Get Mystery Box with random crypto!

YerlanGo - 21 😊

Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊 Y
Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊
Арна мекенжайы: @yerlango
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 691
Арнадан сипаттама

Небір жебір бар © Зылиқа тәте

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 9

2022-07-22 21:20:42
Борисов. Аса интеллектуал мекеме "Роскосмостың" жаңа басшысы.
120 viewsYerlan Ospan, 18:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 18:06:15 #Пси

Қаланың ақсаусақ әйелдерінің қарбыз таңдағанын қарау азап.

Ентерлеттің қуыс-қолтығынан шатып-бұтып оқыған, бірақ жүйелі білім болып қалыптаспаған ондаған лайфхақтарға қарбыздың сәйкестігін тексере бастайды. Ол лайфхақтарды қайбір оңған адам жазды дейсің: біреуі - түбі сары болса піскені дейді; басқасы - түбі сары болса нағыз нитрат бомбасы, жолама дейді.

Сонша ентерлети білімінің арасында сәйкестік іздеп ойға шомып тұрып, қарбызды сүйрік саусақтарымен барабандатып тұрғанын өзі де байқамайды.

Ол саусақтарға қарап тұрған, енді, сатушының есі кетеді: жазғытұры тиын-тебен істейін деп, қалаға келгеніне тура екі ай болыпты. Бетінен қақса да арасында белін ұстатып мәз қылып қоятын құрбының бәрі ауылда қалды. Есін - қалалық келіншек қарбызына нитрат-тестер тығып алған кезде барып жияды:

- Анауың не бәле, айтсай?!

- Маааа, у-у-у-у-жасс, это же отрава! - дейді келіншек, зытып бара жатып.

- И кети шшсс, - деп күбірлейді сатушы, - мен ба кагбудты өсірген?

"Кагбудтыны" орнымен айттым ба екен деп ойлап қалады сосын...
99 viewsYerlan Ospan, 15:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 18:06:02
92 viewsYerlan Ospan, 15:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 16:54:58
Дүкенші келіншектің қайтарған ақшасы. Елу теңгеліктің бұл түрін бұрын көрмеппін.
13 viewsYerlan Ospan, 13:54
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 16:37:05
Беларусь тілін көргенде украин тілі нағашы әпшеңдей көрінер.
Әуезді тіл дегенмен, құлаққа жағымды.
44 viewsYerlan Ospan, 13:37
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 16:18:21 Фейсбукте, ютьюбте айнамен терістелген видеолар қаптап кетті, байқадыңыз ба? Лицензиядан құтылудың әдісі сияқты. Том мен Джерриді көріп отырып байқап қалдым.
63 viewsYerlan Ospan, 13:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 15:18:33
АМЕРИКА КОММУНИСТЕРДІ КЕМЕГЕ ТИЕП, РЕСЕЙГЕ ЖІБЕРГЕН

1917 жылғы Ресейдегі қазан төңкерісінен кейін Америкадағы коммунистер кәдімгідей серпіліп, елдің тұтастығына қауіп төндірген екен. Тіпті, 1919 жылы солшылдар мен анархистер 8 қалада бомба жарыпты(!), рас, адам шығыны болмаған. Сөйтіп, елде азаматтық соғыстың иісі шыға бастапты.

1919 жылдың 21 желтоқсанында тұтқындалған 249 радикал-коммунисті кемеге тиеп, Ресейге жіберіпті (Финляндия арқылы).

Басында керемет қарсы алған. Газеттер, тілегі бір бауырлардың қуанышты қауышуын қоймастан жазады. Сосын күйбең тірлік басталады. Кемемен келгендердің серкелері Алекс Беркман мен Эмма Гольдман өздері жырлап жүрген жаппай теңдіктің "кереметтерін" өз көзімен көреді. Елді аралап, "сондай жарқын идеяны сорлатқан" Ленин мен Троцкийге лағнет айтып, ақыры шетелге кетіп қалады.
Қалғандарының көбі 1939 жылға дейін атылып кетті.
168 viewsYerlan Ospan, 12:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 11:29:56 Информнапалм тергеуші журналистерінің пікірінше - әйгілі 1xBet букмекері Ресей ГРУ және ФСБ органдарымен бірге жұмыс істеуі мүмкін.
https://informnapalm.org/ua/1xbet-bude-otrymuvaty-pers-dani-ukrainciv/
28 viewsYerlan Ospan, 08:29
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 10:49:03
#Пси
Әйгілі пси-эксперимент есіме түсті. Шынымен, мына фотоларды боздақтар деп таратса, көзқарас та басқа болар еді. "Қасқайып тұр алтауы, айбынына сүйсіндім!" деп, ақын-жазушылар боз-боз жылап біраз жерге барып қалар еді.
83 viewsYerlan Ospan, 07:49
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 08:10:04
Қақалып қалдым құрысын
141 viewsYerlan Ospan, 05:10
Ашу / Түсініктеме