпен барып, тиын істегенбіз. Онда да сол: машина мінетін платформасы кенет гүрс етіп түсіп кетеді де, жайлап қалпына келеді. Аяғыңды не қолыңды тығып тұрсаң - мүгедек боласың.

Миллиард жарым халықты асырау керек дегенмен, осындайы жаман. Жобасы келсе деп ұра береді және версиядан версия шығара береді. ЖеңЖең электроникс дегенді сотқа бермек түгілі, интернет сайтын да таба алмассың. Айналайын Еуропа дейсің сосын.